Салық күнтізбесі

Салық күнтізбесі

5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

  • Салық күнтізбесі

    Салық күнтізбесі

    28.11.2024 17:17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 15:11
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң

    28.11.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Алаш баласы сан ғасыр аңсап күткен азат күн осыдан 28 жыл бұрын ғана маңдайымызға бұйырды десек, оны бізге Тәңірдің өзі сыйға тартқан дейтініміз анық. Дегенмен Жаратқанның рахым-шапағатына бөленуге тарыдай шашылған қазақ ұлты небір нәубетті де, небір қан төгіс, ашаршылықты да басынан өткеріп, сынақ біткенді қайыспай көтеріп жеткен жоқ па?! Боздақтардың қанына бөктерілген бозаң дала өз қасіретін тіл қатпастан қара жердің қойнауына жасыра қалғандай. Сол қасіреттердің соңғысы да ел азаттығы жолында 1986 жылдың желтоқсаны өрелі ұл, өрімдей қыздың өмірін ызғарлана кеп жұтып әкеткені еді ғой. Естігенді есінен тандыратын бұл оқиға қан майданның қақ ортасында жүрген азаматтардың жүрек түкпірінде сақталып қалғаны анық. Ендеше, бүгінгі күні ортамызда жүрген Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі Бақыткамал Жексенбайқызынан өз естелігімен бөлісуді сұраған едік. Назарларыңызға ұсынсақ. 

 

Габдуллина Бақыткамал Жексенбайқызы – Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ұлағатты ұстаз.
- 1986 жылы мен Алматы шет тілдер интитутында оқитынмын. Оқу орнының жатақханасында тұрамын. Желтоқсанның 16-нан бір-екі күн бұрын Алматыда Қонаевты орынан алып, басшылыққа Колбиннің келетіні туралы сөздер тарап, барлық абыр-сабыр осыдан басталған болатын. Ел қарсылығы күннен күнге өрши түсті. Институт алдына ел билігіндегі өзгерістерді қолдамайтындарды қарсы-лық шерулеріне шақыратын плакаттар іліне бастады. Бірақ мен оған соншалықты мән бере қойған жоқпын. Содан 16 желтоқсан күні құрбым екеуіміз дүкен аралауға шығып, Абай даңғылымен жоғары көтеріліп бара жатқанда Бреженов алаңында көп адамдардың жиналғанын көрдік. Содан біз де алаңға қарай жылжып, сол топтың арасына кіріп кеттік. Ымырт үйіріле бастаған кезі еді, жанып жатқан көліктер, халық айғай-шу, сондағы солдаттарға тас лақтырып жатыр. Біз де тас лақтыруға кірісіп кеттік. Бұл әрекеттердің мақсатын жете түсінбесек те ел не істеді, соны біз де жарысып жасап жатырмыз. Бір уақытта микрофоннан қатты дауыспен: «Жастар, қайтыңыздар! Ешқандай бұзақылық болмасын. Қатаң жаза қолданамыз! Қайтыңыздар!» деген хабарламалар жасалса да, оған ешкім құлақ аспады. Көп күттірмей-ақ қасымызға жетіп келген өрт сөндіру көлігі үстімізге қарай атқылатып су шаша бастады. Абай даңғылының бойынан ағылған жастарды малмандай суға бөктеріп көлік соңынан қалмады. Артынан қалқан киіп қаруланып алған сарбаздар келіп жастарды қуа бастады. Тобыр астында қалған жанды мыжып өте шығатын екпін көрген адамның зәресін алатындай қаһарлы еді. Бәріміз жан ұшырып қаша жөнелдік. Біз жатақханамызға оралғанда бар оқиғаның шиеленісі екі-үш күннен кейін болатынын сезбеген де едік. 17-сы күні кезекшілікте отырған кезім еді, институтымызға кезекшілер қаптап кетті. Сыртқа да шығармады. Группамыздан да сол оқиғаға қатысқан жастардың бәрін жиналысқа салып, қатаң сөгіс беріп, жазалады. Жатақханаға келген екі-үш азамат чемодандарын алып, студенттердің суреттерін шығарып, «Мынаны танисың ба, ананы танисың ба?» деп сұрағанда барып, бәрімізді сыртымыздан суретке түсіріп алғандарын бір-ақ білдік. Одан кейін белсенді жастардың бәрін жинап, госпиталға апарып, жаралы солдаттарды көрсетті. Біздің ойымыз екіге бөлінді. Кінәсіз солдаттарға тас лақтырғанымыз үшін өкінгеніміз де рас. Біз ол оқиғадан тірі қалдық, тәубе, бүгінгідей бақытты күнді көріп отырмыз. Дегенмен, азаттық деп қыршын кеткен жастардың жасаған ерлігін ұмытпауымыз керек деп есептеймін. Сондықтан, бүгінгі ұрпаққа айтарым: айналайын, қазақ дейтін қайсар ұлттың ұл-қызы, сіздердің дәл қазіргідей киер киім, ішер астан тарықпайтын бейбіт өмірлеріңіз талай боздақтың қан мен тері арқылы келгенін әрдайым есте сақтап, береке-бірлік, азаттық деген қастерлі ұғымдарды белгісіз мүдделердің құрбанына айналдырып алмаудың қамын жасасаңыздар екен. Ал бұл күн тек Тәуелсіздік күні деп бір күндік мерекелі шаралармен ғана атап өтілмей, сол азаттық жолында қыршын кеткен азаматтарды еске алуға арналып, Желтоқсан оқиғасына 35 жыл, одан ары 40, 50 жыл толуы республика, әлем көлемінде аталып өтілсе деген тілегім де бар. Ол әрине, болашақ ұрпақтың еншісінде. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, отандастарым!
Біз де өз кезегімізде ақ тілегіңіз қабыл болсын дей келе, Бақыткамал Жексенбайқызына ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз! Бейбіт күннің батырларын тәрбиелеп жүре беріңіз!
Камет Мейіргүл

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз