Ағымдағы жылдың 12-13 қараша күні аудан әкімі Асхат Смаилов Көкпекті және Самар ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Аудан әкімінің кезекті қабылдауына келген ауыл тұрғындарының келген мәселелері жер қатынастары, шабындықтар, несиелеу, сумен жабдықтау, тұрғын үйді жекешелендіру, баспана, материалдық көмек және жұмысқа орналасу төңірегінде болды.
Көкпекті ауылында болған қабылдауға 6 азамат жазылып, өз өтініштерін білдірді. Қабылдауға алғашқылардың бірі болып кірген Ақой ауылының тұрғыны Гүлжан Филлипова отбасы жағдайына байланысты мектеп директорының көмегімен жұмысқа орналастырғанын айта келе, басқа жұмыс керектігін өтінді. Азаматша Г.Филлипованың өтінішін мұқият тыңдаған аудан әкімі мәселенің шешімін табуға ауыл әкімі Нұрбек Сүлейменовке бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ал, Ажа ауылының тұрғыны осындай мәселемен өтінішін білдіре келген Аймақ Күлайдың өтініші оң шешімін тапты.
Сонымен қатар, жуықта тілсіз жаудан зардап шеккен Көкпекті ауылының тұрғындары Алтынбековтар отбасы үй алып беруіне өтініш білдіре келіпті. Ауыл әкімі Қайрат Алғазинов жергілікті билік орнынан тиісінше көмек беріліп жатқанын баяндап берді. Алтынбековтардың өтінішіне аудан әкімі былай деп жауап берді:
-Уақытша бастарыңызға баспана «Әртістер үйіне» тұрасыздар, қыстан аман-есен шыққан соң, тағы да жағдайымызға қарай көмектесеміз,- деп ойын түйіндеді Асхат Сайдахметұлы.
Сондай-ақ, қабылдауға материалдық көмек сұрап келген Ауған соғысының ардагері Алексей Ивлевке, жұмыс сұрап келген жас ана Әсел Бекмұхамбетовалардың өтінішіне Заң талабына сай жағдай жасалатыны айтылды.
Самар ауылында болған кезекті қабылдау барысындағы көптеген мәселелер бойынша Асхат Сайдахметұлы жауапты тұлғалармен шұғыл түрде шешім қабылдады.
Мысалы, Көкжыра ауылының тұрғындары мал өсіріп ауыл шаруашылығымен айналысатын Қ.Шаманов пен К.Жалелдің еңбекқорлығын ауыл әкімі С.Құнафин өз сөзімен растап оларға оң бағасын беруде.
Сонымен қатар, Қыдырбек Шаманов «Сыбаға» бағдарламасына қатысып, ірі қара малдың тұқымын жақсартуды және малдың қосымша асыл тұқымды түрін сатып алуды қалайды (қазіргі уақытта ол 65 бас ірі қара мал). Кенжебек Жалел Күршім ауданында тұрғанда - 65 бас ірі қара және шамамен 200 бас қой өсіріпті. Күздің суығына дейін олар Күршім паромының аумағында жайылымдарда ұстапты. Қазір қолындағы ірілі-ұсақты малдарын Көкжыра ауылына апарып, одан әрі көбейткісі келеді. Бірақ малшылардың басты мәселесі - Құлынжон ауылдық округінің аумағында жайылым жердің болмауы.
- Біздің міндетіміз - өз ауылында тұрып, мал басын өсіріп, шаруашылығын дамытуға ниет білдірген азаматтарды қолдап, шағын несие алуға қолдау көрсетуіміз қажет. Өз бизнесін дамыту үшін К.Шаманова, К.Жалел сынды азаматтарға қолдау көрсетіп көмектесуіміз керек. Бұл тапсырма аудан әкімінің орынбасары М.Теміржановқа, жер қатынастары бөлімінің бастығы Қ.Алкеновке, Құлынжон ауылының әкімі С.Құнафинге жүктелді.
Самар ауылындағы күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі - ауыз су, бұл туралы ауыл тұрғындары тарапынан көптеген шағымдар бар. Бұл мәселені «Көкпекті ауданының ауданаралық ауруханасы» дәрігері Д.Лекеров қайтадан көтерді. Бұл жағдайды шешу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жылқышевқа тапсырды.
Пантелеймоновка ауылының тұрғыны, көп балалы ана жылжымайтын мүлік иесінің жоқтығына байланысты онымен байланысу немесе табу мүмкін болмағандықтан, жыл бойында шешімін таппай келе жатқан, баланы тіркеуге қою мәселесі туралы көмек сұрады. Самар ауылдық округінің әкімі А.Күдербаевқа отбасылық жағдайын тексеріп, оларға көмек көрсетуі және белгілі бір уақыт ішінде мәселенің шешілуі туралы есеп беруі қажеттілігін айтты.
Аудандағы кішігірім мектептерінде еңбек ететін бухгалтерлер тобы өз жүйесінен орталықтандыруға алаңдайды, бұл өз кезегінде отбасыларға да, тұтас алғанда да жұмыссыздардың қатарына қосылады. Олардың пікірінше, орталықтандыру процесі қызметкерлердің қысқартылуына және жұмыс істейтін халықтың босатылуына әкеп соғады, ал кейбір жағдайларда жалғыз жұмыс істейтін отбасы мүшесі Асхат Сайдахметұлы бұл мәселе бойынша аймақтық бюджетті оңтайландыру бойынша нұсқаулықтың жобасы болып табылатындығына сілтеме жасай отырып, оған қиын шешім. - Мен сіздермен біргемін, - деді аудан әкімі.- Біз өз көзқарасымызды қорғайтын боламыз деп үміттенеміз және оң шешім қабылданады.
Кездесу барысында Асхат Сайдахметұлы қайтадан ауданда бос қалған үйлер жайында сөз қозғады. Жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Бахраев көшесіндегі 8-пәтерлі үйдің осы уақытқа дейін бос тұрғандығын тілге тиек етіп, аудан әкімінің көмекшісі Е.Далиловке, аудан әкімі аппаратының заң бөліміне, ауылдық округ әкімі А.Күдербаевқа бірқатар тапсырмалар берді.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.