Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі орталық және жергілікті органдардың құзыреті ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес айқындалады. Нормативтік құқықтық актілер қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберілгенге дейін орталық және жергілікті органдар Кодекстің 82 және 83-баптарының талаптарын ескере отырып, реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау қорытындыларымен келіспеген жағдайда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.


Реттеушілік әсерге жүргізілген талдаулардың нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастырылады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган Заңның 19-бабында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және осы орган жанындағы Сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындыларын алуды қамтамасыз етеді.
Әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесі мүшесіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына келіспеу себептерінің негіздемесімен жауап жібереді. Мұндай жауап нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
Әзірленген нормативтік құқықтық актінің әзірленген жобасы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны (бұдан әрі – түсіндірме жазба) қоса бере отырып, жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы әзірленген жағдайда, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында осы жобаға салыстырма кесте де орналастырылады, онда енгізілетін түзетулер бөліп көрсетіліп, әрбір енгізілетін өзгеріс және/немесе толықтыру бойынша жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларына сілтеме жасалып, нақты негіздемелер көрсетіледі.
Әзірленген жобаны және оған қоса берілетін құжаттарды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру қазақ және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган Заңның 20-бабында көзделген тәртіппен осы орган жанындағы Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын алуды қамтамасыз етеді.
Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап Заңға сәйкес қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жатады.
Әзірлеуші органмен барлық сараптамалар алынып, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін, нормативтік құқықтық акт жобасы Әділет органдарына келісуге жолданады. Келісуге түскен нормативтік құқықтық акт жобасына Әділет органдарымен сарптама жүргізіледі. Сараптама нәтижесі бойынша кемшіліктер анықталған жағдайда қайта пысықтауға жолданады. Қемшіліктер анықталмаған жағдайда жоба келісіліп, әзірлеуші органмен мемлекеттік тіркеуге ұсынлады.
Әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқытық актілер Қазақстан Республикасының электронды қадағалау банкіне (ЭҚБ) автоматты түрде жарияланады. ЭҚБ жарияланған нормативтік құқықтық актілермен Қазақстан Республикасының кез келген азаматының танысуына болады.

Ә.Ерназарова,
Нормативтік құқықтық актілерді
тіркеу бөлімінің инспекторы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз