Издревле Калбатауская земля славится храбрыми и мужественными батырами, которые твёрдо стояли на защите родного края от внешних врагов. Слово, данное ими на верность служения своему народу, было твердым, как кремень. Во время одной из кровавых схваток с монголо-татарами, батыры двух сторон решили прийти к одному разумному соглашению: когда кто-нибудь из воинов сможет первым перенести на вершину Калбатау самую большую каменную глыбу, тогда и остановим кровопролитие, заключим мир. Первым вызволился это сделать казахский батыр Кокжал Барак, который и перенес каменную глыбу, и был восстановлен мир.
Вот таким образом Калбатауские арланы непревзойденной силой повергали своих соперников. Одним из таких сильнейших борцов своего времени, возродивших в Казахстане армрестлинг и гиревой спорт, является наш земляк Мухамедолла Сагидуллинович Агзамов
29 ноября, в преддверии празднования Дня Первого Президента Республики Казахстан, в средней школе имени Ж.Чайнжунусова села Кокпекты состоялся торжественный прием в ряды республиканского общественного объединения единой детской организации «Жас қыран».
Целью объединения является воспитание подрастающего поколения патриотами Родины на основе любви и преданности казахстанскому народу, культуре, традициям, на основе толерантности и миротворчества, неустанного стремления к знаниям, самосовершенствованию, гармонии жизни с высоким чувством ответственности и сопричастности к истории Отечества, настоящему и будущему Независимого Казахстана.
Ақой ауылындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде 29 қараша күні Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне байланысты «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты оқушылар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, ептілік пен жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болып, байланысты жақсарту. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа, өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.
Көкпекті ауылында халықтың әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, экономикалық көрсеткіштер өскен. Ауылда әлеуметтік нысандар салынып, қаймана халық бұл күнде игілігін көруде. Дамудың даңғыл жолына түскен ауылда мұнан да өзге ауыз толтырып айтарлық жетістік көп. Бұл жөнінде Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазыұлы баяндап берді.
Ауылдық округтің әкімі Қайрат Алғазыұлы сөзін ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігінен бастады. Бұдан кейін әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, өткен жылы қолға алынған бірқатар маңызды шаруалар мен атқарылған жұмыстар жайлы айтып берді.
- Мәселен, соңғы 6 ай көлемінде аудан орталығы Көкпекті ауылы көз тартарлықтай өзгеріп кетті. Көкпекті ауылында 3 саябақ салынып, Заречка кентінде жолдар мен көшелер жөнделді.
28 қараша күні аудандық Тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті қызметіне сайланды, екі аптадан кейін Тәуелсіз Қазақстанның басшысы болды.
Осы айтулы мереке қарсаңында мұражай қорының сақтаушысы Клара Смаилова Шәріптоғай негізгі мектебінің, Амангелді орта мектебінің және Көкжайық мектебінің оқушылары қатысқан тақырыптық іс-шара ұйымдастырды. Сондай-ақ, Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебі де ұйымға көмек көрсетті.
Ағымдағы жылдың 28 қараша күні, Көкпекті ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен еркін күрестен 2005-2006, 2007-2009 жылғы ұлдар арасындағы Тұңғыш Президент күніне арналған аудандық дәстүрлі ашық турнирі өткізілді.
Аталмыш жарысқа Глубокое, Жарма, Зайсан, Тарбағатай аудандары және Көкпекті, Самар, Үлгілімалшы, Көкжайық, Бастаушы командаларынан барлығы 123 оқушы қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Жарыстың ашылу салтанатында спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Ал жарыстың бас төрешісі, БЖСМ жаттық-тырушысы Жандос Серіков жиынды жалғастырып, жарыстың бағдарламасын, жарыс тәртібін түсіндірді.
Адамзатқа ертеден белгілі сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Өкінішке орай, әлемнің барлық елдері сияқты «сыбайлас жемқорлық» біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндіретіндігін нақты көрсетіп, әрбір Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудағы негізгі бағыттарды айқындап отырды.
Ағымдағы жылы шілде айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес тәуелсіз құқық қорғау органы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Агенттік жұмысының басым бағыттары ретінде – сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері айқындалды. Осы орайда, Агенттік алдында тұрған ауқымды мәселелердің бірі – «жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші» осы келеңсіз құбылыспен күресте тек мемлекеттік қызметшілердің емес, барлық қазақстандықтардың күш-жігерін біріктіру.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Жас қыран» бірыңғай жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
«Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!» деп ұрандаған, жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар «Жас қыран» құрамына мүшелікке қабылданды. Ұйымының мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. Болашақта «Мәңгілік ел» тізгінін ұстайтын азаматтар, бүгінгі «Жас қыран» қатарына қабылданған оқушыларымыз екені анық. «Жас қыран» ұйымына 32 оқушы қабылданды.
«Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға галстуктерді табыстау рәсімін Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы» Баянды Кәкенұлы Қожамбетов және Жастар орталығының маманы Ақбота Бақытбекқызы Асылханова, мектеп директоры Қажет Жүнісбековке, ұстаздарға және ата-аналарға берілді.
Қалбатауды жайлаған ел әлмисақтан мәрттігімен, ерлігімен, бір ауыз сөзге тоқтар, уәдесін бұзбас серілігімен белгілі болған. Тіпті ел мен ел жауласқан жаугершілік заманында айтқан серттен қайтпай, берген уағдаларын берік ұстанған. Қазақ-қалмақ арасындағы кантөгіс қырғын болар бір ұрыста екі жақ шеп құрысып, майданға тұрады. Әскердің дені өрімдей жастар, енді бұларды біріне-бірін қырғызса, ертең ұрпақ та қалмауы мүмкін. Тақ осы кезде, екі жақтың сардарлары келіссөз жүргізе келіп: «Кімде кімнің сарбазы, анау Қалбатаудың биігіне түйетасты бірінші болып көтеріп шықса, қантөгісті тоқтатып, бейбіт жолмен келісімге келейік» десіпті. Сондағы қазақ-қалмақтың арасынан шыққан қос палуанның ішінен Көкжал Барақ батыр түйетасты Қалбаның шыңына бірінші болып көтеріп апарыпты. Қазақ-қалмақ әскері соғысты тоқтатып, күш атасын мойындап мәмлеге келген екен.
Міне Қалбатауының қабыландары білек күшімен атам заманынынан қарсыластарын мойындатқан. Осы дәстүрді қайта тудырып, Қазақстанға әкелген әлемге әйгілі армрестлингші, гір спортының әлемдік тұлғасы – Мұхамедолла Сағидоллаұлы Ағзамов.
Ән адамзатты біріктіреді, бұл халықтың сан ғасырлық тәжірибесі, өнер және тұрмыспен бірге жасап келеді. Бұл ұлт тұлғасын, оның өзіндік ерекшелігін, бірегейлігін, әлеуметтік және рухани ерекшелігін анықтайтын салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар. Халық әндерін тудырушылар жақсылық, батылдық, кісілік, әділдік сияқты адамзаттық құндылықтарды жырлайды. Олардың шығармашылығында халықтың өмірі, энергиясы, қарапайымдылығы мен шынайылығы адамгершілігі көрініс табады. Халық әні адамға қайғы-мұңды сездіріп, күлдіре де жылата алатын күшке ие. Ән сөздің, ырғақтың және дыбыстың көмегімен адамға билік етеді, адамның және қоршаған ортаның қарым-қатынасын реттейді.
Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Самар ауылы И.К.Федосов атындағы Мәдениет үйінде ақ жаулықты әжелерден құралған «Асыл қазына» этнографиялық фольклорлық ансамблінің 10 жылдық мерейтойына арнаған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік безендірілген залда «Асыл қазына» әншілері мен олардың шығармашылығына жанкүйер жандар қатысты. Ұжым ауылдың мәдени өміріне және аудандық барлық іс-шараларға белсенді қатысады.
Бағдарламаның жүргізушілері Айымгүл Ыхай мен Лариса Климентьевна Гебель сахна төріне салтанатты шара қатысушыларын шақырды. Көрермендер ұжым жетістіктерінің бейнетаныстырылымын, фотосуреттерді көріп, әр қатысушы туралы сырлы естеліктерді тыңдады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.