Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылдық округіне жаңа әкім сайланыпты дегенде елдің елең ете қалғаны анық. Себебі, соңғы кезде аталған округке әкім тұрақтамай кетіп еді. Ал Ерлан Қизатоллаұлының әкім болғандығын естіген жұрттың қуанғаны рас. Себебі, ол – осы ауылдың азаматы. Алдында білім саласында 25 жыл еңбек етіп, соңынан мектеп директоры болып қызмет атқарған жас жігіттің іскерлігін ел танып үлгерген.


Е.Ниязбаев округтің баянды болашағы үшін жанын аямай жұмыс істеуде. Көкпекті ауылының даму барысы, болашақтағы жоспарлар бойынша әкімді әңгіме тартқан едік.
– Осы ауылда туып-өскендіктен бар мәселесімен таныспын. Осыдан болса керек, бір орында отырып, шаруаны телефон арқылы шешуді жөн көрмеймін. Қай мәселе болса да, басынан табылып, сол жерде елмен бірге ақылдасып шешкен әлдеқайда тиімді. «Әкім» екенмін деп жұмыс бөлмемнен шықпай отырсам, шаруа шала шешілетіні анық. Қабылдауымда да адам көп. Әрқайсысының өз шағымы, өз мәселесі мен мұңы бар. Олар маған сенім артты. Ал сенімді, үмітті ақтау қаншалықты маңызды екендігін өзіңіз де білетін боларсыз, – деді Ерлан Қизатоллаұлы.
- Осы округке әкім болып болып сайланғаннан бері аз уақыт өткенмен, халық үшін қызмет ету кез-келген мемлекеттік қызметкер үшін басты міндет. Елді көркейту, дамыту, қордаланған көп шаруаны шешу. Бұл міндет кез-келген әкімнің алдында тұр. Мәселен, көктемгі абаттандыру жұмыстарына тоқталсақ, округте қазіргі таңда 400 қара ағаш, жастар саябағына 35 шырша, 100 терек отырғызылды. Ал, аудандық орталық ауруханаға 70 шырша егілді. Сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып тұрады. Былтырғы жылы басталған автобекет маңындағы субұрқақ салу құрылысы аяқталуға жақын. Мамыр айының соңы, маусым айының басында жұмысты қабылдау жоспарда тұр.
Көкпекті ауылы - аудан орталығы және тоғыз жолдың торабы. Орта-лықтағы автобекет маңына автотұрақ жасау жоспарда бар. Қаражат мәселесі шешілген соң, «Жәрдем» сауда орталығы және ескі қонақ үйдің ауласындағы жұмыстарды бастаймыз. Сонымен қатар, ауданда сенбі сайын өтетін жәрмеңкеге арнайы базар ашу да ойымызда бар. Бұның барлығы қаражатқа байланысты. Сөздің қысқасы, жаңа идеялар көп, алайда, ақша жоқтың кебін киюдеміз.
Сондай-ақ, былтырғы жылғы иесіз жайылған малдардың мәселесі шешіліп, округ бойынша 6 табын ұйым-дастырылды. Қазіргі таңда шешілмей тұрған мәселе, ол жылқылардың жайылымы, бұл да шешімін табады деген ойдамын. Жаз маусымындағы жол жөндеу, жарықтандыру жұмыстарына жергілікті өзін-өзі басқаруға түскен қаражаттың көмегімен жүргіземіз. Сөз соңында айтарым, ауыл тұрғындарына тау төңкеріп, Толағайша әрекет жаса деп отырғаным жоқ, туған өлкенің пайдасы үшін, тым болмағанда тазалықты сақтаса, ауылдың көркеюіне үлес қосса, - деп сөзін қорытындылады.
Ерлан Қизтоллаұлының өз ауылына деген құрметі ерекше. Мұны сөзімен де, ісімен де дәлелдеп жүр. Ал біз өз ауылымызды қаншалықты жақсы көреміз, нендей үлес қосып жүрміз? Ойланайық, ағайын!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз