Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

02 Мамыр 2018

БОЛАШАҚ ПАЛУАНДАР АУЫЛДА

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Биғаш ауылдық округіндегі В.Маяковский атындағы негізгі мектепте Астананың 20 жылды-ғына орай жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті.

Read more

ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 сәуір күні Шұғылбай ауылдық округінде ауыл тұрғындары, қызметкерлер, мұғалімдер және жастардың қатысумен Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының діни ахуалды зерттеу, талдау және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Алуа Өкешқызы Сабалақованың және Көкпекті аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Азат Рахимбаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Алуа Өкешқызы жерлестерімізге теріс діни ағымдар, одан сақ болудың жолдары жөнінде түсіндіріп берді.

Шұғылбай ауылдық округінің ақпараты

Read more

ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАР «ЖҰЛДЫЗАЙДА»

Мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған шара аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өтті. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған республикалық Жұлдыз-ай фестивалінің аудандық кезеңінде мүмкіндігі шектеулі балалар өз өнерлерін ортаға салды.

Read more

ТАТУЛЫҚТЫ ТҰМАР ЕТКЕН КӨП ҰЛТТЫ ОТБАСЫ

Көкпекті ауданында әртүрлі ұлт өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде. Бүгінде бірлігі жарасқан берекелі ауданның халқы ұлтқа бөлінбей бір-бірімен біте қайнасып кеткен. Тіпті құдандалы болып, әрбірі әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін жаңғыртып отыр. Әр ұлттың салт-дәстүрін ұстанып, барлық рәсімдерін жаңартып, өзгелерге үлгі болып отырған осындай көп ұлтты отбасылардың бірі Көкпекті ауылындағы Кулекеновтар әулеті.

Read more

ЕКПЕ ЖАСАУ – МАҢЫЗДЫ

Жұқпалы аурулардың белгілі бір түрлерінің алдын алу үшін екпе жасау тиімді әдіс болып табылады. 70-жылдардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен нағыз шешекке қарсы екпе жасау әлем бойынша шешектің толығымен жойылуына әкелді. Қазіргі уақытта Европа аумағында, соның ішінде Қазақстанда полиомиелит сияқты жұқпалы ауру түрі жойылды. Республикамызда қызылша, қызамық және туа біткен қызамық синдромын жою бойынша бағдарламалар дайындалды. 1998 жылдан бастап вирусты гепатитке қарсы, 2005 жылдан бастап қызамыққа қарсы, 2008 жылдан бастап гемофильді-инфекцияға қарсы вакцинация енгізілді.

Read more

СЕНБІЛІК СЕРПІНІ

Ауданның елді мекендерін және аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту бойынша екі айлық сенбілік жұмыстары жалғасуда. Бұл жолғы сенбілікке такси жүргізушілері белсене қатысты. «Көктерек» сауда үйінің алаңы, автобекет аумағын түгел тазалады. Сенбілікке шыққан мекеме ұжымдары өздеріне бекітіліп берілген аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізді.

Read more

ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖЕДЕЛДЕЙ ТҮСТІ

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Көкпекті ауылдық округінің мәжіліс залында, аудандық прокуроратураның ұйымдастыруымен «Қоғамға тиімді арыздар» жобасын кешенді жүзеге асыру мақсатында жиын өткізді. Жиынға бөлім басшылары, аудандық аурухана, мектеп және балабақша ұжымдары қатысты.

Read more

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕРЛІК САБАҒЫ

Жеңіс күні - халықтық ұлы мереке. Оның тарихының мәні зор. Соғыс жылдарындағы аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктерін есте сақтау маңызды. Бұл күні тағы бір айрықша бейбіт көктемнің лебі сезілсе де, ұзақ жылдардағы жүрек жарасы жазылмасы анық. Сұм соғыста қаза тапқандарды жадымызда сақтау, біздің жан дүниеміздің баға жетпес байлығындай. Олар бүгінгі бейбіт күн үшін  өмірін қиған батырлар. 

 

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз