Барлық ауылдық округтерде аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сенбіліктің негізгі мақсаты - ауылымыздың тазалығын және экологиялық жағдайын жақсарту. Осыған байланысты Иван Федосов атындағы Мәдениет үйінің ұжымы өз аумағында сенбілік өткізді. № 1 Самар орта мектебінің еріктілері бұлақты тазалады. Самар аграрлық-техникалық колледжінің еріктілері ауылдың ақсақалдарына көмектесіп, үйдің маңайы мен ауланы тазартты. Әкімдік қызметкерлері Букетов, Самарға 100 жыл, Астана көшелерінде сенбілік өткізді. «Тазалық табалдырықтан бас-талады», сондықтан біз қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуға шақырамыз.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, облыс әкімінің кубогына арналған спартакиадалық іріктеу ойындары ұйымдастырылды. Командалар арасындағы ойын Самар ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде және де спорт модулі ғимаратында өтті.
2021 жылдың 20 сәуірден бастап заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу акциясы өткізіледі.
Көкпекті АПБ заңсыз сақтаудағы оқатар қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды өз еріктерімен ішкі істер басқармасына тапсыруды ұсынады. Көкпекті аудандық полиция бөлімнің қарулар мен оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тапсырушыларға жауапкершіліктің қайсысынан болса да, соның ішінде қылмыстық жауапкершіліктің барлық негіздерін жоятынын түсіндіреді.
Өзiнде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азаматтар Көкпекті АПБ 102,2-17-94, 2-19-49 телефондары арқылы хабарласуға болады. Мекен жайымыз: Көкпекті ауылы, Астана көшесі 33, кабинет №29.
Көкпекті ПБ АжҚҚАБТ лицензиялық-рұқсат ету жүйесі.
Жақында Көкпекті аудандық ауруханасының жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне көпфункционалды төсек-трансформерлердің кезекті партиясын алды. Олар медициналық персонал үшін ең аз жүктемесі бар пациентке қауіпсіз күтімді қамтамасыз етеді.
Алынған төсектер жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің жоғары талаптарын толығымен қанағаттандырады. Заманауи құрал-жабдықтармен және оның маңыздылығымен бізді дәрігер-реаниматолог Әділет Мұратұлы Мамаев таныстырды.
Қауіпті вирустан қорғанудың бірден-бір жолы – вакцина. Мұны аудан тұрғындары жақсы түсініп келе жатқанын Көкпекті аудандық ауруханасының егу пункттеріне барып куә болдық. COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында еліміздің барлық аймақтарында оған қарсы екпе салдыру науқаны жүргізіліп жатыр. Көкпекті ауданында COVID-19-ға қарсы вакцинация басталған сәттен бастап бір айдан астам уақыт өтті. Естеріңізге сала кетсек, біздің өңірде қатерлі індетке қарсы егу жұмыстары наурыз айында басталды. Алғашқы кезекте медицина қызметкерлері мен мұғалімдер салдырды. Біздің ауданда коронавирусқа қарсы вакцина алу мен екпе жұмыстарына деген қызығушылық өте үлкен, бұл қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі. Сондықтан біз оны газетіміздің беттерінде үнемі жариялап отырамыз.
14 сәуір күні Көкпекті ауданына Семей қаласынан 600 доза көлемінде Гам-КОВИД-Вак вакцинасының I компонентінің екінші партиясы келді. Ал Самарға вакцинаның 580 данасы бөлінді. Сол күннен бастап вакцина салудың екінші кезеңі басталып, 30 адам екпе салдырды. Алғашқылардың бірі болып аудандық маслихат хатшысы Талғат Манапұлы Сарманов өзінің азаматтық борышын орындап, індетке қарсы екпе алды.
Вакцина алуға келген ұстаздар қауымының арасынан Мамай ауылындағы Аманкелді орта мектебінің директоры Серік Тұрсынғазыұлы: - Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін әр мұғалім жа-уапты. Сондықтан вакцина алуды өзімнің азаматтық міндетім мен борышым деп санаймын. Бүгінгі күні Аманкелді орта мектебінің ұжымында шамамен 36-ға жуық адам қызмет істейді. Солардың барлығы екпе алуға өз еркімен келіскен. Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын. Әлемді жайлаған індеттің таралу қауіпін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз», - дейді мектеп директоры Серік Қалдыбаев.
Аудан әкімінің кезекті қабылдауында Самар өңірінің тұрғындарынан су құбырларының тесіліп, жер тоңының қатуына байланысты тұрғын үй секторындағы ауыз судың жетіспеушілігі туралы және Палатцы ауылдық округі аумағынан шаруа қожалықтарының жер телімдерін иеленуі мен пайдалану жөніндегі даулы мәселелерге қатысты екі өтініш түсті.
Екі жағдайда да Раджан Қайырқанұлы өтініш берушілерге Заңның аясында, ешкімнің құқығына нұқсан келтірмей, заң талаптарына сай егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
15 сәуірде «Nur Otan» партиясы Көкпекті аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Саяси кеңес Бюросының жұмысына аудан әкімі Раджан Сейтқанов қатысты. Күн тәртібінде БПҰ жиналыстарын өткізу кестесін және есеп беру-сайлау конференциясының күнін бекіту туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ 8 қоғамдық кеңестің төрағалары мен құрамын бекіту туралы сұрақтар қарастырылды.
Партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүйелі жүзеге асуын қадағау бойынша партия филиалы жанынан 8 Қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болады. Кеңес құрамына партияның белсенді мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, әйелдер, жастар өкілдері кірді. Әрбір кеңес Сайлауалды бағдарламаның нақты бағытымен айналысатын болады.
Раушан Кемербаева, «Nur Otan» партиясы
Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары
Тәуелсіздікті әркім әртүрлі түсінеді. Бірі оны – ар мен ождан айқасы десе, бірі Тәңірден келген тәтті сыйға балайды. Әрине, алғашқы теңеудің артық-кемі жоқ. Ал екіншісі көңілдің желімен айтылған лала лебіздей көрінеді кейде.
Неге десеңіз, бабаның мөрдей қанымен, ананың көлдей жасымен келген азаттықтың ақ таңын кәдесыйдай көру – тарихы ықылым дәуірлермен шектесіп жатқан жас мемлекетіміздің байтақ мәнін бәсеңдететіндей.
Ұлы Отанымыз бүгінге дейін небір қиындықтарды еңсерді. Алда ұлы мұрат жолында әлі талай асулар жатыр. Біздіңше, тәуелсіз буын түсінігіндегі «Тәуелсіздік» басқаша болуы тиіс.
Ежегодно 7 апреля отмечается Всемирный день здоровья. Он является важным праздником для каждого, кто заботится о своем благополучии и здоровье. Благодаря ему ежегодно поднимаются вопросы, которые затрагивают всё человечество и непосредственно влияют на нашу жизнь, здоровье и долголетие. В этом году праздник отмечается под лозунгом «Здоровье для всех!».
В селе Самарское ведутся работы по расчистке территорий. Основные цели уборки – санитарная очистка нашего села и улучшение его экологического состояния, привлечение внимания населения к проблеме чистоты нашей деревни и воспитание экологической культуры.
В связи с этим коллектив Дома культуры имени Ивана Федосова провел на своей территории субботник. Добровольцы Самарской средней школы №1 провели уборку родника. Волонтеры Самарского аграрно-технического колледжа помогли старейшинам нашего села, провели уборки в домах и дворах. Работники акимата организовали субботник на улицах Букетова, Самарға 100 жыл, Астана.
«Чистота начинается с порога», поэтому мы призываем вас взять на себя ответственность за чистоту окружающей среды.
Аппарат акима
Самарского сельского округа
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Сәуір 2021 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 |