Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
15 января в селе Тассай состоялось расширенное заседание по вопросу кооперации и кредитования рыбной промышленности в Кокпектинском районе, на основании протокольного поручения акима области Д.Ахметова о развитии рыбного хозяйства.
На данной встрече присутствовали: аким района Р.Сагандыков, руководитель областного управления сельского хозяйства И.Миронов, руководитель управления природных ресурсов и регулирования природопользования М.Кусаинов, директор ТОО «Алтайский филиал КАЗНИИРХ» С.Ануарбеков, директора Палаты предпринимателей ВКО И.Шацкий, районного филиала ПП А.Мукашева, заместители акима района, акимы Тассайского и Ульгулималшинского сельских округов, представители предприятий, занимающихся ловлей и переработкой рыбы.
В своем выступлении руководитель управления природных ресурсов и регулирования природопользования М.Кусайнов обозначил основные аспекты повестки дня : создание кооперации рыболовов, открытие ИП, вытекающих из протокольного поручения акима области Д.Ахметова по законному отлову и переработки рыбы на местах. - Государство готово оказать содействие во всем, открытие ИП, объединение в кооперации, консорциумы, а также помочь участникам консорциумов участвовать в конкурсах на участки по ловле рыбы. Это на сегодняшний день основной вопрос. Для хранения рыбы нужны холодильники, катера и лодки, для это нужно легализовать те лодки и катера, что у вас есть. Рыболовство в этом году будет кредитоваться по государственной программе также, как и в 2015 году кредитовалось молочное направление, оператором выступает Центр занятости.
Жер жүзінің мұсылмандары асыға күтіп, бір ай бойына тойланатын ерекше мереке – Мәуліт тойы, міне киелі Көкпекті топырағына да келіп жетті. 21 қаңтар күні Көкпекті ауылының Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Адамзаттың ардақтысы» атты мәуліт мерекесі болып өтті.Мәулітке арналған салтанатты жиын Өскемен қаласындағы «Алтай» ер балалар медресесінен келген Руслан ұстаздың Құран аятын оқуымен басталды. Одан әрі аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Беспаев сөз алып: «Қазіргі уақытта Ислам дініне қарсы шығып, соғыс зардаптарын көріп отырғандар аз емес. Мұндай жағдайды біздің халықтың басына бермесін. Сондықтан, дәстүрлі дінімізге бет бұрайық! Жүздеріне қуаныш, жүректеріне иман ұялаған қадірменді ағайын, Мәуліт мүбәрәк болсын», - деп құттықтау лебізін білдірді.
Аудан әкімінің есеп беру кездесулері басталды. 19 қаңтарда аудан басшысы Рамиль Сағандықов Үлкенбөкен және Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша ел алдында есеп берді. Төрт жүз тоқсан алты шаңырақ түтін түтетіп отырған Үлкенбөкен округінің ғасырдан астам тарихы бар. «Елу жылда - ел жаңа» демекші, бүгінде ауылдың ажары айшықталып, келбеті күн санап көріктеніп келеді. Жолдар асфальтталып, көшелер жарықтандырылған. Көп ұлтты қоныстың тыныс-тіршілігі де өзгеше. Негізінен ауыл халқы мал және егін шаруашылығына ден қойған. Мектеп қабырғасында өткен есептік кездесуге көптеп жиылған үлкенбөкендіктердің туған ауылдың тағдырына деген үлкен жауапкершіліктері мен азаматтық ұстанымы жарқын жүздерінен байқалып-ақ тұр.
Жансары, Ақтас, Үлкенбөкен ауылдары құрайтын ауылдық округте бүгінгі күні 1742 адам тұрады. Қашан да береке бірлігімен ерекшеленіп, татулығымен талайды тамсандырған ауылдың басты байлығы да осы. Бұл - ұлты мен ұлысына бөлінбей, маңдай термен келетін табысты бағалай білетін қарапайым еңбек адамдары.
- 2015 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімдері бойынша өсім көрсеткішіне қол жеткізілді. Бүгінгі күні округтегі жеке меншікте және шаруа қожалықтарында 3853 бас ірі қара, 801 жылқы, 3668 бас ұсақ мал бар. Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр. Биылдың өзінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдараласы бойынша ағаш кесу цехы мен брусчатка шығару құрылғысы іске қосылды. Шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, ауыл азаматтары қашан да бастамаларға қолдау көрсетіп, туған ауылдың тұрмысын түзеуге атсалысып келеді, - деді округ әкімі Нұрлан Назарханов.
Өткен жылғы іргелі істерді жеткізген ауыл әкімінен соң, учаскелік полиция инспекторы да ел алдына шықты. Биылғы есепті кездесулердің ерекшелігі де осы. Әр ауылдағы тәртіп сақшысы елмен етене болуы үшін жылдық жұмысын қорытындылап отыруы тиіс. Учаскелік инспектор Қанат Бітімбаев дерегіне сүйенер болсақ, былтырғы жылы округте тіркелген қылмыс саны 5 фактіге артқан. Бұл әлі де қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмысты жандандыра түсу керектігін көрсетсе керек.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.