ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Темірболат құрыштан құйылған сом білекті, түкті жүректі аталарымыздың даңқ биігін аласартпаған еркін күрестің ер оғланы - Данияр Қайсанов Үнді мұхитының ортасындағы Джакартада өтіп жатқан Азиададан елге күміс жүлде әкелді.

Палуанды туған жері - Көкпекті ауданының тұрғындары қуанышпен қарсы алды. Көкпекті – Самар тас жолының Үлкенбөкен ауылына кіреберісінде аудан әкімінің орынбасарлары - Дәурен Қойгелдин мен Марат Теміржанов, ауданымыздағы белгілі спорт демеушісі, «Елім-ай Көкпекті» агрокешенінің басшысы Болат Мигражұлы Бекбердинов, атақты палуан Алтай Танабаевтар бастатқан аудан жұртшылығы өкілдері автошерумен, қошеметті эскортпен аудан орталығындағы митингіге бастап келді.


Азиаданың жүлдегерін қарсы алу митингісінде сөйлеген сөзінде аудан әкімі Асхат Смаилов ақжарма тілегін, ағалық алғысын Даниярдың ата-анасына, жаттықтырушыларына арнай келе: «Бүгінгі Даниярдың жеңісі талай жасөспірімнің жүрегіне ерлік отын жақты, көңіліне жеңіске деген зор сенім ұялатты, көкейіне ұлы арман қондырды. Спорт ұрпағымызды жеңіске жетелейді, Көкпекті елінде Олимпиада жеңімпазы шығар күн алыс емес. Оған біздің жастардың әлеуеті жететіндігіне мен сенемін»- деді. Жиынға Данияр Қайсановтың ата-анасы Әлібек пен Нұргүл Қайсановтар, Еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әсет Хамитұлы Серікбаев, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, еркін күрестен спорт шебері Алтай Еркінұлы Танабаев, Қазақстан Рес-публикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Миғражұлы Бекбердинов қатысты. Ауданымыздағы дүниежүзілік аренаға шығып жүрген, тау тұлғалы тренерлер – Бақыт Рахимов, Бекболат Рахимов пен жас тәлімгер Өскен Төлеубаевтар да салтанатты жиынның құрметті қонағы болды. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Бек Нұғыбаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Саржанов, аудандық маслихат депутаты Дархан Бердібек және ауыл ақсақалдары мен жастар ұйымдары өкілдері жиылды. Ең бастысы аудан орталығындағы әлемдік, республикалық, облыстық, аудандық бәсекелерде жүлде алып жүрген жеңімпаз спортшы балалар – ауданның «Алтын жастары» шеп құрып, сап түзеді.
Дәулет Тұрлыханов атындағы спорт кешенінің кілемінде жас палуандар таэквандодан, еркін күрестен көрнекті жаттығуларын көрсетсе, Азиаданың күміс жүлдегері Данияр Қайсанов «шеберлік сыныбын» өткізді. Көкпектілік еркін күреспен айналысушы Ерқанат Нұрпейісовке спорт шеберлігіне кандидат белгісін табыстап, «диірмен», «жанай өтіп, арқадан алу» секілді жаттығуларды көрсетті. Жасөспірімдер палуанның қолтаңбасын алып, естелік фотосуретке түсті.
Аудан әкімі палуанның жаттықтырушысына, ата-анасына сый-сияпат көрсетсе, ауылымыздағы әйгілі меценат, ірі кәсіпкер Болат Мигражұлы Бекбердинов жүлдегерге ата жолымен шапан жауып, ат мінгізді. Қашанда жақсылыққа жаны құмар, әманда жастардың қолдаушысы Болат Мигражұлы өз шаңырағында ақ дастарханын жайғызып, еркін күрестен 2018 жылғы жазғы Азиада жүлдегерін жаттықтырушылармен, ата-анасымен қонақ етті.
Бәрін айтта, бірін айт, Индонезия мемлекетінде өткен 2018 жылғы VI-шы жазғы Азиада ойындары аяқталды. Біздің отандас спортшыларымыз ойын нәтижелері бойынша жалпы есепте тоғызыншы орынға жайғасты. Айта кетсек, бұрын соңды Қазақстан әрдайым Азия мемлекеттерінің үздік бестігіне ілініп жүрген болатын. Алайда биылғы Азиада-2018 ойындары қоржынымызға түскен 15 алтын мен 17 күміс медальдарды місе тұттық. Тек қола жүлде бойынша отандастарымыз өз рекордын 44 медальмен орната алды. Медальдік есептің үштігіне Қытай, Жапония және Корея мемлекеттері кірді. Төртінші орынға ойындар өтіп жатқан Индонезия елі орналасса, көршілес Өзбекстан спортшылары алғашқы бестікті аяқтады.

Қайрат БЕСБАЙЫС

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз