Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді. «Әлеуметтік қызметкерлер дегеніміз кімдер?» - деген сауалға жауап беретін болсақ, біз көшеден мүмкіндігі шектеулі немесе көмекке зәру адамды көрсек оларға аянышпен қараймыз. Ал әлеуметтік қызметкер сол жандармен бірге біте қайнасып өмір сүреді. Олардың өміріне етене араласып, жалғызбасты қарияларға, І, ІІ топ мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жүйке жүйесі дертіне шалдыққан жандарға көмек көрсетеді. Әлеуметтік қызмет көрсету қоғам талабы.

Осы мерекеге орай Көкпекті аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Меруерт Назарқызы Мадиновамен тілдесіп қайттық.

- Меруерт Назарқызы, жалпы мекеме қандай бөлімшелерден тұрады?

-Көкпекті аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының барлық жұмысы ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына және Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Орталықтың мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер қызмет алушылармен жұмысты орталықтың басшылығы бекіткен жұмыс жоспары мен кестеге сәйкес жүргізеді. Мекеменің үш бөлімшесі бар: жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі мен мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері және мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған күндізгі келу бөлімшесі.

-Ем алушылардың жалпы санын айтып өтсеңіз?

-Негізінен қызмет алушылардың саны өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 103 зейнеткермен қамтылған.I топтағы мүгедек – 1, II топтағы мүгедектер – 10. Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 98 қызмет алушыға әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

-Мүмкіндігі шектеулі баларға көрсетілетін қызметтер жөнінде айтып берсеңіз және қандай мамандар жұмыс істейді?

-Күндізгі келу бөлімшесіне мүмкіншіліктері шектеулі 15 бала қатысады. Оңалту іс-шаралары бекітілген кестеге сәйкес 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Күніне 2 рет тамақтандыру қарастырылған, кіші топ  үшін екі сағаттық тынығу уақыты және күніне 2 уақыт таза ауада серуендеу қарастырылған. Орталықтағы оңалту іс-шаралары педагог-психолог, дефектолог, еңбек пәні мұғалімі, хореограф, музыкант, уқалау медбикесі, терапевт, педиатр сияқты мамандармен жүргізіледі.

Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған күндізгі келу бөлімшесінің ашылуына байланысты, ата-аналар өздерінің кәсіби істерімен шұғылдануға мүмкіндік алып, отбасының материалдық жағдайын жақсарта алды. Бүгінгі күні аудан бойынша 214 қызмет алушы тіркелген. Қазіргі кезде біздің орталықта өз жұмыстарын мамандықтарына және квалификациялық талаптарына сәйкес орындайтын 75 қызметкер бар, олардың ішінде әлеуметтік қызметкерлер – 42 және қалғандары әр саладағы мамандар.

-Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сұхбатыңызға рахмет!

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз