12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Алаш баласы сан ғасыр аңсап күткен азат күн осыдан 28 жыл бұрын ғана маңдайымызға бұйырды десек, оны бізге Тәңірдің өзі сыйға тартқан дейтініміз анық. Дегенмен Жаратқанның рахым-шапағатына бөленуге тарыдай шашылған қазақ ұлты небір нәубетті де, небір қан төгіс, ашаршылықты да басынан өткеріп, сынақ біткенді қайыспай көтеріп жеткен жоқ па?! Боздақтардың қанына бөктерілген бозаң дала өз қасіретін тіл қатпастан қара жердің қойнауына жасыра қалғандай. Сол қасіреттердің соңғысы да ел азаттығы жолында 1986 жылдың желтоқсаны өрелі ұл, өрімдей қыздың өмірін ызғарлана кеп жұтып әкеткені еді ғой. Естігенді есінен тандыратын бұл оқиға қан майданның қақ ортасында жүрген азаматтардың жүрек түкпірінде сақталып қалғаны анық. Ендеше, бүгінгі күні ортамызда жүрген Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі Бақыткамал Жексенбайқызынан өз естелігімен бөлісуді сұраған едік. Назарларыңызға ұсынсақ.
Толығырақ...16 желтоқсанда аталып өтілетін Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің ең басты мемлекеттік мерекесі, ұлттың ұлы күні. Бұл – еліміздің ұлттық тарихындағы айрықша тарихи дата. Еліміз Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басқан биылғы жыл – жаңа дәуірдің басы.
Толығырақ...Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен ұлыстың ордасы Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Жастар жылына орай Облыстық «Алтайым –алтын бесігім» атты айтыс өткізілген болатын.
Айтыс өнерін шежірелі Шыңғыстау мен қасиетті Қалбада, тағылымды Тарғыбатайда өр рухпен асқақтатып жүрген ақындар - Қуаныш Еркінұлы, Аян Қалымбек, Жұлдызай Маратбекқызы – өнегелі Өскемен қаласынан, Қабдолла Бейісханұлы, Серік Қуанған, Манарбек Сатыпалды - сәнді де әнді Семейден, Айшолпан Тілеутай - махаббат мекені Аягөзден, Дәурен Сембай – арайлы Ақсуаттан, Ардабек Ақбаба – қоңыраулы көлі бар Зайсан қаласынан болса, көркейген Көкпектісін көркем сөзбен әспеттеп, Қарабұжыр Қалбасын жүрегінің шұғыласына бөлеп, ақ Самарын сырлы әуенге қосып Фархат Маратұлы - Көкпекті ауданынан қатысты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.