Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 наурыз күні Көкжайық ауылында аудандық Жастар орталығының ұйымдастыруымен жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Поэзияны жанына серік еткен барлық үміткерлер бақ сынаған мүшәйра жаңа есімдерді ашып берді. Әдебиет әлеміне нық қадам басқан жасөспірім таланттардың дарыны мен қарқынын көріп сүйсіндік.


Жыр додасының мақсаты тәуелсіз еліміздің тарихын, бүгінгі мен болашағын жырға қосу, тіл байлығын, көркемдігін өлең-жыр арқылы көрсете білу. Жас ақындардың шеберлігін шыңдап, Отанымыздың тарихын, тілін, дінін, елін, жерін қадірлеуге шақыру мақсатын көздеген шара үдеден шықты. Ақындар мүшәйрасы ауданымыздың қабілетті, талабы бар жастарын, сонымен қатар танымал ақындарды қатыстыра отырып, олардың шығармашылығын одан әрі дамыту, ынталандыру және арасынан ең шебер поэзия зергерін анықтау үшін де маңызды.
Мүшәйрада ауылдық округтерден келген 14 жас ақындар бақ сынады. Жастар арасында өткен ақындар мүшәйрасында өздерінің өлеңге деген құштарлықтарын, өз шығармашылығымен керемет жеткізе білген жастар бірінен-бірі қалыспай, өте жоғарғы деңгейдегі белсенділікпен қатысты.
Сайыста елінің еркіндігін жырлап, тәуелсіз Қазақстан тари-хындағы толағай табыстарды жырлайтын өлеңдер сарапқа салынды. Байқаудың бірінші кезеңінде ақындар Қазақстанның тарихына, тілі мен мәдениетіне арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермен қауымды жырмен сусындатты. Екінші кезең мемлекеттің тілдің мәртебесін асқақтатуға арналса, соңғы кезеңде берілген тақырыпқа өлең жазу шеберлігі сыналды.
Әділқазылар алқасынң шешімімен сайыстың қорытындысы бойынша, 3 орынды Еркетаң Маратова олжалады , 2 орынға Айдана Ерғазықызы жайғасты, 1 орынға Досбол Алпысбаев лайықты деп танылса, бас жүлдені Теректі ауылының жас дарыны Жанар Арайман иеленді.
Жас ақындардың алдағы жоспарлары да ауқымды. Рес-публикалық деңгейдегі сайыстарда өңірдің намысын қорғап, отаншылдық сипаттағы өлеңдермен халықты сусындатсақ деген арман-тілектері бар.
Көкжайық ауылындағы шаралар бұл күні мəдениет үйінде аудандық жайдарман ойындарының 1/4 финалдық жарысына ұласты. Биылғы маусымды жалпы аудан бойынша 14 құрама бастап, бүгінгі күні 6 құрама финалдық ойынға жолдама алды. Тартысты өткен сайыста финалға жолдаманы Үлгілімалшы ауылының «Серілері», Шұғылбай ауылының құрамасы, Ажа құрамасы, Биғаш ауылының құрамасы, Тассай жəне Көкжайық ауылының құрамалары иеленді.
- «Жайдарман» ойындары жастардың тұлға ретінде дамуына, тапқырлығын, талантын ашуға ықпалы зор. Осы ретте жастардың құлшынысын қолдап, көптің көзайымына айналған ойынды ары қарай дамыта беру маңызды. Бүгінде Жастар орталығы көңілді тапқырлар ойынын жүйелі өткізуді қолға алды. «Мақсат − жас ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізіп, ой-өрісін кеңейту», - дейді Жас-тар орталығының директоры Азамат Халық.
Қоғамымызда болып жатқан көптеген оқиғаларды сын арқылы, оның ішінде әзіл-күлкі арқылы жеткізу - жайдарманның негізгі мақсаты. Оның ішінде, ең бірінішіден, шығармашылық жастарға қолдау көрсете отырып, олардың тұлға ретінде дамуына үлес қосатын бірден-бір шаралардың бірі.
Жайдарманның ойындарын тамашалуға жиналған Көкжайық тұрғындарының қарасы мол болды. Әзіл-шыны аралас тақырыптар арасында көбінесе қоғамдық мәселелер көтерілді. Ауылдағы өмір мен қазақы ырымдар, түрлі әзіл мен әжуа айтылды. Әзілқойлардың бұл жолғы кездесуі де әр команданың өзіндік ерекшелігі мен стилін танытты. Ойын барысында командалар бір-бірінен аспаса кем түспеді. Жайдарманшылар халықты қыран-топан күлкіге бөледі.
Астарлы әзіл, заманға лайықты талғам көрсеткен жайдарманшылардың ойыны көрерменнің көңілінен шықты. Көрермен құрмет-қошемет түрінде толассыз қол шапалақтады. Әсіресе, Үлгілімалшы және Биғаш ауылдарынан келген құрамалардың әзілдері ерекше әсер қалдырды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз