Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Биғаш ауылдық округіндегі В.Маяковский атындағы негізгі мектепте Астананың 20 жылды-ғына орай жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті.


Қазақ күресі – біздің ұлтымыз-бен, салтымызбен біте қайнасып, байырғыдан келе жатқан дәстүрлі өнеріміз екені белгілі. Соңғы жылдары елімізде Егемендігіміздің бір нышаны ретінде осынау ұлттық спорт түрі қайта жанданып, даму үстінде. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен бұл жарысты толық қолдаймын. Қазақ күресшілері келешекте Қажымұқан, Балуан Шолақ және басқа да ұлы балуан бабаларымыз секілді қазақтың атын әлемге таныта берсін. Біздің қазақ күресі әлемдік аренаға шығып, олимпиадалық ойындар мен құрлық ойындарының бағдарламасына еніп, қазақ елінің атын әйгілеуге тиіс. Солай болсын!», – деп барша қазақстандықтарды спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған болатын.
Республика көлемінде бұқаралық спортты дамытуға ден қойып жатқан тұста биғаштықтар да бұл тұрғыда тындырымды тірліктер атқарып келеді.
Жарыстың ашылу салтанатында ауылымыздың әкімі Дулат Оспанов пен В.Маяковский атындағы негізгі мектеп директоры Архат Қабден құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа Көкпекті, Ажа, Ақ-Ой, Шұғылбай, Үлкенбөкен, Преображенка, Тассай ауылдық округінен және Қалбатау ауданының Жарық ауылдық округінен палуандары қатысты. Жарыста ауылдық округтерден 10 командалық топ додаға түсті. Палуандардың белдесулері нәтижесі бойынша, І орын Биғаш ауылы, ІІ орын Тассай, ІІІ орын Үлкенбөкен ауылдық округі қанжығаларына байлады.
Жарыс кезінде жеке азаматтар Нұрлан Түлегенов және Ержан Үсенов спорттық іс-шараға демеушілік жасады. Жарыстың ойдағыдай өтуіне атсалысып жүрген қазақ күресінің жанкүйерлері ауыл азаматтары, жеке кәсіпкерлер жеңімпаздарға мадақтама қағаздар және ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Бір күн бойы боз кілемде күш сынасқан палуандардың тартысын тамашалаған қонақтар да, ауылдастар да, осылайша үйлеріне риза көңілмен тарқасып жатты.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз