Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Көкпекті ауылдық округінің мәжіліс залында, аудандық прокуроратураның ұйымдастыруымен «Қоғамға тиімді арыздар» жобасын кешенді жүзеге асыру мақсатында жиын өткізді. Жиынға бөлім басшылары, аудандық аурухана, мектеп және балабақша ұжымдары қатысты.


«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» реформасы аясында Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бастамасымен «Қоғамға тиімді арыздар» жобасы жасалды. Қазіргі кездегі арыз, өтініштер институты тиімді жұмыс істеп жатқан жоқ, ол азаматтарға да, мемлекетке де көмектеспейді. Жаңа жобаны жасауға осы негіз болып отыр.
Жиында алғашқы сөз алған Көкпекті ауданы прокурорының міндетін атқарушы әділет кеңесшісі Айдар Айтқазыұлы Ордабаев шараның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті.
- ҚР БП ҚС және АЕК нің ШҚО бойынша басқарма бастығы аға әділет кеңесшісі Мұрат Көбегенұлы Құсайыновтың 23.10.2017 жылғы № 5/5 санды өкімімен арыз шағымдарды қарау тәртібін түсіндіру үшін облыс бойынша әр ауданда мобильдік топтар құрылған. Аталған мобильдік топтың Көкпекті ауданы бойынша ШҚО басқармасының Көкпекті ауданы бойынша бас маманы Әйгерім Айдарова, Көкпекті ауданы әкімшілігінің кеңсе бөлімінің бас маманы Зәуре Төлепбергенова, Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әсет Сейілқұмаров, Әділет басқармасының бастығы Қанат Ілиясов, ҚР ДСМҚДСК ШҚО ҚДСД Көкпекті аудандық ҚДС басқармасы РММ Г.Абдрасулова белгіленген.
Жоғарыда аталған жобаның мақсаты, арыздардың туындауына жол берілетін негізгі себептерді жою, азаматтардың арызын қарастырудың тиімді механизмдерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың арызға деген саясатын өзгерту. Арыз – ол бостандықты айқындаушы, әлеуметтік әл ауқаттың өлшеушісі және мемлекеттік басқаруды жетілдірудің құралы болып табылады, - деді Айдар Айтқазыұлы. Ал, ШҚО басқармасының Көкпекті ауданы бойынша бас маманы Әйгерім Айдарова өз сөзінде былай деді:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-баевтың «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселесі көзделген. Сол себепті, мемлекеттік органдармен арыз-шағымдарды шешудің сапасы артып, азаматтарға қызмет көрсету дәрежесі жоғары кәсіби деңгейде жетуі тиіс. Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан, арыз шағымдарды қараудың заңмен көрсетілген мерзімін бұзу, арыз-шағымдарды қабылдаудан бас тарту, арыз шағымдарға нақты дұрыс жауап қайтармау фактілерін болдырмау қажет, - деді. Сонымен қатар, ол өтініштерді электронды қабылдау тәртібіне де тоқталып өтті.
Сондай-ақ, жиын барысында «Кәсіпкерлер палатасының» Көкпекті ауданы бойынша директоры Ә.Мұқашева, ҚР ДСМҚДСК ШҚО ҚДСД Көкпекті аудандық ҚДС басқармасы РММ Г.Абдрасулова, Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ә.Сейілқұмаров өз ойларын ортаға салды.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз