Алтын той- ерлі зайып-тылардың шаңырақ кө-теріп отасқанына елу жыл өткенде тойланатын үлкен қуаныш. Мерейлі мерекеге аман-есен жеткен жұбайлардың барлығы бұл күнді атап өтуге тырысады.
Өйткені «Алтын той» ендігі жерде бұл некені ешкім бұза алмайды деген ұғымды білдіреді. Осындай іргесі берік, шаңырағы шаттыққа толы жанұяның бірі Биғаш ауылында тұрады. Олар Байсеңгіров Жұмағазы қария мен Байсеңгірова Күлбаран апа. 2 қыз, 6 ұл өсіріп, олардан 17 немере 3 шөбере сүйіп отырған 77 жастағы Жұмағазы қария мен 70 жасқа толғалы отырған Күлбаран апаны тыңдаудың өзі бір ғанибет.
50 жылдан бері өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көрген ерлі-зайыптылардың пайым-парасаты кім-кімге болмасын ой салса, отбасы құндылығы мен ақ некенің қасиетін қадір тұтып, бірінші орынға қоюы жастарға үлгі боларлықтай. «Балаңды өскенше, немереңді өлгенше бағасың» деген Күлбаран апа Жұмағазы қарияның қасына жайғасып, әңгімеге араласты.
Аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қараша айының 9 күні қайырымдылық айлығына және ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні қараша айында аталып өтіледі. Ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту дәстүрі кеңес уақытынан бері сақталған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де, сол дәстүрді сақтап, 1998 жылы қараша айының үшінші жексенбісін ауылшаруашылық қызметкерлері күні деп бекітті.
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Көкпекті ауданының арнаулы әлеу-меттік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш Президент күні мерекесіне орай үстел тенисінен жарыс өтті.
14 қарашада Көкпекті ауданының орталық аудандық ауруханасында 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық » мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өз мәртебеңді біл!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ағымдағы жылдың 12-13 қараша күні аудан әкімі Асхат Смаилов Көкпекті және Самар ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Аудан әкімінің кезекті қабылдауына келген ауыл тұрғындарының келген мәселелері жер қатынастары, шабындықтар, несиелеу, сумен жабдықтау, тұрғын үйді жекешелендіру, баспана, материалдық көмек және жұмысқа орналасу төңірегінде болды.
Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыр шешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Көкпекті ауданы мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпанындағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді.
Көкпекті жастары әулие Ырғызбай Досханаұлы кесенесі аумағына 500 түп қарағаш көшетін отырғызды. Қасиетті жұма күні өткен жастар акциясы аудан әкімі Асхат Смаиловтың тапсырмасымен жүзеге асырылды. Аудан орталығынан арнайы автобуспен барған 30-ға жуық жалынды жастар көшет отырғызып, кешеннің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жастарға жетекшілік етіп барған ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаевпен бірге жастар орталығының директоры Азамат Халық, орталық мешіт имамы Кенжебек Ахметқалиев игілікті бастаманың басынан табылды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.