Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
В Кокпектинском районе состоялась встреча депутата Парламента Мажилиса Республики Казахстан Нуртая Салихулы Сабильянова с избирателями. Председатель комитета по экономической реформе и региональному развитию в доверительной форме провел беседу с участниками встречи, рассказал о законотворческой деятельности Мажилиса, дал разъяснения об особенностях Закона «О статусе педагога», программе «Ауыл - ел бесігі», о возможностях проекта «Ел үміті».
Толығырақ...Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильяновтың сайлаушылармен кездесулері өтті. Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы кездесуге келген сайлаушыларға Парламент Мәжілісінің заң шығарудағы қызметі туралы айта келіп, "Педагог мәртебесі туралы" Заңының ерекшеліктері, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасының және «Ел үміті» жобасының мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, тұрғындармен емен-жарқын тікелей сұхбат құрды.
Толығырақ...2019 жылы Көкпекті ауданы әкімдігінің жұмысы экономикалық даму қарқынын қамтамасыз етуге, сондай-ақ орнықты әлеуметтік кепілді құруға бағытталды. Өткен жылда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оңды серпіні байқалады.
Аудан кірістері
Материалдық өндіріс саласын дамыту бюджетке тұрақты салықтық және басқа да міндеттемелер түсімдерін қамтамасыз етеді, оның қаржылық базасын нығайтады. 2020 жылдың 1 қаңтары жағдайына аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспардан 100,2% орындалып, 9329,9 млн. теңге түсім түсті, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы өсу қарқыны 143,6%. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 98,7 пайыз орындалды.
2020 жылдың 1 қаңтары жағдайына ауданның меншікті кірістері бойынша жоспар 101,4% орындалды, былтырғы жылдың ұқсас кезеңінен 116,1% өсу қарқынымен 1181,3 млн. теңге түсім түсті.
Аудан бюджеті әлеуметтік бағыттылыққа ие. Бюджеттің негізгі үлесі білім беру саласына – 41,1%, әлеуметтік қорғау саласына – 8,4%, мәдениет саласына – 2,4% бағытталған.
Өнеркәсіп
2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайына ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары өндірген тауарлық өнімінің көлемі 3570,0 млн. теңгені құрады немесе өсу қарқыны 2018 жылдың ұқсас деңгейіне 100,4%, нақты көлем индексі 143,3% құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы ең үлкен үлесті өңдеу өнеркәсібі алады - 49,6%, тау-кен өндірісінің үлесі - 43,9%, электр қуатын, газды және суды өндіру және бөлу - 5,1%, суды жинау, өңдеу және бөлу - 1,4%.
Аудан аумағында тау-кен өндірісінде металл кенін өндірумен (ильменит концентраты өндірісі) айналысатын «Сәтпаев тау-кен байыту кәсіпорны» ЖШС-і бар.
Өңдеу өнеркәсібін балықты өңдеумен және сақтаумен (филе, сүйек ұны) айналысатын «Рыбпром» ЖШС ұсынады. 2019 жылы өнім 897,0 млн. теңгені құрады немесе 2018 жылға 88,1%.
Ауыл шаруашылығы
2019 жылдың 1 желтоқсанына ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі салыстырмалы бағаларда - 34443,0 млн. теңгені немесе өсу қарқыны 119,7 % құрады. Жалпы көлемдегі мал шаруашылығы өнімінің үлесі - 52,7 %, өсімдік шаруашылығы - 47,3% құрайды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.