Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2021 жылғы 16 қарашада Көкпекті ауданына Pfizer компания-сынан жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялауға арналған «Комирнати» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.
«Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК баспасөз хатшысы, дәрігер-эпидемиологы Елена Ивановна Сорокина вакцина «суық тізбектің» барлық жағдайларын сақтай отырып, арнайы автокөлікпен минус 76 цельсий градус кезінде аса төмен температуралы мұздатқыш камерада жеткізілгенін айтты. Вакцинаның ҚР ДСМ КМФК «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен берілген 11.11.2021 жылғы № KZ.0140 және KZ.0139 сәйкестік сертификаты бар.


- «Комирнати» - бұл SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін мРНҚ (нуклеозидтермен өзгертілген) негізінде жасалған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина. Pfizer вакцинасын американдық трансұлттық фармацевтикалық компаниясы әзірледі.
«Комирнати» құрамында иммундық қорғаныс тудыратын вирус жоқ және КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес. Бір құтыда сұйылтқаннан кейін 0,3 мл-ден 6 доза болады. 1 дозада (0,3 мл) құрамында мРНҚ негізінде (липидті нанобөлшектерге капсулаланған) және қосымша заттарға негізделген 30 мкг КВИ вакцинасы (BNT162b2) бар, - дейді Елена Ивановна.
КВИ - ға қарсы «Комирнати» вакцинасымен мынадай адамдар екпе алуға жатады: - 12 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер; - жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 - дан 37- аптасына дейін); - лактация кезеңіндегі әйелдер-босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін).
Екпе жүргізер алдында коронавирусқа КВИ мен антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді. Вакцинациялау ерікті түрде, жасөспірімнің ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен(белгіленген үлгіде) ғана жүргізіледі.
«Комирнати» вакцинасын енгізуге қарсы көрсетілімдер мыналар: 1) әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия; 2) 12 жасқа дейін; 3) 16 аптаға дейінгі жүктілік; 4) анамнезінде полиэтиленгликольге немесе ұқсас молекулаларға белгілі ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдарға, өйткені полиэтиленгликоль вакцинаның компоненті болып табылады.
18 қарашада біздің ауданда жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакцинациялау басталды. Бұл күні Көкпекті аудандық ауруханасында 13 жастан 17 жасқа дейінгі 5 бала және 1 жүкті әйел екпе алды.
Жасөспірімдер арасында вакцинацияның басталуы туралы ата-ана Самал Ардагерқызы Мурзабаева өз пікірімен бөлісті.
- Бүгін менің қызым вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды. Вакцинация кез-келген жағдайда қажет деп санаймын. Көкпекті өңірінде COVID-19-ға қарсы екпе науқаны енді ғана басталғанда, мен өзім алғашқылардың бірі болып екпе алдым. Біз әртүрлі аурулар тұмау, қызылша, қызамыққа қарсы вакцинация аламыз. Егер аурудың алдын-алудың тиімді әдісі болса, оны міндетті түрде қолдану керек. Вакцинациялау да дәл осындай. Әрине, екпе алу немесе алмауды әркім өзі шешеді. Бірақ әрқайсымыздың денсаулығымыз осы таңдауға байланысты екенін ұмытпаңыз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз