Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
МАРИНОГОРКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Мариногорка, Жұмба және Мойылды ауылдарында ағымдағы жылы шілде айының он төртінде «Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болар» атты сенбілік күні өтті. Сол күні Мариногорка ауылдық округінің тас жолдарының ойылған шұңқырлары тасқұмдармен бітелді. Атқарылған іс-шараға Мариногорка ауылы-ның көлік жүргізушілері көмекке шығып, жергілікті шаруа қожалықтары «Мәмбет», «Порохов», «Жеңіс», «Искра», «Қашырбаев», «Қадырқанұлы», «Дундуков» шаруа қожалықтары өз техникаларымен жол жөндеуге белсене атсалысқан. Ал, «Дюсюпов» шаруа қожалығы Жұмба мен Мариногрка аралығындағы 21 шақырымдық тас жолды тасқұмдармен тегістеген. Аталмыш іс шараға «Бір жағадан – бас, бір жеңнен - қол шығарып» аянбай көмектерін көрсеткендері үшін шаруа қожалық басшыларына және көлік жүргізушілеріне ауылдық округінің әкімдігі - Осындай еліміздің патриот азаматтары көбейе берсін! – деп алғыстарын білдірді.
БАСТАУШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Бастаушы ауылдық округінің аумағында апатты жағдайда тұрған Абай атындағы орта мектептің мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Бюджеттен бөлінген қаражатты тендер бойынша ұтып алған «Бизнес Экспресс Строй» ЖШС 132 орындық жаңа мектеп салу жұмыстарын атқарады. Жақында мектептің іргетасын қалау жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, ауылдық округте көше жарықтандыру бойынша жұмыстар атқарылып, жақында Абай және Новостройка көшелері жарықтандырылған.
БИҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Биғаш ауылында ауылдық округ әкімі Рауия Алпысбайқызының басшылығымен балаларға арналған спорттық алаң салынып, құрылыс жұмыстары аяқталды. Шағын футбол алаңын салуға 200 мыңға жуық қаражат жұмсалған. Бүгінгі күні ауыл жасөспірімдері жаңа шағын алаңда доп қуып, футбол ойнауда. Алдағы уақытта аталған алаңға волейбол және баскетбол ойнауға арналған құрал жабдықтар орнатылатын болады. Оған қажетті волейбол торы мен баскетбол шеңбері дайын.
КӨКЖАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Көкжайық ауылдық округіне қарасты Ақой ауылындағы 3,5 шақырымнан астам жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Рустам» шаруа қожалығының басшысы К.Дюсенбаев пен ауылдық округ әкімі 15 млн. теңге қаражаттық меморандумға қол қойған. Сонымен қатар «Рустам» шаруа қожалығы мұғалімдер көмегімен жаңартылған ескерткішті қоршаулармен қоршап, балалар алаңын жасауды жоспарлап отыр. Одан кейін тұрғындар игілігіне қатымхана салынатын болады. Қатымхана салуға басқы кезде кедергі болған жол мәселесі бүгінгі күні шешімін тапқан.
Дайындаған: Жанерке АБЫЛХАН
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын аппараттық кеңес өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме және ұйым басшылары, салалық қызмет өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында жаңа тағайындалған аудан әкімі Әділет Қожанбаев барлық сала басшыларымен жеке танысып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс бағыты мен жоспарларды талқылады.
- Қойнауына құт қонған, әр тасына тарих бейнеленген Көкпекті ауданына басшылық ету мен үшін зор жауапкершілік. Киелі Көкпекті топырағы мен үшін бөтен емес - кіндік қаным тамған қасиетті туған жер, алтын бесігім. Алдағы уақытта сіздермен етене жақын танысып, көнегөз қарияларымыз, алтын құрсақ аналарымызбен ақылдасып, бірге жұмыс істейміз деп сенемін. Бірінші кезекте халықтың әл-ауқаты жақсарғаны біз үшін аса маңызды. Алда үлкен міндеттер тұр. Баршаңызды туған жерімізді көркейту жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын, - деді Әділет Нұрсағатұлы.
Аудан басшысы ең өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрғын үй коммуналды шаруашылығы және құрылыс салаларының жұмысын жүйелеу екенін атап өтті.
Дархан БЕРДІБЕК
Аудан әкімі Раджан Сейтқанов «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарының жеке мәселелері бо-йынша мұң-мұқтажы мен өтініш-тілектерін тыңдады. Партия ғимаратындағы қоғамдық қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары және тиісті ауылдық округ әкімдері қатысып отырды.
Аудан басшысының қабылдауына алдын ала жазылу ретімен барлығы 7 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені жер телімін алу мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жұмысқа орналастыру, жеке кәсібін жүргізуге қолдау жасау, Семей-Көкпекті бағытындағы қоғамдық көлік қатынасын реттеу сынды сұрақтармен жүгінді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.