ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Маусым айының 4 күні Көкпекті ауданының белсенді жастары Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне тарту ретінде авто шеру және вело шеру ұйымдастырды. Көкпекті жастар орталығының бастамасымен жиналған жеңіл автокөліктер Қазақстан Республикасының көк туын желбіретіп, Көкпекті ауылының орталық алаңынан бастау алды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күні болып жарияланды. Жыл сайын бүкіл еліміз бұл күнді салтанатты түрде тойлап, мемлекеттіліктің маңызды атрибуты – Ту, Елтаңба және Әнұранға құрмет көрсетеді.
Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін бар әлемге паш етіп, мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесіне айналған мемлекеттік Рәміздеріміз бойына бар болмысымызды сыйғызып, тарихымызды көрсетіп тұр.Өткен аптада ауданымызда Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттерін ұлықтаған аталмыш мереке абыроймен аталып өтті.
Мерекеге атсалысушылар тізгіндеген бірыңғай ақ түсті темір тұлпар көк байрағымызды желбіретіп, Көкпекті ауылының көшелерінде автошеру ұйымдастырды. Шеруді балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәлім алушылары патриоттық марафонмен жалғастырды. Шара соңында барлық қатысушылардың куә болуымен ауданымыздың кіре беріс қақпасына Ту ілінді. Туды ілу құрметіне Азия Чемпионы Анатолий Бойков пен қола жүлдегері Рахат Байсақалов ие болды. Өз тұғырына орнап, бір қалыппен көкке көтеріліп бара жатқан тумен бірге ұлттық рухымыз да жоғарылай түсті.
Жиналған қауымға аудан әкімінің орынбасары Даурен Қойгелдин, облыстық жастар ресурсы басқармасының директоры Арайлым Есімбекқызы құттықтау сөзін арнап, қатысушыларға өз алғысын білдіріп автошеруге қатысушы жастарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Патриоттық іс-шаралар легі бұнымен де аяқталған жоқ. Ауданымыздың негізгі қуат күшін құрайтын жастар тобы ауданның төлқұжатына айналған Толағай тауына бет алды. Мақсаттары – тау шыңына да Туымызды көтеру. Толағайдың биігін бірге бағындырған ұйымшыл жастар қатарында аудандық Жастар орталығы, «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары және «Көкпекті жастары» патриоттық ұйымының жастары болды.Сондай-ақ, вело шеруге қатысқан жас балғындарымызға тәтті балмұздақ беріп демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер Надия Айдароваға алғысымыз шексіз.
Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үміті, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Еліміздің ежелден аңсаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі – болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан рәміздерді қастерлеу – азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылады. Рәміздер күні әр аймақта өткен іс-шаралар осы міндеттің маңыздылығын айшықтай түсті.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз