27 августа текущего года в общественной приемной районного филиала партии «Нур отан» председатель районной партийной организации Асхат Сайдахметулы Смаилов провел прием граждан по личным вопросам.
В начале заместитель председателя районного филиала партии «Нур Отан» Бакыт Оразгалиева доложила о результатах выполнения ранее обратившихся заявлений граждан. Так, 13 августа 2018 года поступило 8 обращений, из которых 5 решены положительно. В частности, по информации акима Кокпектинского сельского округа, Серик Жунусов принят на работу в качестве охранника. Кайрату Малгаждарову дан удовлетворительный ответ о его запросе по исследованию памятников. Заявления граждан Юсупа Атабаева, Умитбека Оралова, Ирины Губер находятся на контроле у ответственных лиц. Аким района строго напомнил о том, чтобы все заявления и обращения граждан находили решение в той или иной мере, удовлетворять их запросы правильными аргументами, чтобы избежать повторного обращения.
На очередном приеме житель села Талапкер из Кокжайыкского сельского округа Аусан Дубаев пожаловался на потраву пастбищ и зерновых угодий животными индосектора. Решение данной проблемы адресовано специалистам и участковому инспектору округа. Если имеются доказательства потравы определенной плошади, то ему предложено обратиться в суд.
С момента назначения Асхата Сайдахметулы Смаилова акимом в наш район прошло 100 дней. «Что сделано в течение трех месяцев, что предстоит сделать, какие действия будут предприняты? Что было выявлено им за прошедший короткий период, какова ситуация на сегодняшний день?», - возможно, такие вопросы возникают у наших жителей. Чтобы получить на них ответы, мы побывали на приеме у акима района.
Наурыз-маусым аралығында мектеп және колледж оқушылары арасында Өскемен қаласында облыстық ІХ жазғы Спартакиада өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларынан он тоғыз команда қатысқан. ІХ таңдаулы облыстық спартакиадасының қорытындысы бойынша 19 ауданның ішінде біздің аудан екінші орынды иеленді. Осымен тоғызыншы рет жалауын көтерген спартакиадада футбол, волейбол, президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, жағажай волейболы, баскетбол және спорттық бағдарлау түрлерінен өтті.
Облыс орталығында тоғызыншы мәрте өтіп отырған спорт бәсекесі келешек ұрпақты салауаттылыққа, жасөспірімдер мен жастарды спортқа баулуға тәрбиелейтін және бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы маңызды шара. Осы спартакиадада Көкпекті ауданының құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Тоғыз жыл бойы өткен осы жарыстардан біздің команда алғаш рет осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Ауданның спорттық құрамасына кірген балалар, іріктеуден өтіп, спартакиада бойы табанды жаттығулар жүргізді. Көкпекті ауданының команда мүшелерінің жалпы саны тоқсан адамды құрады. Ал спорт бәсекелеріне келер болсақ, спорттың қай түрі де тартысқа толы өтті. Футбол бойынша жарыста біздің жігіттер төртінші орынды иеленді. Волейбол ойынында командалар арасында ерлер командасы бірінші, қыздар-екінші орын. Президенттік көпсайыста жігіттер төртінші нәтиже көрсетті, ал қыздар 7 орынды алды. Жеңіл атлетика бойынша сайыста біздің команда екінші орынға ие болды. Айта кету керек, спартакиада аясында мұндай нәтиже осы спорт түрі бойынша алғаш рет көрсетілді. Жағажай волейболы матчтарында ерлер командасы керемет шеберлік көрсеттіп, барлық қарсыластарын жеңіп бірінші орын тұғырынан көрінді. Ал қыздар командасы спорттың бұл түрінен үшінші орынға қанағаттанды. Баскетболда біздің жігіттердің сәл жолы болмады, ойналған матч қорытындысы бойынша олар тоғызыншы орынға орналасты.
