170-летие великого мыслителя, философа, общественного деятеля Абая Кунанбаева широко отметилось на его родине. Произведения великого казахского акына являются образцом для нравственного и интеллектуального поведения человека, озвученные в свое время акыном проблемы казахского общества, актуальны и по сей день.
Широкомасштабное мероприятие, состоявшееся под эгидой одного из ярких назиданий великого Абая «Люби все человечество, как брата», стало одним из массовых культурно-просветительных вечеров памяти великого акына.
Недавно в городе Усть-Каменогорске прошел областной конкурс-выставка «Лучший товар Казахстана – 2015». В нем приняли участие и наши земляки Светлана Кошелева (ИП «Гефест – Восток») и Рустам Мухамадиев (ИП «Алтай балы»).
- Принять участие в конкурсе нам порекомендовала директор филиала Региональной Палаты Предпринимателей района Алия Мукашева, - говорит участница Светлана Кошелева. – Именно она помогла нам с транспортом, организовала нашу поездку.
И не зря, ведь Светлана с супругом Александром своими коваными изделиями сумели завоевать внимание жюри и всех участников выставки.
В селе Улкенбокен в течении всего лета проводились различные спортивные мероприятия.
К примеру, недавно, прошла товарищеская встреча между женскими и мужскими командами по волейболлу. В ней приняли участие спортсмены из Шугылбайского, Теректинского, Улкенбокенского округов и округа имени К.Аухадиева. По итогам игры, 1 место завоевали спортсмены села Улкенбокен. Сейчас команды готовятся к зональным играм по футболу, которые пройдут в августе. На ряду с этим, в округе развиты такие виды спорта, как тогызкумалак, легкая атлетика, теннис. Мы желаем нашим спортсменам только побед и новых достижений.
К.Баймолдина, село Улкенбокен
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "Спортшылардың жетістігі – салауатты өмірдің насихаты" деп бекер айтпаса керек-ті. Адамның денсаулығы қоғамның басты байлығы екенін ескеретін болсақ, дені сау мемлекеттің негізін қалауға үлес қосып жүрген спортшыларымыз құрметке лайық. Ағымдағы айдың үшінші жексенбісі спортшылар қауымының төл мерекесі. Осыған орай, ауданымыздағы денесі шымыр, рухы мықты, өмірлері қайсарлық пен жігерлікке толы спортшыларымыз бен жаттықтырушылардың пікірлері мен жүрекжарды тілектерін назарларыңызға ұсынамыз.
Ержан Нұхаев, Самар ЖБСМ директоры:
- Құрметті әріптестер, спортшылар, жанкүйерлер! Адамның денсаулығына пайдасы мол дене шынықтыру мен спорттың еліміздегі салауатты өмір салтын қалыптастыруда алдыңғы орында тұрғаны баршамызға аян. Спортпен шұғылданған адамның дені сау, ғұмыры ұзақ болары сөзсіз. Біздің спорт мектебінде жүздеген шәкірттер тәлім алып, қазіргі күні өмірлерінің бір бөлшегі ретінде спортты серік етіп алған. Олар ауылымыздың, ауданымыздың атын шығарып, қашанда биік тұғырлардан көрініп жүр. Біз шәкірттерімізден үлкен үміт күтеміз, олардың сол үміт үдесінен шыға білгенін мақтан тұтамыз. Мереке күні оларға:
- Еліктеп өсер спортшыға әр бала,
Қошеметтер сезіп бақыт кең дала.
Елің тұрар елең қағып жеңсін деп,
Саламатты ел тірегі сен ғана,-дегім келеді.
Ербол Әміров, №2 Самар спорт мектебінің футболдан жаттықтырушысы:
- Шүберекке жанды бірге түйеміз,
Жеңіс тілеп жігер тонын киеміз.
Алға батыр деп, дем беріп айқайлай,
Жеңген кезде қуаныштан сүйеміз.
Жеңіс дәмі тәтті, шіркін, күлесің,
Ел үмітін көтересің білесің.
Қайтпас қайсар мінезіңмен адымдай,
Жеңіс орны тұғырыңа мінесің.
Елің тұрар мейірлене қараумен,
Батырына, батылына балаумен.
Әр жеңіске жеткен сайын қуанар,
Футболшының соққан добын санаумен.
Аслан Ибраев, Белое ауылы Октябрь орта мектебінің волейбол және күрестен жаттықтырушысы:
- Балуандар мықты біздің ойында,
Адамзат ақыл ойының озық үлгісін көркем туындылары арқылы көрсеткен Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы Ұлы Ақынның туған жерінде кең көлемде, барлық сән-салтанатымен аталып өтті. Кемел ақын, кемеңгер ойшыл ұлы Абайдың “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп” деп ұсынған, адамгершілік пен ізгілікке суарылған өсиетінің мәні барлық бұқаралық-мәдени шаралардың арқауына айналды.
Әрине, Абай айтқан еркіндік, теңдік, мейірім мен тазалық идеясы күллі адамзатқа тән. Сондықтан Абай айтқан сөз – қазаққа ғана емес, баршаға ортақ. Абай нұсқаған жол – бәріміздің бағдарымыз болуы керек. Абайдың өлеңдері мен «Қара сөздерін» оқығанда қазақы ойды, философияны, ұстанымды, ерекшелікті танисың. Абай: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», - деді. Сол өсиетті өзі орындап кетті. Ол атаның ғана адал ұлы емес, өз халқының, адамзаттың адал ұлы бола білді. Оның философиялық терең мұрасы күллі адамзаттың игілігіне айналғанының бір себебі – оның шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды талмай айтып отырғандығынан болар деп ойлаймын.
Самар ауылындағы №1 Самар орта мектебіне биыл жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқаны белгілі. Ол туралы аудандық баспасөз бетінде мақала жарық көрген. Құрылысшылар қазіргі күні жұмыс қарқынын үдете түскен. Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды.
Өткен аптаның соңында аудандық мәслихат-тың депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері С.Жотабаев, Е.Сихварт, Г.Шаймардано-ва құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты. Мердігерлік компания «Ашим-С» ЖШС басшысы Т.Сағатов,
Тәуелсіздік жылдары Қазақстандықтар үшін спорттың түр-түрі дамып, кең етек жаюымен ерекшеленді. Бүкіл еліміз бойынша спорт алаңдары, үлкен-үлкен стадиондар салынып халықтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда. Жазғы спорттық ойындардың әр түрінен аудан көлемінде өтетін жарыстарға Үлкенбөкен ауылының спортшылары қызу дайындық үстінде. Жақында волейболдан ерлер мен қыздар арасында өткен іріктеу кездесуі өтті. Оған Шұғылбай, Теректі, Үлкенбөкен, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтерінің командалары қатысып бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде Үлкенбөкен ауылдық округінің командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Қазіргі кезде футболдан тамыз айында өтетін зоналық ойындарға дайындық жалғасуда. Сонымен қатар, жеңіл атлетика, гір көтеру, тоғыз құмалақ, теннистен жаттықтыру ойындары өткізіліп жатыр. Үлкенбөкен ауылдық округінің намысын қорғап жүрген спортшыларға сәттілік тілейміз.
К.Баймолдина, Үлкенбөкен ауылы
Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан менің ауылым – Сарыбел деп аталады. Осыдан біраз жылдар бұрын өзінің тарихи атауын алған бұл ауыл Новотимофеевка деген атпен белгілі болатын. Табиғаты тылсымның тамырын бүккен ауылға, арғы жағадан көрінген Алтай тауының сілемі иіліп сәлем беріп тұрғандай.
Ауылдан шығатын күре жол атақты «Шығыс шеңберіне» («Восточное кольцо») келіп қосы-лады. Жолдың қиылысынан кө-лігіңізді оңға бұрсаңыз, Васильев өткелінен өтіп, тау ішімен жалғасатын күре жолмен әсем қарағайлы-қайыңды тамылжыған табиғаттың көркемдігіне тамсана Үлкен Нарын ауылына жетесіз, одан әрі Зырян қаласына келіп тоқтайсыз. Шағын қаладан облыс орталығы Өскеменге жететін жол бар.
Ал ауылдан шыққаннан соң солға бұрылсаңыз, Самар, Көкпектіден өтіп, Байбура асуы арқылы Қалбатаудан Өскеменге шығасыз. Міне осылайша шеңбер жасап, бір ғасырлық тарихы бар «Шығыс шеңберін» түйіндейсіз. Бұл тас жолдың облыс орталығымен екі жағынан да қосатын осындай ерекшелігі бар. Бұл жолды салуға қаншама күш, техника жұмылдырылған. Осы жолмен күндіз-түні жүріп жатқан жолаушыларға менің тілегім: «Жолың болсын, жолаушы!», - болмақ.
Ж.Тәкібаев, зейнеткер,
Сарыбел ауылы
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесінің құрметпен аталып өтілгені, оны жақындатқандар үшін ерекше күн болып мәңгі есте қалғаны анық. Ал олардың ұрпағы үшін жыл сайын осы айтулы күнді мақтан тұтар ардагер аға-апаларымен бірге қарсы алғаннан асқан бақыт жоқ. Өкінішке орай, кешегі сарбаз, бүгінгі қарт ардагерлердіің қатары сиреп барады. Бейбіт өмір сыйлаған асыл қазыналарымыздың бірі, Үлкенбөкен ауылының тұрғыны В.С.Винниковті Үлкенбөкен орманшылығының басшысы Рахат Жақыпов отынмен қамтамасыз етті.
8 тамыз күні Самар ауылындағы Мәдениет үйінде ауданымыздың жол-құрылыс саласында еңбек ететін құрыш білек құрылысшылар мен сала ардагерлері бас қосты. Оларды құттықтауға басқа да мекеме, ұжым өкілдері қатысты. Өйткені, олардың барлығының да құрылысшыларға алғысы шексіз. Аудан мен ауыл көлеміндегі барлық әлеуметтік, шаруашылық, өндірістік нысандар құрылысшылардың еңбегімен тұр-ғызылғаны белгілі.
Бүгінгі мереке иелерін аудан әкімінің атынан оның орынбасары К.Смаилова құттықтады. – Сіздердің еліміздің экономикасына қосып отырған үлестеріңіз орасан зор. Құрылысшы - мәртебелі мамандық. Бүгінгі күні еліміздегі тұрғызылып жатқан алуан түрлі құрылыс нысандары ауыл, қалаларымызға көрік беріп қана қоймай, халық қажетіне қызмет өтуде. Еліміздің бас қаласы Астананың, ЭКСПО көрмесінің құрылысы да сіздердің еңбектеріңіздің жемісі.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.