Көктем - ең әдемі, керемет жыл мезгілі. Бұл мезгіл маған қуаныш сезімін сыйлайды. Көктем – өзгерістер уақыты, жаңа достар және танысулар. Себебі, бұл мезгілде тіршіліктің жаңару кезеңі бас-талады. Қыстың суығы кетіп, қар еріп, жер бетінің көгеретін кезі. Көктемнің белгісі болып есептелетін бәйшешек гүлі шығады. Сол сәттен бастап күн жылынып, шөптер, түрлі гүлдер шыға бастайды. Баулардағы, көшелердегі, үй маңындағы ағаштар бүршік атып, түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады. Дихандар жер жыртып, егін егуге дайындала бастайды.
Қазақстанымыздың шығыс ауылдарында күн жылынып, құстар ұшып келіп жатыр. Олар - табиғаттың керемет тіршілік иелері. Олар болмаса, айналамыз тып-тыныш болып қалады. Құстардың салған әсем әндері де құлаққа жағымды естіледі.
Біздің Самар ауылымызда құстарға жанашырлық танытып, мектеп мұғалімдері мен балалар көптеген ұя жасаумен қамданып жатыр. Ұшып келген құстар жаңа ұяға қонып, балапандарын шығарады, айналаны әуені тамаша әндерімен тербетеді.
Диас Тұрсынбеков, Ж.Болғанбаев атындағы
мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы
Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтіледі. Тақырыптық шара «Барлығына денсаулық» ұранымен өтуде. Самар Орталық кітапханасының кітапханашылары «Денсаулық - адамның баға жетпес байлығы» атты тақырыптық кеш өткізді. Тағылымды шараға «Сударушка» және «Шаңырақ» клубтарының мүшелері шақырылды. Тақырыптық кеш «Денені қалай нығайтуға және ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтауға болады», «Дене жаттығулары мен дене шынықтырудың пайдасы», «Дұрыс тамақтану және оның пайдасы» атты үш тақырыпты қамтыды. Дүниежүзілік денсаулық күні туралы таныстыру презентациясы ұсынылды. Тақырыптық кеш барысында қатысушылармен денсаулық туралы қызықты викториналар өткізілді. Қарт адамдарға денсаулықты сауықтыру жайлы ұсыныстар мен кеңестері бар жадынамалар таратылып, оларға пайдалы физикалық жаттығулар көрсетілді. Шара соңында «Денсаулық туралы дана сөз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Бұл қамшының сабындай қысқа өмірде адам баласының бүкіл болмысын, тыныс-тіршілігін, кескін-келбетін ғажайып нұрға бөлейтін, жүрек төрінен мәңгі кетпейтін, көңілдің саясын паналайтын екі асыл жан бар. Оның бірі - аяулы АНА болса, екіншісі–ардақты ӘКЕ. Біздің қанатымыз қатайғанша, бұғанамыз бекінгенше аялап, мәпелеген, аяулы қос шынардың алдындағы перзенттік борышымызды ешқашан өтей алмайтынымыз анық.
Маған да ардақты әкемнің өмірдегі таудай тұлғасын, биік адамгершілік қасиетін, ұсақ тірліктің әр сынынан азаматтық болмыспен жол тауып шығатын сұғылалығын ойыма алғызған, қолыма қалам ұстатуға мәжбүр еткен оған деген құрмет, құны еш нәрсемен өлшенбейтін перзенттік сезім болса керек.
2021 жылдың 18 ақпанында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында, Көкпекті ауданының азаматтық қорғаныс гарнизонының №33 өрт сөндіру бөлімінде, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты азаматтық қорғаныс ұйымдарының беделін көтеру, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, қарауылдың жеке құрамының күзет қызметін атқаруымен таныстыру болып табылады. Балалар үшін бұл күн ерекше есте қалды, өйткені балаларға өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсия жүргізіліп, қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар көрсетілді және өрт сөндіруге арналған автокөліктермен таныстырылды.
Балаларға өрт сөндіруші мамандығы, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері және өртті байқаған кездегі алғашқы іс-әрекеттер туралы баяндалды.
Абай орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша мектеп кітапханашысы Лаура Ағылбаева сабақ өткізді. Іс-шара «Ленинградтық өренім» атты XX ғасырдың Гомері атанған, жүз жыл жасаған, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылды. 6,7-сынып оқушыларының арасында Жамбыл ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, кітаптардан жасалған слайд оқушылардың назарларына ұсынылды. Жамбылдың қайталанбас шығармашылық ғұмырнамасы, екі дәуірді басынан кешірген, замана шежіресіне айналған жыраудың ұлы тұлғасы туралы баяндалды. Жамбыл бабамыздың шығармашылық жолы, оның ұстаздары, шәкірттері жөнінде, сондай-ақ ұлы жыраудың бастау-бұлағы, дәстүрдің жалғасы, бүгінгі көрінісі туралы жазылған кітаптарды оқуға ұсынды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.