Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды».

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Н.Назарбаев, Қазақстан Республикасы Президенті

18-19 мамыр күндері Көкпекті Ауданының Құрметті Азаматы, Жапония барса, алдынан Токио мэрі шығатын, Үндістанға барса, Калькуттаның қала басшысы қарсы алатын әлемге әйгілі, дүниеге мәшһүр, атақты спортшы Мұхамедолла Ағзамов келіп кетті. Келіп қана кеткен жоқ, жергілікті ел тарихында «Ұлы ғұлама тұлға» атанып, заманында Көкпекті қаласы мешітінің имамы болған Дәуіт қазірет Ғұбайдоллаұлының жерленген жерін тауып, басына құлпытас орнатып, өнегелі іс атқарды.


Дәуіт қазірет 19 ғасырдың басында Қалбадағы Қайыңдыға келіп орналасқан Жанай ата баласы Сүлейменнің ұрпағы. Аруақты бабамыз Тана мырзамен бірге елге дін таратып, Ислам нұрын сепкен Ғұбайдолланың ұлы Дәуіт қазірет Көкпекті аулындағы мешітте 40 жылдай басшылық еткен. Бұл туралы ресми құжаттар көшірмесі бүгінгі күні Ұлан ауданы Айыртау ауылын мекендейтін Ағзамовтар әулетінде сақталған екен. Осыдан екі жыл бұрын жерлес жазушымыз Қалихан Алтынбаевтың «Көкпекті» кітабында алаш ардагері Хамит Тоқтасыновтың Көкпекті ауылы сыртындағы ескі мұсылман зиратындағы Дәуіт қазіреттің аяғында қойылғаны айтылған екен. Осы дерекке сүйеніп, Мұқан аға зираттағы ескі құлпытастардың суретін түсіріп, ауыл мешітінің сол кездегі имамы Ерзат қажыға көрсетеді. Ол кісі жазудың арабша ескі әріптермен жазылғанын айтады. Сөйтіп, бұл жазуды Өскемен қаласынан Душанбеде парсыша, арабша тәлім алған Раушан Зүльфиев оқиды: «Қазірет Дәуіт Ғұбайдоллаұлы, ұлы ғұлама тұлға, 1845 жылы туған - 1910 жылы қайтқан» деп жазылған екен.
Ауылымыздағы байырғы дәмхана, заманында көкпектіліктердің талайы дәм татқан, қазіргі «Эльдорадо» кафесінде Ағзамовтар әулетінің отанасы, ардақты Сұлухан ханым алыс-жақыннан жиналған туыстарды шақырып, баба аруағына арнап хатым шығартып, құран аудартты. Сауапты іс басына ағайынды Даутовтар, Ислямовтар, Жакыповтар, Ағзамовтар, Смағұловтар және Дәуіт бабаның қыздары Бәтиха, Бәтиден туған жиендер тегіс жиналды.
Ғұлама баба ұрпақтары арасында шенді генерал, оқымысты ғалым, қалталы кәсіпкер ретінде Көкпекті ауданына ерекше еңбек сіңірген адамдар жетерлік екен. Дәуіт қазіреттің еңбегі Көкпекті ауылы мен оның маңайын мекендеген елді миссионерлердің шоқындыруынан аман сақтап, қазақ халқының бірегейлігін бұздырмаудағы Тана мырза бастап кеткен істі толықтай аяқтай білуімен маңызды. Ұлт ретінде жойылып кету қаупі төнгенде тілді, дінді сақтау жолында отаршылдармен күрес оңай болмағаны мәлім. Осы жолда жан аямай еңбек етіп, сонау Жаңа Семей, Шар, Жарма, Таврия, Ұлан, Көкпекті, Самар жерлерін мекендеген жұртқа зайырлы және діни ағартушылық жасаған Тана Тілемісұлы, Кобай имам (Ғұбайдолла) Сүлейменов, Дәуіт қазірет Ғұбайдуллин, алаш ардақтысы Отыншы Әлжанов 19-20 ғасырдағы ауданымыздың жарық жұлдыздары. Оларды мәңгілік есте сақтап, өнегелі істерін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану - сіз бен біздің парызымыз.
Қайрат Малғаждаров,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз