Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 Қазан 2014

Құрметті әлеуметтік қызметкерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

 Әлеуметтік қызметкерлер күні – бұл адам мәселелерін ең  бірінші өздеріне  қабылдап, қолдан келгенше бұл мәселелерді шешуге көмек көрсететін адамдардың мерекесі. Достық, ынтымақтың белгісі ретінде өтетін бұл күні – біз сөзбен ғана емес, іс жүзінде адамгершіліктің ең жақсы: адал ниеттілік, мейірімділік сияқты қасиеттерін көрсететін мейірбан қызмет өкілдерін құттықтаймыз.

Read more

ЖАЙБАРАҚАТТЫҚ ОРЫН АЛМАСА ЕКЕН

Шағын ғана Подгорное ауылы ауданымыздың табиғаты әсем жерінде орналасқан. Шатқалды тау сілемдері созылған жоталарда мәңгі жасыл арша, шырша, қарағай, сұлу да сымбатты қайың,  тік өскен теректермен жарыса долана, шәңгішінің жемісі төгіліп, күздің осы күнін ерекше бір күйге бөлегендей. Жартастарды жарып өсіп тұрған қарағайлардың қайсарлығына таң қаласың. Дәл осындай қайсар қарағайлар өскен жердің ұлдары да батыл, қайсар, қаһарман болуы керек сияқты. Оны осыдан жетпіс жыл бұрын дәл осы ауылдың тумалары  Сергей Седнев, Иван Яроцкий, Николай Фонов дәлелдеді. Бүкіл адамзат баласына аз қасірет әкелмеген фашистік басқыншылықтың бетін тойтарып, түп-тамырымен құртқан соғыста бір ауылдың үш бірдей ұлы Кеңес Одағының Батыры атанды.  Қараштықтар ғана емес, бүкіл аудан оны мақтан тұтады. Сол себептен де Ұлы Жеңіс мерейтойына  арналған шаралардың түйіні  осы ауылға келіп тіреледі.  Биылғы «Өшпес ерлікке тағзым» керуені де 17 қазан күні Подгорное ауылында  жұмысын аяқтады.  Тақырыбы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына  арналған бұл шараның патриоттық маңызы аса зор.    

 -Дәл осындай бір ауылдан үш бірдей батыр шыққаны біздің ұлан-байтақ елімізде жоқ. Сондықтан да біз оны мақтан тұта тұрып, соған лайықты бола білуіміз керек. Бүгінгі керуеннің мақсаты да өскелең ұрпақ санасында алдыңғы буын ағаларының, аталарының ерлігін қастерлеп, Батыр бабаларының  есімін мәңгі жадында сақтауға, дәл солардай елін, жерін қорғауға баулу болып отыр. Біз жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған керуенді биыл алдағы осы ұлы мерекенің мерейтойына арнадық. Оның ең соңғы нүктесінің Подгорное ауылында қойылуы да тегін емес,-дей келе аудан әкімі Д.Мусин жиналған жұртшылықты бүгінгі мейрамдарымен құттықтады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбенов  те бұл патриоттық шараның аясында қаншама игілікті істер атқарылып жатқанын. Оған мектеп оқушыларымен қатар ауыл тұрғындарының да белсене қатысып   өз үлестерін қосып отырғанын айтты. 

 Бұл керуенге Палатцы, Сарыбел және Миролюбовка ауылдық округтерінің өкілдері қатысып отыр. Подгорное негізгі мектебінің алдында біздің көпұлтты еліміздің достығын паш ететін «Бір шаңырақ астында» атты театрландырылған көрініс көрсетіліп, оған Қарақол, Подгорное негізгі  және Сарыбел мен Миролюбовка орта мектептерінің оқушылары белсене қатысты. Ал Самар және Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әртістері патриоттық әндерден құралған тамаша концерт ұсынды.  

 Мектеп кабинеттерінде соғыс ардагері П.Я.Балахоновпен ерлік сабағы, «Толеранттық және біз» атты тренинг, «Ұлы Жеңіске тағзым және халықтар достығы» атты үгіт бригадасының жұмысы жүргізілді. Бұл күні мектеп мұражайының есігі айқара ашылып, сонымен бірге дәлізде оқуышардың қолөнерінен көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме шағын ғана ЕXSPO-17   дерсің. Ескі күйтабақтан жасалған сағат, дискілерден жасалған шам, тағы сол сияқты толып жатқан бала қиялы болса да адамзат өміріне қажетті қолдан жасалған заттар таңқалдырады және олардың барлығы да жұмыс істеп тұр.  Ұлттық нақыштағы қолөнер туындылары да қаншама. Ал балалардың салған суреттері кәсіби деңгейде орындалған, соған қарап тұрып, біздің  шалғай ауылдардағы мектептердегі осындай таланттар  көзге түспей қалмаса екен деп ойлайсың. Танктер жосылып, пулеметтер мен ауыр артиллериядан оқ қарша борайды. Ұрыс жүріп жатқан айнала орман-тоғайлы, жасыл шөпті жауған снаряд қопарып тастаған. Майдан даласы айнала қазылған орлар мен бекіністер, міне автоматшы жауынгер окоптан шыға уралап барады. Қазір жайды тықсыра қуамыз. Бұл оқушылардың соғыс тақырыбына жасаған композициясынан туған көрініс. Дәл бір қазір барлығына жан бітетіндей, бәрі шынайы, сол көрініс ішіне өзің де кіріп кеткендей боласың.

 Ауыл тұрғындары медициналық пунктке барып, дәрігерлерге қаралып жатыр. Мұнда педиатр Жұмаділда Әлия мен  терапевт З.Қалқашева қабылдау жасап, сәбилердің денсаулығын тексеріп, ауыл тұрғындарының қан қысымын өлшеп, есепте тұратындарының дәрігердің нұсқаулықтарын орындап жүргендіктерін, дәрі-дәрмектерінің түгел бар екендігін біліп, қолдарынан келген көмектерін жасады.  Осының барлығы бүгінгі керуеннің  сәнін келтіріп,  оның маңыздылығын арттыра түседі.

  Керуеннің тағы бір маңызды бөлігі  - ауылшаруашылығы өнімдерінің күздік  жәрмеңкесі. Жәрмеңкеге ауылдық округтердің  барлығынан өнімдер әкелініп, бұл ұлан – асыр сауда орнына  айналар деген үміт ақталмады. Айналдырасы екі-үш шатырды алып тұрған сатушылар жәрмеңкеге келгендерге  мол дүние ұсына алмады. Самар ауылдық округі әкелген 20 келіден астам балық фаршы, азын-аулақ күнбағыс майы жылдам өтіп кетті. Палатцы ауылдық округінен Л.Островская  18   бройлер тауығын сойып, үйтіп, тазалап әкеліпті, құс еті  әп-сәтте өтіп кетті. Ол ұсынған тауықтың келісі 600 теңгеден, бір тауықтың салмағы 2,0-2,5 кг тартады екен. Семіз тауық еті жетпей қалғандар өкініп қалды. Тұрғындар осы ауылдық округтен келген көк болса да қызанақты алып қойды. Бүгінгі жәрмеңкеге неге аста-төк сәбіз, қызанақ әкелінбеді. Біздің атақты көкөніс өсірушілеріміз қайда?  Жұрттың тағы бір іздегені мал еті болды. Ет те жоқ. Екі бірдей округте егіс алқаптары бар, екі округтің жерін пайдаланып отырған  іргелі шарыушылық  иесі В.Батраков  айналдырасы 5 центнер жем жеткізген, сонымен бірге жәрмеңке соңына қарай кішірек  доңыз етін әкелді. Оның  тез арада өтіп кеткенін сезіп отырған боларсыздар. Үш бірдей округ аумағында өтіп жатқан жәрмеңкеге бір бас ірі қара сойып сататын адам табылмағаны  ма?

 Біздің жәрмеңкеге басқа ауылдық округтерден неге ештеңе жеткізілмеген, округ әкмдері хабарсыз ба еді деген сауалымызға аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мен кәсіпкерлік бөлімінің жауапты адамдары : округ әкімдеріне айтылған, әкімдер бүгін қонаққа келген сыңайлы деді, біздің де ойымыз сондай болатын. Ал енді өздерінше бір топ болып тұрған әкімдердің жауабын айтайық. Преображенка  - пима, Көкпекті  - кәуап, Бастаушы – көкөніс, Белое – қой әкелуі тиіс екен. Біраздан соң сөреге «Жұмыспен қамту -2030» бағдарламасының қатысушысы Т.Құсайыновтың цехында бастырылған пималар қойылды. Ал кәуәп та, көкөніс те, қой да бұл жәрмеңке бетін көрмеді. Пияз бен сәбіз әкеледі деп тогсып отырған әжелер де шаршаған болу керек, өзара күңкілдесіп, концерт аяқталған соң үйлеріне қайтып бара жатты.

 Мәртебелі мерейтойдың қарсаңында ауданның ауылдарындағы  Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша аудан әкімінің арнайы тапсырмасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі.  Сол жұмыстың ең бастысы Батырлар ауылы – Подгорное ауылында атқарылуда. ««Ұлы Жеңіс мерекесінің 70 жылдық мерейтойын біз осы ауылда өткізетін боламыз. Оған қаншама қонақтар шақырамыз. Батырлардың туыстары да келеді. Біз артта өсіп келе жатқан ұрпақтардың санасында Батыр аталарына деген құрмет пен тағзым ете білуді тәрбиелеу және аталарымыздың туған Отанды қорғаудағы ерлігін мәңгілік есте сақтауды жүзеге асыру үшін ең алдымен ескерткіштерді түзетуіміз керек. Оны көре отырып, балаларымыз аталарының атын оқып, патриоттық сезімнің осыдан бастау алатынын түсінетін дәрежеге жеткіземіз»,- деген аудан басшысының тапсырмасы бойынша осы ауылда Батырлар аллеясы жасалып, үш Батырдың бюсті орнатылған биіктігі он метр  стелла орнатылуда. Соынмен бірге ауылдық клубқа жөндеу жұмысы жүргізіліп, мектеп те жөндеуден өткізілмекші. Бұл жұмыстарды атқарып жатқан «Ашим-С» ЖШС басшысы Т.Сағатов аудан әкімі мен бүгінгі керуен қонақтарына атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетті.

 -Ауылымызда осындай игі істер қолға алынып жатқаны қуанышты-ақ. Көшелерді жарықтандыру жұмысы да басталатын сияқты. Біз Яроцкидің атындағы көшеде тұрамыз. Бұл көше Батырдың атына лайықты көшеболары сөзсіз, өйкені мұнда тыл арадагерлері, ауғандық жауынгер тұрады,-дейді ауыл тұрғыны Л.Дүйсенова.

  Ауылдық округ ардагерлері кеңесінің төрағасы А.Лебеденко,  Қараш ауылының тұрғыны  Қ.Қамзин  Палатцы ауылынан келген әжелер С.Мәкиленова, М.Қожагелдинова керуен жұмысының маңызын атай отырып, алдағы ұлы тойға дайындықты күшейту керек. Ол тек әкімшілік қызметкерлерінің жұмысы емес, бүкіл халық болып атсалысулары керек  деген пікір айтты. «Сол үшін біз ауылдастарымызды осы игі бастаманы қолдауға шақырамыз»,-десті бір ауыздан олар.

 Біз де жайбарақаттыққа  салынбай, бүгінгідей бір-біріне сілтеушілік орын алмайтындай шара ұйымдастырылар деп Батырлар ауылынан аттандық.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Read more

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді. «Әлеуметтік қызметкерлер дегеніміз кімдер?» - деген сауалға жауап беретін болсақ, біз көшеден мүмкіндігі шектеулі немесе көмекке зәру адамды көрсек оларға аянышпен қараймыз. Ал әлеуметтік қызметкер сол жандармен бірге біте қайнасып өмір сүреді. Олардың өміріне етене араласып, жалғызбасты қарияларға, І, ІІ топ мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жүйке жүйесі дертіне шалдыққан жандарға көмек көрсетеді. Әлеуметтік қызмет көрсету қоғам талабы.

Осы мерекеге орай Көкпекті аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Меруерт Назарқызы Мадиновамен тілдесіп қайттық.

- Меруерт Назарқызы, жалпы мекеме қандай бөлімшелерден тұрады?

-Көкпекті аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының барлық жұмысы ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына және Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Орталықтың мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер қызмет алушылармен жұмысты орталықтың басшылығы бекіткен жұмыс жоспары мен кестеге сәйкес жүргізеді. Мекеменің үш бөлімшесі бар: жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі мен мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері және мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған күндізгі келу бөлімшесі.

-Ем алушылардың жалпы санын айтып өтсеңіз?

-Негізінен қызмет алушылардың саны өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 103 зейнеткермен қамтылған.I топтағы мүгедек – 1, II топтағы мүгедектер – 10. Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 98 қызмет алушыға әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

-Мүмкіндігі шектеулі баларға көрсетілетін қызметтер жөнінде айтып берсеңіз және қандай мамандар жұмыс істейді?

-Күндізгі келу бөлімшесіне мүмкіншіліктері шектеулі 15 бала қатысады. Оңалту іс-шаралары бекітілген кестеге сәйкес 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Күніне 2 рет тамақтандыру қарастырылған, кіші топ  үшін екі сағаттық тынығу уақыты және күніне 2 уақыт таза ауада серуендеу қарастырылған. Орталықтағы оңалту іс-шаралары педагог-психолог, дефектолог, еңбек пәні мұғалімі, хореограф, музыкант, уқалау медбикесі, терапевт, педиатр сияқты мамандармен жүргізіледі.

Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған күндізгі келу бөлімшесінің ашылуына байланысты, ата-аналар өздерінің кәсіби істерімен шұғылдануға мүмкіндік алып, отбасының материалдық жағдайын жақсарта алды. Бүгінгі күні аудан бойынша 214 қызмет алушы тіркелген. Қазіргі кезде біздің орталықта өз жұмыстарын мамандықтарына және квалификациялық талаптарына сәйкес орындайтын 75 қызметкер бар, олардың ішінде әлеуметтік қызметкерлер – 42 және қалғандары әр саладағы мамандар.

-Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сұхбатыңызға рахмет!

Жанерке АБЫЛХАН

Read more

ЕҢБЕГІМЕН ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАРҒА ДЕМЕУ БОЛҒАН

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады».

(Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан)

Қазан айы – басынан аяғына дейін кәсіби мерекелерге толы болды. Осы айдың соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні болып белгіленген. Анықтама бойынша, әлеуметтік қызметкер — жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үйде әлеуметтік қызмет көрсететін маман.

Бүгінгі біздің әңгімемізге арқау болып отырған Қабиба Мерекенова өзінің әлеуметтік саладағы қызметін 2001 жылдан бастаған. Осы жылдар ішінде жұмысына ұқыпты, табиғатынан қайырымдылық пен қарапайымдылық қанына сіңген нәзік жан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмегін беріп, жүрек жылуын ұсынудан жалыққан емес.

-Зайсанның қызымын. Негізі мамандығым - бухгалтер. Еңбек жолымды 1983 жылы Қ.Аухадиев атындағы колхозда есепші болып бастадым. Кейіннен осы әлеуметтік салаға үлесімді қосып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан үлкендерге және қарттарға қызмет жасап келемін. Отбасымызда екі ұл өсірдік. Екі немеренің әжесімін. Қарттарға қамқорлық көрсетіп, көмектесудің өзі — үлкен ізгілікті іс. Олар да балалар сияқты күтімді қажет етеді. «Жақсы сөз — жарым ырыс» демей ме? Ең әуелі оң қабақ танытып, жылы сөйлессең, соған мәз болады.. -Олардың жан дүниесін түсінуге, жан жарасын жеңілдетуге сәл де болса үлес қосуға тырысамын. Бір қарағанда үйлерді аралап, әңгіме айтып, серуендеп жүрген сияқты көрінгенімен, дәл осылай қамкөңіл жандардың жанына жігер беруге тырысып бағамын. Әлеуметтік қызметкер болу үшін темірдей төзім, салқын сабыр керек. Әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеу, қысқасы, көпшілік ойлағандай оңай шаруа емес. Бұған үлкен жүрек иесі ғана бара алады, - дейді Қабиба Мерекенова.

Біз де өз тарапымыздан әлеуметтік қызметкерге табысты еңбек пен зор денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз.

Бақыт МҮЛІКОВА

Read more

ПОМОГАТЬ ЛЮДЯМ – БЛАГОРОДНАЯ ПРОФЕССИЯ


В экстренной ситуации, когда нас переполняет страх, одиночество и скорбь, нам неважно, кто будет рядом, важно, чтобы помощь пришла вовремя. Именно к такой категории людей можно отнести социальных работников.

В преддверии праздника – Дня социального работника, мы побывали в «Кокпектинском реабилитационном центре» и попросили руководителя Центра Меруерт Мадинову рассказать о его работе:

- Целью деятельности Реабилитационного центра является поддержка услуг возможности самореализации существенно важных потребностей путем укрепления их здоровья, повышения физической активности, нормализация психического статуса, проведения комплексной реабилитации, оказания квалифицированной помощи, обеспечение их максимальной, полной и своевременной социальной адаптации. Наше учреждение имеет три отделения оказания социальной помощи -  одиноким престарелым и инвалидам;  детям с ограниченными возможностями и лицам старше 18 лет; дневное пребывание для детей с ограниченными возможностями. На данный момент, мы оказываем социальную помощь одиноким престарелым и инвалидам надомным обслуживанием. Нами  охвачено 115 пенсионеров, из них:  2 участника войны, 1 инвалид I группы, 10  инвалидов II группы. В отделении оказания социальной помощи на дому 99  детям с ограниченными возможностями и лицам старше 18 лет оказываются специальные социальные услуги. На сегодняшний день по району 229 получателей услуг.

- Есть ли положительные изменения в жизни и здоровье получателей услуг в процессе реабилитации?

- В период образования  «Кокпектинского реабилитационного центра», в жизни получателей  его услуг заметны продвижения в лучшую сторону. Дети становятся раскованными, начинают жить полноценной жизнью, насколько это возможно.   С помощью социальных работников, воспитателей и специалистов Центра они получают самые необходимые жизненные навыки, занимают свои места в обществе. Доказательством этого является то, что у некоторых детей были замечены улучшения относительно их здоровья, и они сняты с инвалидности. Сейчас они являются полноценными  людьми,  ив состоянии сами принимать решения и, безусловно, у них появился жизненный стимул,  достичь поставленных целей.

Отделение дневного пребывания посещают 15 детей с ограниченными возможностями. Реабилитационные мероприятия ведутся в соответствии с утвержденным расписанием с девяти часов утра и до  шести часов вечера. Предусмотренно 2-х разовое питание, тихий час для младшей группы, а также прогулка на свежем воздухе 2 раза в день. Реабилитационные мероприятия в Центре проводятся специалистами -  педагог-психологом, дефектологом, учителем по трудовому обучению,  хореографом, учителем музыки, воспитателями, массажистом, терапевтом, педиатром.

- Каков штат сотрудников вашего Центра в сфере оказания социальных услуг  в целом по району?

- На данный период в нашем центре трудятся 84 работника, в том числе социальные работники – 42 и остальные специалисты разной сферы, которые выполняют свою работу в соответствие со специальностями и квалификационными требованиями.

- Есть ли проблемы в работе Центра? Какие именно?

- Несмотря на имеющиеся преимущества, в Центре существует несколько проблем, с решением которых можно улучшить развитие детей, имеющих ограничение жизнедеятельности. К числу таких сложностей относятся, например, отсутствие оборудования для тренажерного зала, с приобретением которого у специалистов Центра появится возможность выполнения с детьми лечебно-оздоровительных упражнений. Кроме этого, здание учреждения не оснащено игровой площадкой, в силу чего не удается предоставить полноценный отдых для детей с ограниченными возможностями, укрепления их здоровья во время прогулки на свежем воздухе. Хотелось бы, разнообразить оборудование для музыкального зала, где будут проходить уроки музыки и ритмики. На этих уроках дети учатся слушать музыку, петь, выполнять разнообразные движения, танцевать. С приобретением необходимого оборудования мы сможем помочь детям в преодолении своих комплексов, трудностей, развивать чувство прекрасного, научить быть более раскрепощенными, чувствовать себя полноценными членами общества. Вместе с тем, в учреждении в полной мере не оснащена комната отдыха для детей, отсутствует мягкий уголок.

В настоящее время, следуя тенденциям развития современного мира, хотелось бы приобрести интерактивную доску, которая позволит специалистам Центра в интересной форме предоставить детям учебный материал, проводить уроки с использованием красочно оформленных презентаций, что, в свою очередь, позволит улучшить процесс получения, усвоения и передачи информации.  Вместе с тем, Центру необходима помощь в создании ботанического сада, где получатели услуг получат возможность ухаживать за декоративными растениями.

Чтобы больше узнать об этой уникальной профессии, мы побеседовали с несколькими сотрудниками Центра:

Жан Нурсатпаев работает  инструктором по лечебной физкультуре в реабилитационном центре недавно – всего год, но за это время он сумел зарекомендовать себя, как ответственный, добросовестный сотрудник. Во время нашей встречи Жан проводил лечебные упражнения со своим подопечным Кириллом, и было видно, как заботливо и бережно он общается с ребенком. По образованию Жан учитель физкультуры, окончил высшее учебное заведение города Семей. Родился и вырос  в селе Кокпекты, и поэтому когда получил диплом, решил вернуться в свой район, чтобы быть полезным своим землякам. Решение начать работать именно с детьми-инвалидами он принял самостоятельно, осознанно. – Я всегда хотел помочь детям, которые не могут нормально передвигаться самостоятельно, вынуждены находиться в инвалидных колясках. Для этих ребят хочется сделать все возможное, чтобы поставить их на ноги. И вот поэтому я, не задумываясь, решил, что буду работать именно в Центре. И я рад, что могу помогать тем, кто нуждается в моей помощи.

 А вот Кабиба Мерекенова  уже 13 лет работает в Центре. Вначале работала инспектором социальной помощи на дому, но уже длительное время она - социальный работник отделения оказания социальной помощи  детям и лицам старше 18 лет с ограниченными возможностями. За годы работы в Центре, она зарекомендовала себя, как исполнительный, аккуратный, профессиональный, грамотный работник. Имеет практические навыки, хорошо ориентируется в каждой конкретной ситуации. Владеет всеми медицинскими знаниями. Оказывает первую доврачебную медицинскую помощь, такую как измерение артериального давления, температуры тела, выполнение лечебно-физических упражнений, вызывает врача на дом и сопровождает получателей услуг в больницу. Пациенты  ее уважают, ценят, потому что она выполняет свои функциональные обязанности с большой ответственностью.

Эти люди не стремятся к материальному богатству и процветанию, высокому положению в обществе. Нет. Они стремятся сделать как можно больше добрых дел, прожить эту жизнь не напрасно, им не хочется быть бесполезными для своего общества, села, города и страны в целом. Вот они и устраиваются на низкооплачиваемые работы в детские дома, социальные приюты для стариков, идут ухаживать в больницы за теми людьми, у кого нет близких и родственников. Такие люди опекают малообеспеченные и неблагополучные семьи, помогая собрать детей в школу и вовремя их накормить. Как правило, эта работа совершенно бескорыстна, часто зарплата бывает низкая. Но, тем не менее,  изо дня в день социальные работники идут не зарабатывать, а отдавать. Поистине, это необычная профессия. Ее по всем параметрам можно отнести к тем профессиям, люди которой способны совершать подвиги каждый день. И совершенно справедливо в нашей стране тихо и незаметно для многих, но все же, празднуют День Социального Работника.

Екатерина СКУДАРНОВА

Read more

МОБИЛИЗАЦИЯ ВСЕХ РЕСУРСОВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В пятницу, 17 октября, в селе Подгорное прошел заключительный караван дружбы сельских округов.  В рамках караван должна была состояться осенняя ярмарка по продаже сельскохозяйственной продукции. Но, как таковой, зрелищной и насыщенной  ярмарки, как  было в других округах, не наблюдалось.

Скучающие жители, в основном, пенсионеры, ждали  ярмарку. «Мы хотели бы прикупить морковь, капусту, лук, мясо, если, конечно, нам подвезут»,- ответили  сразу несколько женщин на вопрос, что бы они хотели увидеть на ярмарке.

 Из небольшого ассортимента для покупателей было предложено: 15 пар валенок  от предпринимателя Т.Кусаинова из Преображенки (сельский округ им.Аухадиева), рыбный фарш ТОО «Рыбпром», вещи – осеннего ассортимента (Самарский сельокруг), тушки бройлерных кур  по цене 600тг/кг (Л.Островская, Палатцынский округ), мясо  свинины – по 800 тг/кг, 10 мешков пшеницы (КХ «Батраков»), помидоры пенсионерки Т.Кондартенко, Палатцынский сельокруг). Вот и всё, чем могли довольствоваться подгорненцы. Молодое свиное мясо вмиг разобрали покупатели, многим не досталось, упитанные тушки кур также не залежались на лотках продавцов.

Мы поинтересовались у руководителя отдела предпринимательства Н.Алиясова и заместителя руководителя  отдела  сельского хозяйства Ж.Бауедимова,   почему такой скудный ассортимент ярмарки,  и какая ещё продукция будет подвезена. По  их словам, всем акимам  сельских округов была доведена разнарядка по ассортименту  разнообразной продукции животного  и растительного происхождения на ярмарку.

Акимы же Бастаушинского, Беленского, Кокпектинского  сельских округов убеждали нас в том, что ожидается подвоз живых овец, овощей предпринимателя М.Турсын, распродажа шашлыка. Но до окончания каравана,  обещанные  товары, так и не появились.

Аппараты акимов Миролюбовского, Палатцынского и Сарыбелского округов раскинули две юрты, накрыли щедрый дастархан, угощали праздничным обедом ветеранов труда и гостей.

Красочный концерт, подготовленный учащимися и учителями  Ново-Тимофеевской, Подгорненской, Палатцынской, Миролюбовской и Каракольской школ, работниками районного и Самарского Домов культуры украсили праздничный караван. Жителям очень понравился  зрелищный концерт, который, они очень давно не видели у себя, в селе. В фойе школы были выставлены различные поделки, рисунки ребят на тему войны, Победы.

С поздравительной речью к собравшимся обратился аким района Д.М.Мусин, который подчеркнул традиционность   праздничных встреч, культурных мероприятий  во время проведения каравана, которые  служат единению, дружбе, взаимопониманию.

- Наша  главная цель – мобилизоваться в канун празднования 70-летия Победы,  сделать все для открытия Мемориала в вашем селе, -  подчеркнул Дуйсенгазы Магауянович. – А самое главное, как неустанно повторяет Президент страны Н.А.Назарбаев, мир, дружба, межконфессиональное согласие, толерантность зависит от каждого из нас. В подготовке к юбилейной дате Великой Победы должен принять участие каждый человек, и особая роль в этом деле отводится жителям Палатцынского сельского округа.

После торжественной части каравана, в школе прошли уроки мужества, классные часы, с участием участника ветерана Великой Отечественной войны из села Сарыбеля П.Балахонова, который рассказал о боевых и трудовых буднях своей жизни.

В этот же день прием  пациентов вели терапевт З.Калкашева, педиатр А.Жиенбекова «Межрайонной больницы Кокпектинского района». Ожидающих  очереди  сельчан было немало, и многие сетовали на то, что давно не стали ходить маршрутные  автобусы от села Самарского до  Каракола. «Мы не можем иной раз съездить в больницу, у нас нет аптеки,  нет простых элементарных  лекарств, как нам быть?»,- возмущенно высказывали свои проблемы ветераны села.

Музей Подгорненской основной школы постепенно пополняется новыми экспонатами и материалами на тему войны, об её участниках и тружениках тыла. Например,   здесь имеется бинокль, фуражка  воинов - фронтовиков И.М.Яроцкого,  солдатская фляшка И.Виноградова, портсигар Н.Фонова.

 По воспоминаниям подгорненца Коблана Камзина, самая дорогая и  памятная встреча  с Героем Советского Союза Иваном Михайловичем Яроцким у него осталась на всю жизнь.

- В 1967 году я заканчивал первый класс и дорогим гостем у нас в школе был Иван Михайлович Яроцкий, которого приняли в почетные пионеры,  и мне доверили завязать ему пионерский галстук. Здесь проживал его двоюродный брат Анатолий Васильевич Яроцкий с супругой, которые рассказывали много хорошего и интересного о Иване Михайловиче.  Бывший фронтовик, засучив рукава, мог помочь вскопать картошку в огороде, хорошо играл на гармошке, пел песни. В нашем селе происходит много   положительных перемен, благодаря поддержке  акима района Д.М.Мусина. Мы с честью и достоинством должны чтить память наших земляков, отдавших жизнь за Родину и тех, кто затем вернулся с поля боя и трудился в мирное время. Мы будем и дальше оказывать свою помощь и вносить вклад по достойной встрече 70-летия Великой Победы.

Канат АПСАДЫКОВА 

Read more

СЛУЖБА НЕРАВНОДУШНЫХ СЕРДЕЦ

В этот день, проходящий под знаком доброты,  мы чествуем представителей благороднейшей профессии, которые не на словах, а на деле демонстрируют лучшие качества души  человека - бескорыстие, милосердие, самоотдачу. 
Здесь не может быть случайных людей, это - труд по призванию. Он по плечу только избранным, тем, кто целиком отдает себя заботе о других. Несомненно, социальный работник - не просто профессия, это, скорее, образ жизни, состояние души.

Каждый день сотрудники социальной службы с теми, кто нуждается в их поддержке, человеческом внимании и помощи – пенсионерами, инвалидами,  молодыми мамами, ветеранами войны и труда. Это тяжелая работа, которая требует полной самоотдачи, искреннего сострадания, чуткости и терпения.

В этот праздничный день искреннее желаем вам крепкого здоровья, счастья, благополучия и новых успехов в нелегкой, но нужной работе! Пусть ваш благородный труд приносит удовлетворение и заслуженное уважение тех, кому вы отдаете свое душевное тепло. С праздником вас, друзья!


Д.Мусин, аким района,

Р.Беспаев, секретарь раймаслихата

Read more

«Алтын алқа», «Күміс алқа».

21 октября аким района  в торжественной обстановке вручил многодетным матерям подвески «Алтын алқа», «Күміс алқа».

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз