Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Хакім Абайдың ұстанымдары – өркениетті мемлекет қағидалары» атты салтанатты шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын сақтау және насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезімді, өз халқының тарихына қатысты көзқарас қалыптастыру, көркем талғамды тәрбиелеу және отандық мәдениет пен өнердің үздік үлгілеріне баулу.
Шақырылған қонақтардың қатарында аудандық білім бөлімінің әдіскері Раушан Қанапиянова, аудандық кітапхана қызметкерлері және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары болды.
Осыдан 31 жыл бұрын Ауғанстандағы онжылдық соғыс біткен болатын. Алайда, Отанымыздың тарихында маңызды рөл атқарған осы оқиғалар сипатталмаған. Тарихты білу қажет, оны білмейтіндер өткендегі адамзат қателіктерін қайталауға мәжбүр болады. Өткен аптада Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай жерлес интернационалист жауынгерлерге арналған ерлік сабағы өткізілді.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында Үлкенбөкен мектеп–балабақша кешенінде «Абай дара, Абай дана» деген атаумен кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға кеңінен таныстырылды.
«Абайды оқы таңырқа» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында кітапханалық сағат өтті. Абайдың тағылымын оқушылардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу мақсатында өткізілген бұл іс-шарада оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, сабаққа белсене қатысты. Абайдың өлеңдерін мәнерлеп, аса бір шеберлікпен орындаған оқушылар жиналған қауымды тәнті қылды.
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шараларлар Үлгілімалшы ауылында да өтуде. Абай атындағы мектеп-балабақшасының бастауыш сынып оқушылары арасында мектеп кітапханашысы Ақмарал Ақатаева және ауыл клуб меңгерушісінің бірлесе ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа» атты кеш өтті. Шараның мақсаты ұлы Абайды дәріптеу, өмірбаянымен таныстыру, ақынның шығармашылығынан үзінділерді мәнерлеп оқу, слайттар көрсету, кітап көрмесін ұйымдастыру арқылы оқушыларға мағлұмат беру. Бастауыш сынып оқушыларының арасындағы мектеп кітапхана оқырмандары белсенді оқушылар Қарақат Төкенова пен Аяла Қажетованың жүргізуімен іс-шараның басында Ұлы Абайдың өмірбаяны таныстырылды. Оқушылардың ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуының өзі халықтың Ұлы перзентіне деген зор құрметтерінің белгісі. Сонымен қатар Жанерке Ысқақ «Желсіз түнде жарық ай» әнін керемет орындады. Гүлназ Қизатова да ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба»
Толығырақ...Өскемен қаласында 4-7 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға аудан мектептерінен 20 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте дарынды оқу-шылар аз емес. Олардың бірі – Меруерт Қапарова 10 сынып оқушысы. Меруерттің нұрлы жолы осы мектептен басталды. Ол 10 жыл бойы мектепте үздік оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Меруерттің ағылшын тіліне деген ықыласы ерекше. Ол осы пәнді үздік оқып келеді. Оның пәнге деген сүйіспеншілігін оятқан ұстазы Айжан Қизатқызы Орымбекова. Меруерт аудандық және облыстық пән олимпиадаларының жеңімпазы болып келеді. Жақында рес-публикалық пән олимпиадасында ІІ орынға ие болып жеңімпаз атанды. Меруертке және пән мұғалімі Айжан Қизатқызын жеңістерімен құттықтай келе, алда білім шыңының биігінен көрінуге тілектеспіз.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.