Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

6 сәуірден бастап елімізде мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту бастау алды. Оқушылар мен ата-аналарды сансыз сұрақ мазалап жүргені анық. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ. Педагогтар онлайн жұмысқа қажетті порталдар мен бағдарламаларды меңгеруде. Ал интернетке шығу мүмкіндігі жоқ ұл-қыздар үшін сабақ теледидар арқылы өткізіледі. Әдетте тақта алдында тұрып сабақ түсіндіретін ұстаздар экранның алдына жайғасты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия ретінде бағалау туралы шешім шығарғалы, әлемді жайлаған COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы-на жол бермеу шаралары жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2020 жылдың 16 наурызында Қазақстан халқына телевизиялық үндеуін жолдап, Президент жарлығымен Қазақстанның аумағында да төтенше жағдай енгізілді. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20, 2020 жылғы 1 сәуірдегі №30-ПГВр қаулылары негізінде ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 16 наурыздағы №1, 20 наурыздағы №2 және 26 наурыздағы № 6 хаттамаларын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылдың 14 наурызындағы № 108 және 2020 жылдың 1 сәуірінде № 123 Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы бұйрығы шығарылды.

Толығырақ...

Көкпекті ауданының білім беру бөлімімен қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарылып, онда оқушыларға көмек көрсету, әрбір оқу пәні бойынша ағымдағы және қорытынды бақылау тәртібі белгіленді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 01.04.2020 №123 "Білім беру ұйымдарында, пандемия кезінде COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы" бұйрығы негізінде, 2020 жылдың 6 сәуірінде аудан мектептері қашықтықтан оқытуға көшеді.
Көкпекті ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 4077 оқушы оқиды, оның ішінде 2851 оқушы қазақ тілінде , 1226 оқушы орыс тілінде оқиды. Ауданда 3637 оқушы онлайн режимде, оның ішінде интернет арқылы 1720 оқушы, 1917 оқушы мобильді интернет арқылы оқиды. 440 бала қағаз тасығышта оқитын болады.
Білім беру ұйымдарымен қашықтықтан оқыту үшін 286 компьютерлік техника берілді. Оның ішінде 115 көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, 82 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға, 20 компьютер - басқа санаттағы балаларға, 69 компьютер - педагогтарға берілді.

Толығырақ...

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Жылы жүрек – жомарт қол» атты мерекелік кеш өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі кешке мектеп өміріндегі білім мен тәрбие беруге қатысты кез келген іс-шара мен игі бастамалардың басы-қасынан табылып, үнемі оқушылардың спорттық немесе өнер сайыстарына облыс, республика көлемінде қатыса алуына мүмкіндік жасап жүретін жомарт жандар шақырылды. Оларға сәби жүрегінен шыққан жыр шумақтары мен әсем әндер арналды.

Толығырақ...

Көкпекті ауылындағы тігінші Жанна Жабекова қолмен тігілген мата маскаларын шығаруды іске қосты. Дәрі-дәрмектің тапшылығы сезіліп отырған бүгінгідей жағдайда бұл бастама тұрғындар үшін де игілікті іс болып отыр.

Ауданымыздың көптеген тұрғындары Жанна Берікбекқызын қолөнер шебері ретінде біледі. Оның жұмсақ ойыншықтарды тігумен айналысатын шағын тігін цехы бар. Бірақ қазір сүйікті мультфильмдердің кейіпкерлерін жасаудың орнына, маскаларды тігуге басты назар аударады. Оның айтуынша, бірінші даналары наурыз айының басында тұрғындар өтініші бойынша тігіле бастапты.
Қазір Жанна ұйымдармен де, бөлшек сатып алушылармен де жұмыс істейді. Бір күнде шамамен 20 бетперде сатылады.
- Мен мекеме қызметкерлері мен қатар, барлық тұрғындар үшін бірнеше рет қолданылатын мас-калар оңтайлы деп санаймын, өйткені оларды әр үш сағат сайын жаңасына ауыстырудың қажеті жоқ. Адамдар өздерін медициналық маскаларды таққанға қарағанда жайлы сезінетін айтады.

Толығырақ...

Қазақ тарихы мен әдебиетінде атақ-даңқы Абайдан асқан, Абайдай танымал, дара туған тұлға жоқ. Даналықтың өлшемі бола білген философ ақынның рухани мұрасы қазақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедия секілді.
Көкпекті ауылындағы «Көкпекті Толағайы» балабақшасының «Еркетай» тобының үйымдастыруымен ұлы тұлғаның 175 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ халқы – Абай халқы» атты әдеби-сазды ертеңгілік өтті.
Абай мұрасы халқымыздың рухани болмысын білдіретін баға жетпес қазына. Әдеби-сазды ертеңгіліктің мақсаты ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, меңгерту. Кемеңгердің өзі айтқанындай, Абай атамыздың артынан өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, халқымен бірге жасай береді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз