Біздің ауданда Сovid 19 вирустық инфекциясына қарсы екпе алу науқаны қызу жүріп жатыр. Алғашқы еріктілер медициналық қызметкерлердің бақылауында болып, вакцинаның екінші компонентін алды.
- Қауіпті індетке қарсы вакцинаның бірінші және екінші компонентін алу кезінде тұрғындар өздерін жақсы сезінді, шағымдар, жағымсыз әсер болмаған. Екпені салдырмас бұрын әр адам вакцинаның құрамы мен өндірушісі туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы. Қауіпті індетке қарсы вакцинация алу ерікті негізде екпе алушының келісімімен қойылады. Әрбір екпе қойдырушы дәрігердің тексеруінен өтті.
Наурыз айының соңында Көкпекті ауданына Қарағанды облысынан ҚР ТЖМ күштерінің әскерилері жергілікті атқарушы органдар мен халыққа көмек көрсетуге келген болатын. ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімнің жиынтық механикаландырылған отряды біздің ауданда көктемгі су тасқынына қарсы шараларды өткізу мақсатында жұмыс жүргізді.
Төтенше жағдай қызметінің құрамы су бөгеттерін нығайтып, арықтардың арнасын кеңейту,тереңдету, бұрылған суға арналған орындарды дайындауға кірісті. Атап өтсек, осы уақытқа дейін олардың көмегімен 3000 қап инертті материалдар дайындалды, су тасқыны қаупі бар учаскелерге 700 қап инертті материалдар төселген. Самар, Преображенка, Миролюбовка ауылдарындағы 3 км арық желілері, Мариногорка ауылдық округіндегі 5 су өткізу құрылыстары тазартылған. Су тасқыны жағдайына және су тасқынына қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізуден басқа, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына практикалық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 7 үйдің арықтары мұз бен қардан тазартылды, отын дайындалды және кесілді. Сонымен қатар, құтқарушылар ЖАО қызметкерлерімен және жергілікті құтқарушылармен бірлесіп, Үлгілімалшы ауылдық округінің аумағында орын алған дала өртін сөндіруге қатысты.
Көкпекті ауданында Волейбол спорты жаңа серпін алуда, бұл біздің волейболшыларымыздың әртүрлі деңгейдегі жарыстардағы табыстарынан айқын көрінеді. Бұған ауданның балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен басшылығы, сондай-ақ спортты бұқараға насихаттап жүрген мектептердің дене шынықтыру мұғалімдері үлкен үлес қосуда.
Ұлттық Мектеп лигасы - бұл ауылдық жерлерде жас таланттарды табуға мүмкіндік беретін спорттық жарыстар, мектеп спортындағы ерекше жоба. «Шұбар доп» атты волейбол жарысы оның бір бөлігі болып табылады.
Толағай тарланы Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасына аттанар алдында туған жердің топырағынан рух алып қайтты. 16 сәуір күні еркін күрес шебері аудан басшылығының арнайы шақыруымен алғашқы бапкері, әкесі Әлібек Қайсанұлымен бірге Көкпекті ауданына ат басын бұрды. Аудан әкімі Раджан Сейтқановпен кездесіп, дене шынықтыру сауықтыру кешенінде жас балуандармен шеберлік сыныбын өткізді.
Аудан әкімі Раджан Қайрқанұлы алдағы әлемдік додада ел намысын қорғайтын балуанға Көкпекті халқының ыстық ықыласын жеткізді. Әлемдік додаларда еліміздің көк туын абыроймен асқақтатып жүрген жерлесімізге алғыс хат табысталып, батыр ұлды тәрбиелеген әкесінің иығына ұлттық дәстүрмен оқалы шапан жабылды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов даңқты жерлесімізге батасын беріп, сәттілік тіледі.
Тәу етер тәуелсіздікке қол жеткен соң, ұлттық мәдениет пен ұлан-байтақ дәстүрді тануға ұмтылыс басталды. Ұлттық дамудың семіп қалған тамырына қайта нәр құйылып, өркениеттің тәжі тұғырға қонды. Өткенді мұқият зерделемей, келешектің кемелденбесін ұқтық. Мемлекетіміздің тарихи бастауларына сапар шегіп, құс қанаты талатын Ұлы даланы қорғап қалған бағзы бабаларымызға тағзым жасадық. Сол тиекті тағылымға «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мұрындық болды. Бұл тәуекел ел мүддесін көздеген ең ұлы оқиғалар шеруіне ұласты.
Тасқа қашалған тарих та, көнекөздерден жеткен дәйекті дерек те ерте заманның өзінде қазақ жерінде іргелі мемлекет болғандығын әйгілеп қана қоймай, оның өз уақытына лайық шаруашылығы, терең мәдениеті бар екенін көрсетті. Ешкімге дес бермеген, еш нәрсеге мойымаған халқымыз бертінде тап болған бодандықтың бұғауынан босап, еркіндік туын қайта қолға алды. Ендеше бұл бағытта аңсап жеткен азаттықтан ешқашан ажырай алмасымыз анық. Бірлігі бар елдің іргесі берік болатынын ілгері заман әйдіктеді. Біз жаңа дәуірдің табалдырығын еңсемізді көтеріп аттадық.
Қарауыл, Чернобыль, Семей, Дегелең, Мыржық деген атау-лар Кеңес өкіметі 70 жыл тұрғанда жай аталмады. Қарауыл - Шыңғыстаудағы Абай ауданының орталығы. Семей өзі бір ұлыс болып, облыс дәрежесінде дүркіреді. Мыржық пен Дегелеңде Абыралының шопандары ақтылы қой өргізіп ерледі. Ал Чернобыль 1986 жылы сәуір айында дүниені даң қылып, атом реакторы апатын жасады.
Чернобыль апаты - Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 жылдың сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді.
Біздің облыс бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 15 сәуірде № 5 Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында СОVІD-19 коронавирус инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы кезекті қаулы шықты. Облыстық құжат 19 сәуірде күшіне енді. Тұрғындарға қаулыны түсіндіру мақсатында біз Көкпекті аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Қабышқызы Абдрасуловамен сұхбаттастық.
- Гүлмира Қабышқызы, облыстың бас санитарлық дәрігері Қ. А Тұрдиевтің кезекті қаулысының негізгі мәні неде?
- Ол 2021 жылғы 19 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық немесе өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шараларын ұзартудан тұрады. Облыс аумағында СOVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері қайта қаралуы мүмкін.
В наше время трудно представить себе современное общество без надежного помощника – автомобиля. При этом в понятие «автомобиль» можно вложить определение любого наземного автотранспорта: легковая и грузовая машина, автобус, троллейбус, микроавтобус и другая техника.
И вся эта армада из металла, резины, пластика требует постоянного обслуживания и ремонта. Поэтому среди рабочих специальностей профессии автослесаря, механика являются, на мой взгляд, одними из самых престижных и востребованных.
Грамотный и универсальный автослесарь, который умеет проводить все диагностические и ремонтные работы, всегда будет иметь возможность работать как в большом автосервисе или автопарке, так и в собственной мастерской.
Ағымдағы жылдың 10-11 сәуір күндері Семей қаласында Nomad MMA» жауынгерлік өнерінің қазақстандық түрі бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған Шығыс Қазақстан облыстық турнирі өтті. Турнирге ауданымыздың атынан Преображенка орта мектебінен 5 жас споршы қатысып, жүлделі орындарды алып келді. Турнирді Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті ұйымдастырды.
Чемпионат барысында аудан спортшылары Преображенка орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Аманжол Құнанбаевтың басшылығымен қарсыластарын жауырынға қойып, тамаша нәтиже көрсетті. Тәуелсіздіктің мерейтойына арналып ұйымдастырылған ашық турнирға бес спортшы қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша аудан қоржынына төрт спортшы жүлделі І орынды жеңіп алды. Атап өтсек, 35 келі салмақ дәрежесінде Заур Коряев, қыздар арасында 50 келі салмақта Дильназ Лайшева, 60 келі салмақ дәрежесінде Ұлан Есімхан, 65 келі салмақта Самғат Төлеуғажы чемпион атанды.
Өз салмағы және жас категориялары бойынша жеңімпаздар арнайы кубок және мадақтама қағазымен марапатталды.
Өз атымыздан марапат иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта өтетін спорттық додаларда биік межелерден көрінулеріңізге тілектестігімізді білдіреміз.
Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтіледі. Тақырыптық шара «Барлығына денсаулық» ұранымен өтуде. Самар Орталық кітапханасының кітапханашылары «Денсаулық - адамның баға жетпес байлығы» атты тақырыптық кеш өткізді. Тағылымды шараға «Сударушка» және «Шаңырақ» клубтарының мүшелері шақырылды. Тақырыптық кеш «Денені қалай нығайтуға және ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтауға болады», «Дене жаттығулары мен дене шынықтырудың пайдасы», «Дұрыс тамақтану және оның пайдасы» атты үш тақырыпты қамтыды. Дүниежүзілік денсаулық күні туралы таныстыру презентациясы ұсынылды. Тақырыптық кеш барысында қатысушылармен денсаулық туралы қызықты викториналар өткізілді. Қарт адамдарға денсаулықты сауықтыру жайлы ұсыныстар мен кеңестері бар жадынамалар таратылып, оларға пайдалы физикалық жаттығулар көрсетілді. Шара соңында «Денсаулық туралы дана сөз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Сәуір 2021 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 |