Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біздің ауданда Сovid 19 вирустық инфекциясына қарсы екпе алу науқаны қызу жүріп жатыр. Алғашқы еріктілер медициналық қызметкерлердің бақылауында болып, вакцинаның екінші компонентін алды.
- Қауіпті індетке қарсы вакцинаның бірінші және екінші компонентін алу кезінде тұрғындар өздерін жақсы сезінді, шағымдар, жағымсыз әсер болмаған. Екпені салдырмас бұрын әр адам вакцинаның құрамы мен өндірушісі туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы. Қауіпті індетке қарсы вакцинация алу ерікті негізде екпе алушының келісімімен қойылады. Әрбір екпе қойдырушы дәрігердің тексеруінен өтті.


Ал вакцинациялау кезінде медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда екпе алу сауыққанға дейін кейінге қалдырылады, - дейді «Көкпекті ауданының № 2 ауруханасының» дәрігер-эпидемиологы Күләш Қабиденқызы Көшербаева. - Самар аймағында вакцинациялау жалғасуда. Ауылдық округтерде Ковид-19 вакцинасын алуға болатын егу пункттері жұмыс істейді. Вирусқа қарсы екпе алуға тұрғындар белсенділік танытуда. Мысалы, бүгінгі күні, яғни 2021 жылдың 20 сәуірінде 530 адам екпе алды. Оның ішінде-медицина қызметкерлері – 80 адам, педагогтар - 136, полиция қызметкерлері - 23, ТЖМ қызметкерлері – 1, мемлекеттік қызметкерлер – 10, ХҚКО қызметкерлері – 1, Самар АӘҚКО қызметкерлері мен контингенті – 74 адам, созылмалы аурулары бар адамдар - 77 адам, басқалары-127. Вакцина алған Самарлықтар алғашқы әсерлерімен де бөлісті.
Александр Николаевич Нарожнев, Рыбпром ЖШС филиалының директоры:
- Бүгінде коронавирус инфекциясымен күресу жағдайы өте күрделі. Қауіпті індетпен күресте еліміз де вакцинациялаудан өту қажет. Менің ойымша, әркім екпе алу науқанына жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуы керек. Өйткені, әр адамның денсаулығы өз қолында.
Ерназар Сауых, Самар ауылдық округінің жетекші маманы:
- Мен жастар өкілі ретінде барлығын Covid-19 вакцинациясын қабылдауға шақырамын. Тек вакцинация алу арқылы ғана біз осы вирустық инфекцияны жеңе аламыз. Мен вакцинацияның екі компонентін де алдым, ешқандай кері әсері болған жоқ. Мен өзімді жақсы сезінемін. Көптеген құрдастарым менің азаматтық ұстанымымды ұстанады деп үміттенемін. Біз сау боламыз!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз