Қазақта «Ауылына қарап азаматын таны» деген бар, азаматтар туған үйін қамдағандай ауылының кем-кетігін түгендеп, тұрмысын базарлы етуге әрекет етсе, ауылдан да береке тарқамайды. Осындай өнегелі іс жуырда Тассай ауылында жүзеге асты.
Бүгінде елімізде туған жерінің, туған ауылының барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Бұл – қуантарлық жайт.
Тассай – ауызбіршілікке ұйыған, қазыналы қарты, жалынды жасы бар, өздері қалыптастырған жақсы іске жұрт болып жұмыла кетуді сабақтасқан салтқа айналдырған ауыл.
Тассай ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті осыдан тура 20 жыл бұрын бітірген түлектер игілікті істі қолға алды. 2001 жылғы мектеп түлектері, ұлтжанды азаматтардың бастамасымен өз қаражаттарына құны 3 млн. теңгені құрайтын волейбол алаңы сыйға тартылды. Биыл олар ауылдан волейбол алаңын салуды қолға алған болатын, түлектердің жақсы бастамасын іліп әкеткен сыныптастары әрқайсысы өз шама-шарқынша қаражат жинап, туған ауылдарына естелік ретінде волейбол ойнайтын алаңды сыйға тартты.
Тассайлық спортқа жаны құмар ауыл жастары бос уақыттарында алаңға келіп, спортпен шұғылданатын болады. Ауыл тұрғындары да жастардың оң бастамасына дән риза. Ізгі іске ұйытқы болған азаматтарға жергілікті әкімдік атынан алғыс білдіруде.
Ауылдық округ аппараты
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.