Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар орталық кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны, қайталанбас сөз шебері, философ, қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы және тұңғыш классигі Абай Құнанбаевқа арналған "Абай - Дара, Абай - Дана қазақта" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – Абай өлеңдерін өнеге тұтып, шығармалары арқылы жастарды білімді болуға, қазіргі заман талабы ғылыммен айналысуға, жан – жақты болуға талпындыру. Оның өлеңдері әр адамға ой салары сөзсіз.
10 тамыз Абай күніне арналған бұл көрмеде ұлы ақынның өлеңдер мен қарасөздер жинағы, Абайтануға арналған, оның өмірі туралы зерттеу еңбектері болды. Биылғы 2021 жыл - "Балалардың кітап оқуын қолдау жылы" жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай Самар Орталық кітапханасында әртүрлі іс – шараларды қолға алуда.

Самар Орталық кітапханасы

Бүгінгі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзектілігі артып келеді. Қазір ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген са-йын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары ауданымыздың қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал балалар көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіс. Біздің жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің балалары «Жол әліппесі» туралы түсініктерін кеңейтті. Балалар жол жүру ережелерін еске түсіріп, жол белгілерінің түрлері және олардың мақсаты, сондай-ақ бағдаршамның функциялары туралы мәлімет алды. Жол жүру ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің білімдерін толықтырды.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Чернобыль АЭС-індегі ядролық реакторындағы жарылыс апатының 35 жылдығына орай, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының жауынгерлік және еңбек даңқы залында патриоттық сабақ өтті.
Мұражай қорының сақтаушысы Клара Смаилова ұйымдастырған іс-шараға Көкпекті орта мектебінің кадет сыныбының оқушылары қатысты. Клара Рафикқызы қатысушыларды сол алапат апаттың тарихымен таныстырып, тақырыптық стенд көрсетті. Сондай-ақ, шара аясында оқушылар назарына арнайы дайындаған әдеби монтаж бен апат туралы бейнеролик ұсынылды.

Толығырақ...

Осыдан бірнеше жыл бұрын сәтті жүзеге асқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бүгінде ауылдағы маман тапшылығын шешуге үлкен сеп болуда. Әсіресе, аудандағы елді мекендерде сұранысқа ие болып отырған медицина, білім беру және мәдениет салаларына білікті де білімді жас мамандар көптеп келе бастады. Оның үстіне, ауылға келген жас мамандарды ынталандыру мақсатында көтерме жәрдемақы төленіп, баспана алуына да жеңілдетілген несие берілуде. Мемлекет басшысы да өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Бізді асырайтын ауыл» - деп ашық та, анық айтқан болатын. Міне, осындай мүмкіндікті мүлт жібермеген жас маманның бірі – Көкпекті ауылының тұрғыны Замира Сапарова.
Ол Шұғылбай ауылындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектепті аяқтайды. Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алған ол, 2017 жылы үздік дипломмен оқуын аяқтаған. 2019 жылы еңбек жолын ауылдан бастауды құп көрген. «Бүгінде білім беру саласы қарыштап дамып келе жатқандықтан, ондағы жаңашылдықтарды әсіресе жастар жақсы түсінеді. Сонымен қатар, жоғарғы білімді мамандар ауылды жерлерге өте қажет. Мұнда үлкен тәжірибе жинап, білікті маман болып қалыптасуға мүмкіндік те көп. Сондықтан, қолға диплом тиісімен туған жерге жұмысқа тұруға асықтық. Сәтін салғанда, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен дер кезінде танысып, сол арқылы «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Көкпекті - Толағайы» бөбекжай – балабақшасы КМҚК-на жұмысқа орналастым – дейді Замира Ақылбекқызы.

Толығырақ...

24 сәуір күні Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде Көкпекті ауылы «Оқушылар шығармашылық сарайының» ұйымдастыруымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып «Үкілі домбыра» атты аудандық жас домбырашылар байқауы өткізілді.
Шара Қазақстан Республикасының 30 жылдығы және ұлағатты ұстаз, сазгер Нұрлан Күшебайұлы Кожыковты еске алуға орай орайластырылған.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз