Көкпектілік жеткіншектер көненің көзі жетіген аспабын меңгеріп жүр. Оқушылар шығармашылық сарайында көп ішекті шертпелі аспап - жетіген үйірмесі жұмыс істейді. Сиқырлы сазды ұлттық аспап үйірмесінің жетекшісі - Мәншүк Сейтқазы.
Оқушылар шығармашылық сарайында жетіген үйірмесі аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен ашылған.
Толығырақ...Көкпекті ауданында мектеп ұстаздары арасында волейбол турнирі өткізілді. 9 ақпан күні өткен волейбол жарысының ашылуы-на аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, спортты серік еткен ұстаздарға сәттілік тіледі.
Аудан орталығында өткен турнирге ауданның барлық мектептерінің құрама командалары қатысты. Шағын мектептер бірігіп құрама шығарды. Спортты серік еткен сергек жігіттермен бір қатарда нәзік жанды ару волейболшылар да табылды. Турнирдің сәнін келтіріп, алаңды ажарландыра түскен арулардың ойынын көрермендер тамсана тамашалады.
Үлгілімалшы ауылы 90 жылдығын дүбірлеген думан, ұлы тоймен атап өтті. Аламанда тұлпарлар бәйгеге түсіп, көкпар тартылды. Азуын айға білеген Алаштың аймаңдай ақындары ауыл аспанында жыр шалқытты. Ата-баба аруағына құран бағышталып, ас берілді. Алыс-жақыннан ат терлетіп келген ағайын-туыс, тумалар арқа-жарқа болып көрісті. Құрметті қонақтарға сый-құрмет көрсетіліп, 2 күнге ұласқан ауыл тойының даңқы алты алаштың баласына жайылып, атағы алты қырды асты.
Бұл күнге дейін біршама жұмыс атқарылды. Ауыл тойына Үлгілімалшының суын ішіп, топырағына аунаған барлық азамат атсалысты. Ауылдық округ әкімі Берікбол Мұқышев бастаған әкімдіктің барша қызметкерлері, Нұрлан Ермек басқаратын Абай атындағы мектеп ұжымы, Еркінбек Байтунов, Айтқазы Смағұлов, Абылғазы Көкбаев бастаған ел ағалары, елге тұтқа болған Үлгілінің Атымтай жомарты Мұхамед Қалиханұлы, жалындаған жастар Азамат Халық, Ерлан Әзімбаев, Ерболат Көкенов, Серікбол Құрманғалиев, Айбол Мусинов, Айдын Қанапиянов қара нардай жүк ауырын арқалады. Дүбірлі тойдың демеушісі – ауыл тұрғындары.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған дүбірлі додаға дейін облыстық волейбол турнирі өткізілді.
Ауданымызда еңбек ұжымдары зейнеткерлерінің басын қосатын үлкен аудандық ардагерлер кеңесі бар. Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесіне көп жылдан бері Сләмбек Насырбайұлы төрағалық етіп, жетекшілік жасап келеді. Бүгінде ардагерлер кеңесінің жұмысы туралы білмек мақсатпен аталмыш кеңестің төрағасына бірер сұрақ қойғанбыз.
– Көкпекті аудандық ардагер ұйымы жайлы айтып өтсеңіз.
-Көкпекті ауданы бойынша 18 бастауыш ұйым бар. Аудандық ардагерлер кеңесінің құрамына 22 адам енген. Ардагерлер ұйымының негізгі міндеті аудан ардагерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартудың нақтылы жолдары қарастыру, көмек көрсету. Ауданымыз бойынша 9 ауылдық округте бастауыш ұйым құрылды. Біз бірде-бір ардагердің есептен тыс қалмауын қатаң қадағалаймыз. Ауданымыз бо-йынша 1 Ұлы Отан соғысына қатысқан Елеусіз Кинбаев деген ҰОС батыры, 173 – тыл еңбеккері, 6- ҰОС жесірі бар. Міне, осылардың ешқайсысы назардан тыс қалмауы тиіс. Әрбір ардагерге көңіл бөліп, назар аударған соң олар да белсенділіктерін арттыра бастады. Аудан бойынша өтетін жиында, іс шараларда ауылды абаттандыру, жастар тәрбиесі, қоғамдық мәселелер туралы өз ойларын ашық айтып, ардагерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартудың нақтылы жолдары жөнінде ұсыныстар білдіреді. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметтің ардагерлері Клара Рафикқызы, Гүлбаран Майлыбайқызы, Рауия Алпысбайқызы, құқық қорғау саласының ардагерлері Ратбек Арынұлы, Сайдрахим Файзуллин, Қайрат Малғаждаров ел бірлігі, ырысты ынтымақ, ұрпақтар сабақтастығы, жастар тәрбиесіне белсенді жұмыс жүргізеді.
Недавно аким района Дильдабек Оразбаев встретился с нашими талантливыми спортсменами Ерзатом Аргыновым и Дидаром Тукушевым.
В нашем районе всегда уделялось большое внимание развитию и поддержке спорта. Особенно, если речь идет о молодых спортсменах. Ведь наши юные земляки достойно выступают на соревнованиях различных масштабов, защищая честь своей Родины.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.