Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

10 Қазан 2018

БЕКЗАДА ӨНЕРДІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Көкпекті ауданында ұлттық спорт – көкпарды дамыту бағытында мақсатты жұмыстар іске асырылып жатыр. Көкжота ауылында ұлттық ат спорты мектебі құрылды. Көп жылдан бері шағын ауылдың жас шабандоздарын шынықтырып, аттарын баптап, аудан намысын облыста абыроймен қорғап жүрген ардагер көкпаршы Қанат Биқатов аталмыш мектептің тізгінін ұстады. Енді міне, аудан орталығында бекзада өнердің көкжиегін кеңейтетін тағы бір шара өткізілді. Жастар орталығының мұрындық болуымен 6 қазанда әр ауылдан жинақталған 5 құрама аудан әкімінің кубогын сапарқа салды.

Read more

АУЫЛҒА ОРАЛҒАН АЗАМАТ АТА КӘСІПТІ ДАМЫТПАҚ

Аудан әкімі Асхат Смаилов 4 қазан күні жұмыс сапарымен бірқатар елді мекендерді аралады. Үлгілімалшы ауылында білім ордасының жөндеу жұмыстарымен танысып, Қарағандыкөлде тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ, Тассай ауылдық округіне қарасты Кленжыра учаскесіндегі бөгеуге арнайы барып, көктемгі тасқынға дайындық барысын талқылады.
Үлгілімалшы ауылындағы Абай орта мектебінің шатырын ауыстыру жұмыстары қыркүйек айында басталған. Бұл мақсатта 87 миллион теңге қаражат қарастырылып отыр. Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 15 желтоқсанға дейін аяқталуға тиіс. Аудан әкімі Асхат Смаилов жөндеу жұмыстарының барысын көзімен көріп, мердігер ұйым өкілімен кездесті. Асхат Сайдахметұлы жұмыстың сапалы жүргізілуін әрі уақытылы аяқталуын талап етті. Ауылдық округ әкімі Мерей Смағұловқа құрылыс барысын үнемі қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз