Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізде жайылымның жетіспеуі – ауыл шаруашылығы саласы үшін өзекті мәселе. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Көкпекті ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Алкенов баяндап берді.

- Аудан аумағы әкімшілік шекарасында 909936,0 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 561027,2 гектар, елді мекен жерлері – 129984,0 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер – 1705,6 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері – 13853,3 гектар, су қорының – 60285,0 гектар және босалқы жерлер 143117,0 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер құрамында ауыл шаруашылығы алқаптары – 557633,2 га, оның ішінде егістік – 123065,1 га, тыңайған жерлер 1323,9га, шабындық – 43045,1 га, жайылым – 390199,2 га алады, - дейді бөлім басшысы.


Биылғы жылы аудан бойынша 10 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тексеріс жүргізу және мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған.
2024 жылы Көкпекті ауданы бойынша жалпы көлемі 7388,3640 гектар жер оның ішінде 197,1 гектар шабындық, 7187,3900 гектар жайылым, 3,8743 басқа жерлер құрайтын 15 жер учаскесінің жалдау шарты бұзылып, мемлекет мешігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесінде малдары жоқ бола тұра, жеке және заңды тұлғалардың иелігінде 10 жер телімі анықталды. Анықталған жер телімінің жалпы көлемі 6067,1 гектарды құрайды, оның ішінде 446,0 егістік, 31,4 шабындық, 5506,7 гектар жайылым, 83,0 гектар басқа жерлер Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментіне Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес тексеріс жүргізіп мәжбүрлеп алып қою шараларын жүргізуге жолданды, - дейді Қуат Құмарбекұлы.
Айта кетейік, арнайы құрылған жұмыс тобының мониторинг жұмыстары жалғасады. Бұл бағыт бойынша бос жер телімдері анықталған жағдайда мемлекет теңгеріміне алынады.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз