Таяуда Көкпекті ауылының құрметті ақсақалы, тыл еңбеккері, ақын Жәлел Малғаждаровтың «Арнаймын бір сөз, халқыма...» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
Жәлел ата көп жылдар мал бағып, бақташы, шопан болған. Еңбек адамы-ның қарапайым тілі-мен өрілген ойлары көпшілікке арналып жазылған екен. Аталған кітаптың алғы сөзін Қазақстан Жазушылар Одағы ШҚО филиалының төрағасы Нұржан Қуантайұлы жазған.
Толығырақ...1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында.
Халықаралық балаларды қорғау күні – күллі әлем балаларының жағдайына қоғамның назарын аударту мақсатында әртүрлі іс-шараларды өткізумен аталып өтеді.
Толығырақ...Самар ауылындағы спорт мектебінің ашылғанына биыл 19 жыл. Мектеп белгілі балуан, ауыл спортының дамуына зор үлесін қосқан Аманғазы Оңғарбаевтың атымен аталады. Оңғарбаевтар әулетінде тек қана Аманғазы ғана емес атадан балаға мирас болып қалған бұл спорт түрімен бүгінгі буынға дейін айналысады. Оңғарбайұлы Қажиакпер аталары кезінде атақты балуан, күшті кісі болған. Аманғазыдан бергі Мұқаметқазы, Айдархан, Қайырғазы да талай рет боз кілемде қарсыластарын шырқ үйіріп, еркін күрестен чемпион атанғандар. Олардың барлығының спорттық дәрежелері бар. Қажиакпер атаны самарлықтар атын атамай «балуан» дейтін. Ал інісі Момбай дін жолындағы адам болды. Кеңестік кездегі атеистік сасяатқа қарамастан ол кісі дін жолынан тайған емес. Бүгінгі турнир сол аталарын және өмірден ерте озған ағаларын еске алуға арналды. Турнирді ұйымдастырушылар Айдархан және Қайырғазы Оңғарбаевтар, демеушілері де өздері.
Бұл турнирге Ұлан, Катонқарағай, Зайсан аудандарынан, Өскемен, Семей қаларынан және
Толығырақ...Подгорное ауылындағы күннің бұлтты, салқындығы оқу жылының аяқталуына орай өтетін шараның тартымдылығына ешқандай нұқсан келтіре алмады. Шағын ғана, әсем клуб үйіне мерекені тамашалауға келгендердің барлығы да сыйды. Мектеп үшін тағы да бір тарихи сәт - 25 мамыр келіп жетті. Осындай мерекенің айнала гүл атып тұрған көктем айы-нда болғаны қандай жақсы. Бұл көктем мектеп бітірушілер үшін болашаққа сенімділік пен үміт отын ұялатса, мектеп өмірінің бір парағына тағы да осы күнмен толықты.
Толығырақ...
20 мая 2015 года в селе Самарском открылись областные зональные соревнования по футболу на призы акима области. В нем приняли участие команды спортсменов из Кокпектинского, Глубоковского, Уланского, Жарминского, Катон-Карагайского районов.
На центральной площади Дома культуры состоялась торжественная встреча команд, на котором с приветственной речью обратился к спортсменам, и ко всем собравшимся аким Самарского сельского округа С.Дюсюпов.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.