5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен ұлыстың ордасы Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Жастар жылына орай Облыстық «Алтайым –алтын бесігім» атты айтыс өткізілген болатын.
Айтыс өнерін шежірелі Шыңғыстау мен қасиетті Қалбада, тағылымды Тарғыбатайда өр рухпен асқақтатып жүрген ақындар - Қуаныш Еркінұлы, Аян Қалымбек, Жұлдызай Маратбекқызы – өнегелі Өскемен қаласынан, Қабдолла Бейісханұлы, Серік Қуанған, Манарбек Сатыпалды - сәнді де әнді Семейден, Айшолпан Тілеутай - махаббат мекені Аягөзден, Дәурен Сембай – арайлы Ақсуаттан, Ардабек Ақбаба – қоңыраулы көлі бар Зайсан қаласынан болса, көркейген Көкпектісін көркем сөзбен әспеттеп, Қарабұжыр Қалбасын жүрегінің шұғыласына бөлеп, ақ Самарын сырлы әуенге қосып Фархат Маратұлы - Көкпекті ауданынан қатысты.
Толығырақ...29 ноября, в преддверии празднования Дня Первого Президента Республики Казахстан, в средней школе имени Ж.Чайнжунусова села Кокпекты состоялся торжественный прием в ряды республиканского общественного объединения единой детской организации «Жас қыран».
Целью объединения является воспитание подрастающего поколения патриотами Родины на основе любви и преданности казахстанскому народу, культуре, традициям, на основе толерантности и миротворчества, неустанного стремления к знаниям, самосовершенствованию, гармонии жизни с высоким чувством ответственности и сопричастности к истории Отечества, настоящему и будущему Независимого Казахстана.
Толығырақ...Қалбатауды жайлаған ел әлмисақтан мәрттігімен, ерлігімен, бір ауыз сөзге тоқтар, уәдесін бұзбас серілігімен белгілі болған. Тіпті ел мен ел жауласқан жаугершілік заманында айтқан серттен қайтпай, берген уағдаларын берік ұстанған. Қазақ-қалмақ арасындағы кантөгіс қырғын болар бір ұрыста екі жақ шеп құрысып, майданға тұрады. Әскердің дені өрімдей жастар, енді бұларды біріне-бірін қырғызса, ертең ұрпақ та қалмауы мүмкін. Тақ осы кезде, екі жақтың сардарлары келіссөз жүргізе келіп: «Кімде кімнің сарбазы, анау Қалбатаудың биігіне түйетасты бірінші болып көтеріп шықса, қантөгісті тоқтатып, бейбіт жолмен келісімге келейік» десіпті. Сондағы қазақ-қалмақтың арасынан шыққан қос палуанның ішінен Көкжал Барақ батыр түйетасты Қалбаның шыңына бірінші болып көтеріп апарыпты. Қазақ-қалмақ әскері соғысты тоқтатып, күш атасын мойындап мәмлеге келген екен.
Міне Қалбатауының қабыландары білек күшімен атам заманынынан қарсыластарын мойындатқан. Осы дәстүрді қайта тудырып, Қазақстанға әкелген әлемге әйгілі армрестлингші, гір спортының әлемдік тұлғасы – Мұхамедолла Сағидоллаұлы Ағзамов.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.