Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Аудан әкімінің есеп беру кездесулері басталды. 19 қаңтарда аудан басшысы Рамиль Сағандықов Үлкенбөкен және Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша ел алдында есеп берді.
Төрт жүз тоқсан алты шаңырақ түтін түтетіп отырған Үлкенбөкен округінің ғасырдан астам тарихы бар. «Елу жылда - ел жаңа» демекші, бүгінде ауылдың ажары айшықталып, келбеті күн санап көріктеніп келеді. Жолдар асфальтталып, көшелер жарықтандырылған. Көп ұлтты қоныстың тыныс-тіршілігі де өзгеше. Негізінен ауыл халқы мал және егін шаруашылығына ден қойған. Мектеп қабырғасында өткен есептік кездесуге көптеп жиылған үлкенбөкендіктердің туған ауылдың тағдырына деген үлкен жауапкершіліктері мен азаматтық ұстанымы жарқын жүздерінен байқалып-ақ тұр.
Жансары, Ақтас, Үлкенбөкен ауылдары құрайтын ауылдық округте бүгінгі күні 1742 адам тұрады. Қашан да береке бірлігімен ерекшеленіп, татулығымен талайды тамсандырған ауылдың басты байлығы да осы. Бұл - ұлты мен ұлысына бөлінбей, маңдай термен келетін табысты бағалай білетін қарапайым еңбек адамдары.
- 2015 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімдері бойынша өсім көрсеткішіне қол жеткізілді. Бүгінгі күні округтегі жеке меншікте және шаруа қожалықтарында 3853 бас ірі қара, 801 жылқы, 3668 бас ұсақ мал бар. Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр. Биылдың өзінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдараласы бойынша ағаш кесу цехы мен брусчатка шығару құрылғысы іске қосылды. Шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, ауыл азаматтары қашан да бастамаларға қолдау көрсетіп, туған ауылдың тұрмысын түзеуге атсалысып келеді, - деді округ әкімі Нұрлан Назарханов.
Өткен жылғы іргелі істерді жеткізген ауыл әкімінен соң, учаскелік полиция инспекторы да ел алдына шықты. Биылғы есепті кездесулердің ерекшелігі де осы. Әр ауылдағы тәртіп сақшысы елмен етене болуы үшін жылдық жұмысын қорытындылап отыруы тиіс. Учаскелік инспектор Қанат Бітімбаев дерегіне сүйенер болсақ, былтырғы жылы округте тіркелген қылмыс саны 5 фактіге артқан. Бұл әлі де қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмысты жандандыра түсу керектігін көрсетсе керек.
Округ әкімінің баяндамасын талқылауға қатысқан ардагерлер алқасының төрағасы Қасым Темірғалиев пен жастар өкілі Рысгүл Көбелдесова ойларын ортаға салды. Көшелерді қардан тазалау, көктемгі су тасқынына дайындықты нықтау, табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою мәселелері тілге тиек етілді.
Қорытынды сөз алған аудан әкімі Рамиль Сағандыков көпшіліктің назарын өткен жылғы маңызды шаралар мен атқарылған шаруаларға аударып, биылғы жылдың басты міндеттерімен таныстырды.
- Елбасы Н.Назарбаев өзінің 2015 жылдың 30 қарашадағы Жолдауында елдің және біздің әрқайсымыздың алдымызға нақты міндеттер қойды, ол міндеттерді жүзеге асыру барлық атқарушы органдардың және бүкіл қоғамның жұмыла еңбек етуін қажет етеді. Біздің әрқайсымыз өзіміздің және еліміздің болашағына жауаптымыз. Ендеше, әрбір атқарған ісімізбен Отанымыздың одан әрі гүлденіп, көркейе беруіне күш салайық, - деді аудан басшысы.
Мұнан соң аудан әкімінің есепті кездесуі Преображенка ауылында жалғасты. Батыр ата атындағы округте халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бағытында бірқатар шаралар атқарылған. Бұл туралы есептік баяндамасында округ әкімі Дәурен Қойгелдин кеңінен тоқталып өтті.
Кез келген істі дөңгелетіп әкететін ауыл тұрғындары кәсіпкерлікке мықтап ден қойған екен. Округте 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 8 шаруа қожалығы, 36 жеке кәсіпкер тіркелген. Тұрғындарға қызмет көрсету саласы жетіле түсуде. Пима басу хец, тігін цехы, пластик терезелер жасау цехы, техникалық қызмет көрсету станциясы, компьютерлік орталық, 2 дәріхана мен 2 наубайхана ауылдағы қайнап тұрған тіршіліктің айқын көрсеткіші. Тіпті Өскемен қаласына кісі тасымалдайтын такси мен асаба қызметі де заңды тіркелген.
Әкімнің ізін ала есеп берген учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Бишуақов былтырғы жылғы округтегі қылмыстық жағдайлардың сан қилы оқиғаларынан тіпті өзі шатасып қалды. Есептік кездесуге қатысып отырған аудандық ішкі істер бөлімінің жаңа басшысы Қайрат Бытебаев аталмыш округтегі қылмыс санын азайтып, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жандандыру бағытындағы алдағы жоспарларын көңіліне түйіп қайтты деген сенімдеміз.
Аудан басшысы есептік баяндаманың негізгі тармақтарына тоқталып, өңір дамуының негізгі көрсеткіштерін саралады. - Аудандық әкімшіліктің есептік мерзім аралығындағы жұмысы сапалы көрсеткіштерді арттыруға бағытталды, олар: экономиканы арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды орындау және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту, - деп бастады Рамиль Нығметжанұлы.
Ауданның экономикасын дамытуда маңызды орын ауыл шаруашылығы өндірісі кешеніне тиесілі. Оны дамытудың шешуші кезеңі ауданның азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін нақтылайды. Ауданның ішкі жалпы өнімінің 83,9 пайызы аграрлық салаға тиесілі. Өңір-дің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен алдағы жоспарланған жұмыстарды тыңдаған тұрғындар қос әкімнің де есебіне көңілі толатындықтарын жеткізді.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.