Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы кезекті Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатынын атап өтті.
Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді делінген болатын.
Цифрландыру – уақыт талабы. Мұны Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында да арқау етті. Қазақстан да цифрландыру бағдарламасын бекітіп, қоғамның барлық бағытына цифрландыруды енгізе бастады. Мұндай игілікті медицина саласынан да көре бастадық. Соның бір айғағы – «Даму-мед» мобильді қосымшасы.


Қазіргі таңда облысымыздың барлық өңірлерінде «ДамуМед» мобильді қосымша электронды жобасы іске асуда. Ал «Даму Мед» мобильді қосымшасының беретін мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы тұрғындарға мәлімет беру мақсатында Көкпекті аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Әсем Рахымбевамен сұхбаттасқан едік.
- «ДамуМед» мобильді қосымшасы «ДАМУ» Ақпараттық Тех-нологиялық Орталығы дайындаған электронды жоба. Бүгінде ауданда «Даму-мед» мобильді қосымшасы ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап жұмыс істейді. Облыс әкімі Даниял Ахметовтың демеушілік көмегімен компьтерлік технологиялар бөлінген. Ең алдымен, толықтай компьютермен жабдықтап, одан әрі цифрландыруды енгізу мақсат болды. Бас дәрігердің айтуынша, аудан тұрғындарының біршамасы осы қосымшаны пайдаланып, игілігін көруде. Бұл қосымша – кешенді медициналық ақпараттық жүйенің бір бөлігі. Қосымшаның тұрғындар үшін берері мол. «DamuMed» ұялы қосымшасына телефон нөмірі мен жеке куәліктің ЖСН нөмірін теру арқылы тіркеледі. Ал, оған кіре алмаған жағдайда телефон нөмірін қосуға өтінім береді. Ол үшін ЖСН нөмірі бар жеке куәліктің фотосуретін түсіріп жіберу керек. Себебі, құжаттың суреті жеке тұлғаны растау үшін және медициналық ақпаратты басқа адамдардан қорғау мақсатында талап етіледі. Өтінішті медициналық ұйым қызметкерлері қабылдап, ұялы телефонға SMS хат арқылы код жолдайды. Яғни, әр тұрғын өз облысын таңдап, «кіру» тетігі арқылы ұялы телефон номері мен ЖСН-ді тіркеп, смс-пен келетін құпия кодты күту керек. Келген кодты тіркегеннен кейін «рұқсат ету» батырмасын басу керек. Яғни, ЖСН-ді енгізгеннен кейін тұрғынның қай емханаға бекітілгені және емдеу дәрігерінің аты-жөні автоматты түрде шығады. Содан кейін адам өзіне ыңғайлы күнді таңдап дәрігер қаралуына жазылады. «DamuMed» қосымша арқылы емделуші дәрі-дәрмектердің рецебін, зертханалық тексеру нәтижелерін көруге, ал бала науқастанған жағдайда дәрігердің қабылдауына жазылуға, еңбекке жарамсыздық парағын, білім беру мекемелері үшін анықтаманы емханаға бармай-ақ алуға болады.
Сондай-ақ, «Дабыл түймесі» модулі арқылы 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары, жүкті әйелдер мен диспансерлік есепте тұратын науқастар бір түймені баса отырып, жедел жәрдемді шұғыл түрде үйіне шақыра алады. Қазірдің өзінде «Даму-мед» қосымшасы толықтай іске қосылу үшін аудан бойынша 13180 тұрғынның 1100 яғни 15 пайызын «Даму-мед» қосымшасын жүктеу жоспарда бар. Әсем Төлеуғазықызының айтуынша, бүгінге дейін ауданда медициналық қосымшаны 328 адам ұялы телефонына жүктеген. Қазір аудандық денсаулық сақтау саласының мамандары аталған ұялы қосымшаны енгізуге кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл санның артары анық. Ондағы мақсат – дәрігердің және ауруханаға келген емделушінің уақытын тиімді пайдалану.
Айта кететіні, 18 жасқа дейінгі балалар ата-анасының ұялы номері арқылы тіркеледі. Ал, 18 жастан асқан тұрғынның жеке ұялы телефон номерімен қосымшаға тіркеледі, – дейді бас дәрігер. Иә, интернетті игілікке икемдесек, мобильді қосымша қолжетімді бола түседі.
«ДамуМед» мобильді қосымшасының тағы бір артықшылығы қалалық, облыстық дәрігерлердің қабылдау кестесін көруге болады. Тағы бір ерекшелігі, «ДамуМед» мобильді қосымшасына бір рет тіркелген тұлға жыл сайынғы флюорографиялық тексеріс, скринингтік тексерулерді қай уақытта өтетіндігі жөнінде еске салу хабарламалары келіп отырады. Аталған жүйедегі мәліметтер халыққа түсінікті тілде жеткізілген. Оның ішінде жүкті әйелдерге барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, мұнда оларға түрлі кеңестер бар. Мәселен, «Апта сайын бала қалай дамиды? Жүкті келіншек қандай тағамдарды тұтыну керек?» деген сауалдарға жауаптар берілген. Сондай-ақ, перзентханаға қандай заттар алып бару қажеттігіне дейін көрсетілген. Әсіресе, бұл – жас аналар үшін қолайлы мүмкіндік.
Бірақ, бұл мүмкіндікті біздің аудан тұрғындарының басым бөлігі әлі біле бермейді. Соңғы жылдары елімізде интернет желілерінің әлеуеті артып келеді. Осы арқылы халыққа көптеген қызмет түрі қолжетімді болды. Компьютер, смартфондарға түрлі қосымшалар енгізілуде. Сондай игілікті жобаның бірі – облыстық денсаулық сақтау басқармасының «DamuMed» медициналық қосымшасы.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз