Қарауыл, Чернобыль, Семей, Дегелең, Мыржық деген атау-лар Кеңес өкіметі 70 жыл тұрғанда жай аталмады. Қарауыл - Шыңғыстаудағы Абай ауданының орталығы. Семей өзі бір ұлыс болып, облыс дәрежесінде дүркіреді. Мыржық пен Дегелеңде Абыралының шопандары ақтылы қой өргізіп ерледі. Ал Чернобыль 1986 жылы сәуір айында дүниені даң қылып, атом реакторы апатын жасады.
Чернобыль апаты - Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 жылдың сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді.
АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды.
Қашанда апаттың ортасында жүріп, елдің амандығы үшін жанын аямайтын қазақтар – Чернобыль апатының салдарын жоюда да алғы шепте болды. Көкпекті ауданынан Чернобыль АЭС-інде болған жарылыстан кейін, ол маңға барған қазақстандықтардың енді бірі – қазір Алматыда тұратын тассайлық Айтқали Жүнісов. Оны Чернобыльге 1987 жылы әскери комисариаттың шақыруымен апарған. Ол кезде ұлы Қайрат екі айлық нәресте екен. Ақпаннан тамызға дейін алты айдан аса қызмет етіп, елге оралады. Басында жастықпен зардабын біле қоймадық. 20-30 ренгенге дейін сәуле алыппын.
- АЭС-тің жарылған төртінші бөлігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың станцияға кіріп-шығуын қадағалап, дозиметрмен радиацияны өлшеп тұрдым. Бос қалған Холм ауданындағы Новосельский ауылында тұрдық. Екі айдан кейін реактордың тура өзіне бардық. Үстімізде химиялық қорғану костюмі, 5-10 қана реактордың басында боламыз. Одан соң жуынып, таза киініп шығамыз. Менің әскери мамандығым химик-дозиметрист болғандықтан, көбіне көп радиацияны өлшеумен айналыстым, – дейді ол.
Аждаһаның аузында болғанымды елемеппін де. Әйтеуір жан жарым Нұрсұлу мен балаларым - Динара мен Қайратымды көргеніме қуандым.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев ақсақалдың айтуынша, Көкпекті ауданынан барған 19 кісінің төртеуі қайтыс болыпты.
Енсебаев Өнерхан Оразұлы, Жонқабаев Болат Билялұлы, Қаймулдинов Қайрат Қажиекперұлы , Елікпаев Садыбек Жембекұлы, Юсупов Жағыфар Нұрғалиұлы, Гордеев Василий Павлович, Тоқтасынов Айдар Сеилқұмарұлы, Құрманов Сансызбай Қайрғазыұлы, Кутузов Василий Григорьевич, Санатов Мырзабек Төлегенұлы, Мұсанов Нұртай Қанашұлы , Симикин Сергей, Рамазанов Дүйсенғали Айткенұлы, Көшербаев Әділбек, Мұхаметжанов Әнуархан Қилымбекұлы, Шегедекбаев Ғабдолла Сафиолдинұлы, Жүнісов Айтқали Қапасұлы, Мулюков Габдулхай Загиевич, Кельдекенев Мұхамедқан.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.