Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті жастары әулие Ырғызбай Досханаұлы кесенесі аумағына 500 түп қарағаш көшетін отырғызды. Қасиетті жұма күні өткен жастар акциясы аудан әкімі Асхат Смаиловтың тапсырмасымен жүзеге асырылды. Аудан орталығынан арнайы автобуспен барған 30-ға жуық жалынды жастар көшет отырғызып, кешеннің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жастарға жетекшілік етіп барған ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаевпен бірге жастар орталығының директоры Азамат Халық, орталық мешіт имамы Кенжебек Ахметқалиев игілікті бастаманың басынан табылды.

 

- Әулие Ырғызбай Досханаұлы - белгілі халық емшісі, әулие, көріпкел. Ырғызбай әулие жасынан шипалы шөптерді пайдалана отырып, сырқаттардың дертін емдеген. Адамдардың тамырын ұстап, алақанына, тырнағына, бет-әлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дәрі-дәрмекті өзі дайындаған. Сондай-ақ, көріпкелдік қасиеті де үлкен болған деседі. Ол алыстан қиналып келе жатқан науқасты күні бұрын болжаған, сырқаттарды ақысыз-пұлсыз емдеп, ауқаттылардың берген дүниесін, пұлын жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге үлестірген, - деп ақпар берді Тарбағатай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жұбаныш Ұлықбеков.

1990 жылы Ырғызбай әулиенің басына ұрпақтары күмбезді мазар тұрғызылып, әр түрлі рәсімдерді өткізуге арналған арнайы орын салған екен. Әулиенің жатқан жері киелі орын болып есептеліп, қазірде көп адам басына барып тағзым етеді. 2014 жылы Ырғызбай ата кесенесі кешен ретінде толық жөндеуден өтті. Келушілер саны жыл сайын көбеюде. Күрделі жөндеу нәтижесінде жай ғана мазар емес, басында кітапхана мен мұражайы, асханасы мен қонақ үйі бар үлкен руханият орталығына айналды. Мазардың қасынан төрт мұнаралы мешіт бой көтерді. «Дала даналары кітапханасында» сирек кездесетін үш мыңға жуық әдебиет жинақталған. Соңғы екі ғасырда шыққан әдебиет пен тіл, ғылыми медицина жайлы кітаптар бар. Ал «Аманат» мұражайында дала халқының тұрмыс-тіршілігін сипаттаумен қатар Ырғызбай әулиенің тұтынған заттары-жәдігерлер сақталған. Сырқатқа ем, көңілге үміт, тәнге қуат беретін Ырғызбай әулиенің мазар-кешені бүгінде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы мәдениет бөлімінің иелігінде.

Дархан БЕРДІБЕК

 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз