Алтын той- ерлі зайып-тылардың шаңырақ кө-теріп отасқанына елу жыл өткенде тойланатын үлкен қуаныш. Мерейлі мерекеге аман-есен жеткен жұбайлардың барлығы бұл күнді атап өтуге тырысады.
Өйткені «Алтын той» ендігі жерде бұл некені ешкім бұза алмайды деген ұғымды білдіреді. Осындай іргесі берік, шаңырағы шаттыққа толы жанұяның бірі Биғаш ауылында тұрады. Олар Байсеңгіров Жұмағазы қария мен Байсеңгірова Күлбаран апа. 2 қыз, 6 ұл өсіріп, олардан 17 немере 3 шөбере сүйіп отырған 77 жастағы Жұмағазы қария мен 70 жасқа толғалы отырған Күлбаран апаны тыңдаудың өзі бір ғанибет.
50 жылдан бері өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көрген ерлі-зайыптылардың пайым-парасаты кім-кімге болмасын ой салса, отбасы құндылығы мен ақ некенің қасиетін қадір тұтып, бірінші орынға қоюы жастарға үлгі боларлықтай. «Балаңды өскенше, немереңді өлгенше бағасың» деген Күлбаран апа Жұмағазы қарияның қасына жайғасып, әңгімеге араласты.
Байсеңгіровтар әулетінің шаңырағына келін болып түскелі, атам маған еш уақытта келін ретінде қараған жоқ ,өзім біреудің жалғыз қызы едім, қызындай қарап еркелетті. Жұбайым да бір ауыз артық сөз айтып, көңіліме қаяу түсірмеген. Мен де өз кезегімде ата-енемнің алдынан кесе көлденең өтпей, ауыл-аймаққа, ағайын-туысқа сыйлы болуға тырыстым. Жолдасымның айтқанын екі етпей, көңілін қалдырған жоқпын. Сондықтан да болар, әлі күнге дейін тату-тәтті өмір сүріп, немере-шөберенің қызығын бірге көріп келе жатырмыз.
Жастық шақта қиындықты аз көрмедік. Соған қарамастан, перзенттерімізді ел қатарлы өсіріп, үлкен дәрежеге жеткіздік. «Ұлды ұяға, қызды қияға» қондырдық. Келіндеріміз бен күйеу балаларымызды өз перзентеріміздей көреміз. Үлкен қыздарым Зүлфия мен Рухиям дәрігерлік жолды таңдады. Ұлдарым Мырзабек пен Сәтпек техниканы және мал басын өсіретін майталмандар болды. Асылбек пен Ақылбегім әскери қызметтерде жүр, кенже ұлым Дәулет электр мамандығымен жұмысын Алматыда жасап жүр. Төлеубек деген ұлымды жетіп отырған жерінде, көрейін деп отырған қызығын көре алмай жер қойнына тапсырдым. Немерелеріміздің алды балалы болып, бізді бір қуантып тастады. «Бала-балым, баламның баласы-жаным» деп шөберелерімізді бауырға басқан жайымыз да бар. Біздің жолымызды балаларға берсін деп тілеймін! Келіндеріме әрдайым еріңді сыйла ағайын-туыстың көңіліне қаяу түсірме, отбасы құндылығын бағалай біліңдер деп отырамын,- дейді Күлбаран апа.
Ағайын туыстың арасында «Алтын той» жасаған кісілер жоқтың қасы. Сондықтан да осы күнге жеткенімізге мың қайтара шүкір, бала-шағамның ортасында күліп-ойнап, амандықтарын тілеп отырғанға не жетсін. Құдайдың бергені мен беретіні таусылмасын деп «Гауһар тойға» жетсек деген ниет те жоқ емес, дейді Жұмағазы қария мен Күлбаран апа.
Алтын тойға жеткен бар, жетпеген бар!
Алла өзі іріктеп, бұл күнге алтын жүректі,
Алтын мінезді адамдарды ғана жеткізеді, -демекші
Төрдегі алтын адамдарымыз аман болсын!
Алтын той алға жетелей берсін!
Рауия Наурызбаева,
мемлекеттік қызметкер ардагері
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.