Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына білікті заң көмегін тегін алуға кепілдік беріледі.
Тегін заң көмегін алудың екі тәсілі бар: мемлекет тарапынан кепілдік берілген және кешенді әлеуметтік заң көмегі.
Мемлекет тарапынан кепілдік берілген және кешенді әлеуметтік көмектің басты айырашылығы- бірінші жағдайда адвокаттың жұмысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді, ал екіншісінде заңгерлер өз еркімен және ақысыз заңгерлік қызмет көрсетеді.


Тегін заң көмегін көрсетуге уақыт шектеулері белгіленбейді. Бұл ретте, сол мәселе бойынша азамат мемлекет кепілдік берген заң көмегін бір рет қана ала алады.
1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі құқықтық ақпараттандыру мен кеңес беру, сондай-ақ соттарда тұрғындардың мүдделерін қорғау мен ұсыну қызметтерін қамтиды.
Құқықтық ақпарат беру дегеніміз - заңнаманың кез-келген мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың ауызша немесе жазбаша түрде ақпарат беруі.
Ол барлық жеке және заңды тұлғаларға беріледі.
Кеңес беру азаматтардың өтініштеріне, шағымдарына ауызша және жазбаша кеңес беру қызметін қамтиды.
Бұл орайда құқықтық кеңес беру азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
- алимент, зейнетақы, жәрдемақы, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесі мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, лаңкестік және өз құқықтарын қорғауда азап тартқан құрбандарға;
- асыраушысынан айырылған адамдарға;
- еңбек қызметіне байланысты денсаулығына зақым келуі немесе қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бар адамдарға;
- соғыс ардагерлеріне, әскери қызметкерлерге, мүгедектерге және зейнеткер жасына байланысты, кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ мәселелер бойынша;
- көп балалы отбасыларға;
- кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ табысы төмен адамдарға.
Сотта өкілдік ету - соттарда, құқық қорғау органдарында, өзге де мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік емес ұйымдарда азаматтардың мүдделерін қорғау. Бұл ретте талапкерлер де, жауапкерлер де заңгер қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.
Сотта азаматтардың мүдделерін қорғау әкімшілік жауапқа тартылатын адамдарға; азаматтық іс бойынша талапкерлер мен жауапкерлерге, сондай-ақ әкімшілік іс бойынша талапкерлерге; қылмыстық іс бойынша күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталушыларға, сотталғандарға, ақталғандарға және жәбірленушілерге көрсетіледі.
2. Азаматтарға тегін көмек көрсетудің екінші түрі – кешенді әлеуметтік құқықтық көмек. Ол клиент өтініш берген сәттен басталып, ісі бойынша түпкілікті шешімге дейін қолдау көрсетіліп, жазбаша шарт жасалады.
Алайда, мұндағы басты ерекшелік: азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлікке байланысты даулы жағдайлар бойынша кешенді әлеуметтік көмек көрсетілмейді.
Кешенді әлеуметтік көмек алушылар бірнеше топқа бөлінеді:
- Ұлы Отан соғысының және басқа да мемлекеттердің аумағында болған соғыс ардагерлері;
- зейнеткерлер, оның ішінде қарттар үйінде тұратындар;
- қандастар, босқындар және табысы төмен шетелдіктерді қоса алғанда атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар;
- I және II топтағы мүгедектер;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар немесе мүгедектігі бар кәмелетке толған адамдардың қамқоршылары;
- арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар (мысалы, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жетімдер, үйсіз адамдар).
Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ұқсас – әлеуметтік заң көмегі азаматтардың құқықтарын қорғау үшін құқықтық ақпараттандыруды, кеңес беру және басқа да қызметтерді қамтиды.
Әлеуметтік заң көмегін алу үшін тұрғындар адвокаттар алқасына, тұрғылықты жері бойынша заң кеңесшілері палатасына жүгіне алады. Мұнда азаматтар жеке куәлігі ме тегін көмек алу құқығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
3. Азаматтар үшін маңызды құрал «Е-Заң көмегі» интернет-порталы болып табылады, бұл заң кеңесіне жүгінуге мүмкіндігі жоқ тұрғындарға қатысты. «Е-Заң көмегі» Қазақстанның барлық тұрғындары үшін тегін негізде құқықтық мәселелер бойынша алғашқы заң көмегін (кеңес беру) беру қызметі.
Бұл интернет-порталдың артықшылығы оның қолжетімділігі, пайдаланудың қарапайымдылығы, кеңес алу үшін мамандандырылған заңгерді таңдау мүмкіндігі, отбасы құқығы мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты көптеген мәселелер бойынша көмек алу қызметі болып табылады.
Заң көмегін алу үшін қалаға барудың немесе адвокат іздеудің қажеті жоқ, тек қана интернеттің болуы жеткілікті. «Е-Заң көмегін» интернетпен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын білетін әр азамат пайдалана алады. Бұл үшін ұялы телефонға жүктелетін қосымшаны пайдалану жеткілікті.
Тегін заң көмегін алудың тағы бір жолы – интернет болмаған кезде телефон арқылы кеңес алу. Бұл көмекті сенім телефоны арқылы алуға болады: 1414 немесе 119. Бұл құқықтық ақпараттық қызмет бүкіл Қазақстан бойынша тегін және тәулік бойы жұмыс істейді, онда операторлар мамандандырылған заңгерлермен байланысады, сұрақтарға жауап береді және ұсыныс-кеңес береді. Кейбір жағдайларда операторлар жергілікті мәселелерді шешуге көмектесетін мамандарға бағыттайды.
Республика тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Халық заңгері» науқандары өткізіледі. Аталған іс-шараларда мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер, адвокаттар азаматтарды қабылдайды және тегін заң көмегін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір азамат білікті заң көмегін алуға құқылы. Азаматтарға тегін заң көмегін көрсету тұрғындар үшін өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында маңызды ресурс болып табылады. Азаматтардың өз құқықтары мен қол жетімді мүмкіндіктерін білу – кез-келген заңды мәселелерді шешудің алғашқы қадамы.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқық түсіндіру және үйлестіру департаменті

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз