5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен ұлыстың ордасы Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Жастар жылына орай Облыстық «Алтайым –алтын бесігім» атты айтыс өткізілген болатын.
Айтыс өнерін шежірелі Шыңғыстау мен қасиетті Қалбада, тағылымды Тарғыбатайда өр рухпен асқақтатып жүрген ақындар - Қуаныш Еркінұлы, Аян Қалымбек, Жұлдызай Маратбекқызы – өнегелі Өскемен қаласынан, Қабдолла Бейісханұлы, Серік Қуанған, Манарбек Сатыпалды - сәнді де әнді Семейден, Айшолпан Тілеутай - махаббат мекені Аягөзден, Дәурен Сембай – арайлы Ақсуаттан, Ардабек Ақбаба – қоңыраулы көлі бар Зайсан қаласынан болса, көркейген Көкпектісін көркем сөзбен әспеттеп, Қарабұжыр Қалбасын жүрегінің шұғыласына бөлеп, ақ Самарын сырлы әуенге қосып Фархат Маратұлы - Көкпекті ауданынан қатысты.
Әділқазылар алқасының төрағасы Серік Құсанбаев, мүшелері Бақытжан Раисова, айтыс-кер ақын Аслан Ғафуров, Өскемен қаласы жас ақындар мектебінің жетекшісі Гүлнұр Зұлқаршын, жазба ақын Әскерхан Қуанбай, айтыскер ақын Құралай Камалиева, «Ертіс концерт» мекемесі мәдени іс-шара ұйымдастыру бөлімінің басшысы Гүлнар Бектұрғанова әділ бағаларын беріп, айтысты қорытындылады.
Қорытынды бойынша Зайсан қаласынан келген Ардабек Ақбаба бас жүлдені иеленді. І орынды айтыскер ақын Дәурен Сембай талассыз алса, ІІ жүлделі орын Айшолпан Тілеутай және Фархат Маратұлына лайықталды, ІІІ орын жүлдесі Аян Қалымбек пен Қуаныш Еркінұлына берілді.
Қалихан атасының жолын салып жүрген Фархат Маратұлы жыр сайыстарына жалғыз шығып жүрген жоқ. Көкпекті ауданында өзіндік мектеп қалыптастырып келеді. Осы айтысқа Өскемен қаласы атынан шыққан Аян Қалымбек көкпаршылар ауылы Көкжотадан. Шығыс түнін Шырыннның махаббатына бөлеген Фархаттай болса, Қалба көгінде де айтыстың жарық жұлдызы жалғыз жарқырамай маңғаз ақын Манарбек, азулы ақын Қылышбек, дауылпаз ақын Дархан, мағыналы сөзді Мұратқазы, жалынды жас Жасұлан, аянбай соғар Аян болып ақындар планетасына айналары сөзсіз. Заманында Сұртай ақын, кезінде Омар мен Кәрібай, одан бері Салық пен Жұмағұл, Опан қыз бен Нұржамал, Рысхан апа Мусағитова салған жолдарды ардақты Қалекең бүгінгі ұрпаққа аманат еткенде Фархаттай жасқа кәміл сенген. Сол сенімнің ұшкыны айтыстың алауындай лауласын, өртіндей қауласын. Көкпекті елін, Көкпекті жерін жарқыратып, жан дүниемізді жылыта берсін! Фархат жыры тынбасын, шарықтасын!
Қайрат БЕСБАЙЫС
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.