ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов аудан орталығының ардақты ақсақалдарымен кездесті. Бұл басқосуға аудан әкімінің идеология жұмыстары бойынша орынбасары Дәурен Қойгелдин, Көкпекті ауылдық округі әкімінің орынбасары Нина Нұрмұхаметова қатысып отырды.

Кездесу барысында аудан басшысы ардагерлер қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қазыналы қарттардың қоғамда үлкен беделге ие екендігін атап өтті.
– Қасиетті де киелі өлке Көкпектіге облыс әкімі Даниал Ахметовтың сенімімен, жергілікті депутаттардың қолдауымен келіп жатырмын. Баршаңызды ұлық мереке – Рамазан айымен құттықтаймын. Тәуелсіздіктен, бірліктен асқан ешқан-дай қасиетті дүние жоқ. Бірлігі бар елдің ғана іргесі мықты болады, туы әрдайым желбіреп тұрады, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Жиналыс тізгінін өз қолына алған аудан басшысы алдағы уақыттағы бас-ты жұмыстар Елбасының Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асырумен тығыз байланысты екенін тілге тиек етті. Қай заманда болмасын елдің ағасы болған, елі құрмет тұтқан ақсақалдарымыздың еңбегі кейінгі буынға үлгі, ақыл-кеңесі құнды. Сондықтан аудан басшысы береке мен бірліктің ырыс болатынын айтып, ақсақалдар мен басшылар арасындағы байланыс байыпты түрде жалғаса беретініне сенім білдірді.
Еңбекпен шыңдалып, ауданның дамуына түрлі кезеңде өздерінің үлестерін қосқан ардагерлермен ашық әңгіме барысында Асхат Сайдахметұлы ақ-сақалдардың батасын алып, базынасын тыңдады.
Кезекпен сөз алған ардагерлер ауданда қордаланып қалған талай шаруаның басын ашып, ойларын ортаға салды. Көтерілген мәселелер қатарында ауыл ішінде соңғы кездері көптеп салынып жатқан мал баздарын реттеу, саны артып кеткен қаңғыбас иттерді жою, санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіпті нығайту, жазғы мал жайылымын ұйымдастыру, су тасқынынын алдын-алу мақсатында өзен арнасын қалпына келтіру сынды сұрақтар болды. Келелі кездесуде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселесі де айтылды. Қашан да мемлекеттік тіл мәселесін басты назарда ұстайтын тіл жанашыры Ратбек Арынұлы аудан басшысына аталмыш мәселеге көңіл аудару қажеттілігін жеткізді.
Өмірден түйгені мол, тәжірибесі көл-көсір қарттардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған аудан басшысы оларды бірлесе іске асыру жолында жұмыла жұмыс істейтінін, шешімін күткен мәселелер туралы әрдайым өздерімен кездесіп, талқыға салатынын жеткізді. Кездесу соңында елдің қадірлі қарттары аудан әкімінің жаңа қызметіне табыс, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз