«Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Елбасы биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын.
Толығырақ...Кез келген ауылдың бет-бейнесі жайлы пікір оның кіреберісінің келбетінен басталатыны белгілі. Өз қолы өз аузына жетіп, егемен ел болып, түтінін түзу ұшырып, тіршілігін оңдап жатқанымыздың бір көрінісі - елдімекендердің күн санап көркейіп келе жатқанынан байқалады. Осындай ауыл тұрғындарының еңсесін көтерген жәйттың бірі - Айбынды Ата Заңымыз Конституция мерекесіне орай, Бастаушы ауылында, ауылдың кіреберісіне орнатылған арка нысанының ашылу рәсімі болды.
Толығырақ...Аудандық Орталық мешіттің бас имамы Нұрнәсір Дүйсеннің бас-тамасымен, мұсылман жамағаттың күшімен қасиетті Құрбан айт мейрамының бірінші күні жылдағыдан ерекше ұйымдастырылды.
Мешіт жамағаты айт намазынан соң бұл күнді дін мен спортты ұштастыруға арнапты. Мешіттің бас имамы Нұрнәсір Дүйсенмен болған әңгімеде ол: «Құрбан айттың бірінші күнін өзгеше етіп өткізу үшін өзара ақылдастық та жастар арасында 4 шақырым қашықтыққа жаяу жүгіру және қазақ күресінен жарыс өткізейік деп шештік. Ондағы мақсатымыз, осындай шаралар арқылы жастар арасында өзара сыйластық пен достық қатынас орнату арқылы құрбан айттың қасиетін арттыру.
23 тамыз күні Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Айбынды, айдынды, айшықты – Ата Заң» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандыққа тәрбиелеу мақсатына бағытталған мерекелік жиынның мазмұнын тақырыпқа сай безендірілген залдағы көрнекіліктермен айшықтала түсті.
Толығырақ...Миролюбовка ауылындағы «Карина» тұрмыс-тық қызмет көрсету орталығы үшінші жыл жұмыс істейді. Осында кез келген бұйымға тапсырыс беруге және көне заттарды қайта жөндеуге болады.
Сіздердің тапсырыстарыңызды үлкен сүйіс-пеншілікпен және кәсібилікпен тігінші-шеберлер Анна Жулина және Евдокия Винтер орындайды. Сондай-ақ, тігіншілер жұмыс формаларын тапсырыс берушінің қалауына сай тігіп береді. Евдокия Андриановна – үлкен еңбек өтілі бар тігінші.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.