«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды».
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Н.Назарбаев, Қазақстан Республикасы Президенті
18-19 мамыр күндері Көкпекті Ауданының Құрметті Азаматы, Жапония барса, алдынан Токио мэрі шығатын, Үндістанға барса, Калькуттаның қала басшысы қарсы алатын әлемге әйгілі, дүниеге мәшһүр, атақты спортшы Мұхамедолла Ағзамов келіп кетті. Келіп қана кеткен жоқ, жергілікті ел тарихында «Ұлы ғұлама тұлға» атанып, заманында Көкпекті қаласы мешітінің имамы болған Дәуіт қазірет Ғұбайдоллаұлының жерленген жерін тауып, басына құлпытас орнатып, өнегелі іс атқарды.
Толығырақ...Көкпекті ауылдық округіне жаңа әкім сайланыпты дегенде елдің елең ете қалғаны анық. Себебі, соңғы кезде аталған округке әкім тұрақтамай кетіп еді. Ал Ерлан Қизатоллаұлының әкім болғандығын естіген жұрттың қуанғаны рас. Себебі, ол – осы ауылдың азаматы. Алдында білім саласында 25 жыл еңбек етіп, соңынан мектеп директоры болып қызмет атқарған жас жігіттің іскерлігін ел танып үлгерген.
Толығырақ...Шалғайда жатқан шағын ауыл Егінбұлақта Ұлы Жеңіс мерекесі «Ауыл күні» деп аталған ауқымды шараға ұласты. Дала төсі дүбірге бөленіп, алыстағы Егінбұлаққа ағылған ағайынның қарасы көп болды. Аудан орталығы Көкпектіден, Семейден, көршілес Биғаш және Жарық ауылдарынан келген қонақтарды ауыл тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Аудандық маслихат депутаты Нұржихан Абдрахманова, ауылдық округ әкімі Қайрат Айыпқазыұлы, құрметті ардагер Рауия Алпысбайқызы да бұл күні мерекелі ауылға ат басын тіреп, көппен бірге болды.
Толығырақ...Көп күттірген жарқыраған мамыр күндері де келді, онымен бірге күннің сәулесі молынан жерге төгіліп, ағаштардың жапырағы жайлып, құстар сайрап қанаттарында мерекені әкелді. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
1 мамыр күні Самар ауылында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шеру өтті, оған округтің мекеме, шаруа қожалық ұжымдары атсалысты.
Өткен аптаның сейсенбісі күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындары Самар өңірі көркемөнер-паздарының күшімен дайындалған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бұл - Алаш қозғалысының 100 жылдығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өтуге орай, Көкпекті ауданы ауылдық округтері арасында ұйымдастырылған «Қазақстанның көк туы желбірей берсін» атты көркемөнерпаздар байқауының жалғасы.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.