Аудан әкімі Асхат Смаилов дүйсенбі 19 қараша күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олар аудан басшысына жер бойынша, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бірқатар өтініштері мен арыздарын жеткізді.
Ең бірінші болып қабылдауға кірген Самар ауылының тұрғыны Берік Дюсюпов 100 бас ірі қараға арналған сүт тауарлы фермасын салу мақсатында жер сұрап келгенін жеткізді. Бұл мәселе алдыңғы қабылдауларда қаралыпты. Жер телімінің иесі «Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы Есенбек Мәмбетов осы жерден бас тартып отырғандықтан, коммисия отырысында жерді азамат Берік Дюсюповқа рәсімдеуге беріліпті. Алайда бүгінгі қабылдауға келген өтініш иесі ол жерді емес, басқа бос жердің берілуін қалайтынын айтты. Аудан әкімі аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. Қ.Алкеновке аудандағы босалқы жер телімдері картасын әзірлеп, Самар ауылында өтетін жеке қабылдауға ала баруын тапсырды.
Аудан басшысының қабылдауына екінші болып кірген Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны Ахмет Карибаевтың да өтініші жер дауы мәселесі болып шықты. Ахмет Төлеуғазыұлы Ұзынбұлақ ауылында орналасқан ғимаратты жеке кәсіпкер сатып алғандықтан, қысқы уақытта 200 бас мал қамайтын орыннын жоқтығын жеткізді. Сондай-ақ, қосымша тағы жер телімін беруді сұрады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы қабылдауға келген Ахмет Карибаевқа жер телімін беру туралы арыз жазуды тапсырды.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың бірі Еркеш Елгонова «Родниковая» вахтасында жұмыс істеген. Жұмыс орны маусыммен істейтіндіктен қыс уақытында жабылады. Ал Еркеш Елгонова қазіргі уақытта бос. Ауыл тұрғынының мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы өтініш берушіге оның мәртебесін анықтау үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бару керектігін айтты.
Аталған мәселелер бойынша тұрғындар өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.