Осы спорттық жетістіктерге жетуде спортшыларды баптап, дайындық жұмыстарын жүргізетін тәлімгерлердің еңбегі орасан зор. Ал келесі жаттықтырушылардың жұмысы өз жемісін берді: Б.Смағұлов (№1 Самар орта мектебі), Б.Растрига, Д.Оспанов және Л.Дегтеренко (Үлкенбөкен мектеп -балабақша кешені), М. Сайлауханұлы (Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі), Н.Смағұлов (М.Әуезов атындағы орта мектеп), Е.Байжұманов (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені), Е. Әміров (Болғанбаев атындағы мектеп-лицей), Б.Рахимов және С.Серікпаев (Көкпекті орта мектебі), Г. Раздықова (Абай атындағы орта мектебі Бастаушы ауылы), М. Токов және Қ.Барбосынов (Амангелді орта мектебі) , С.Жадықпаев (Казнаковка орта мектебі), А.Қайырбеков (Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі), Е.Нұхаев (№ 2 балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебі Самар ауылы), А. Мұралбек (Көкжота орта мектебі), Т. Сейлханов (Преображенка орта мектебі), Ж.Әмірғалиев (Көкжайық орта мектебі).
Спорт әлемінде тәлімгерлер рөлін жете бағаламауға болмайды. Жаттықтырушы спорт-шыға оның әлеуетін толық жүзеге асыруға, өмірлік дағдыларын жақсартуға, сенім табуға, барлық қабілетін толық ашуға, ерік күшін және мінез-құлқын қалыптастыруға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпы халықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың Конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Ол біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының азаттық және өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігі туралы, билік барша халықтың мүддесіне қызмет ететін мемлекет туралы, бүкіл әлемге белгілі әрі құрметтелетін тәуелсіз ел туралы арман¬дарының осы заманғы құқықтық түсініктерін бейнеледі. Қазақстан халқы осыдан 23 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын айқындап, алға қойған мақсаттарына жету жолында жаңа қадам жасап, жаңа Конституцияны қабылдады. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға елеулі өзгерістер енгізілді. Бұл оқиға сол кезде қазақ халқы үшін, біздің мемлекетіміз үшін үлкен қуанышты жағдай болды. Өйткені, Кеңес Одағының құрамында жүргенде біздің Республикамыздың Конституциясы Одақтық Конституцияның сарынымен жасалып, сол арқылы жұмыс істейтін.
Үлкенбөкен ауылдық округінде шаруа қожалықтары егіс алқаптарынан күздік бидай жинап жатыр. Бидай өнімі 215 тонна жиналса, арпа өнімдері 200 тонна жиналған. Кейбір шаруа қожалықтары егіндерін әлі де шабуда. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан шөп тасу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Дайындалатын жем – шөп шаруалардың үлкен еңбегінің арқасында келетіні анық.
Әрбір минут алтынға парапар, сондықтан уақыттарын тиімді пайдалану шаруа қожалықтардың бүгінгі күні басты міндеті,алдағы уақытта күнбағыс дақылдарын жинау жұмыстары күтіп тұр.
Үлкенбөкен ауылдық округінің ақпараты
«Әр iстiң өз iргетасы бар» дегендей, әр жаңа оқу жылының өз жоспар-жобасы болуы заңдылық. Осыған орай жыл сайын дәстүрге айналған тамыз кеңесі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы – адами капитал» тақырыбында 23 тамыз күні Самар ауылдық округінің Мәдениет үйінде өтті. Бұл кезекті жиынға аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов, аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов, ауданымыздағы ауыл мектептерінің директорлары мен ұстаздары, ардагер ұстаздар қатысты.
Ағымдағы жылдың 27 тамызы күні «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасы Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдауы жүргізілді.
Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов, аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, барлық мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудан ардагерлері, жас-тар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы әкелініп, еліміздің Әнұраны орындалды.
Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың ауданымызға әкім болып тағайындалғанына 100 күн өтті. «Үш айдың жүзінде не атқарылды, қандай шаруа жоспарланбақ, нендей іс-шаралар жүзеге аспақ. Осы өткен қысқа мерзімде әкім нені анықтады, қандай жағдайды бажайлады, болашаққа нені меңзеп барады» - деген сауал, елім-жерім деген әрбір азаматтың көкейінде, әр азаматшаның жүрегінде болар деп сенеміз. Бізде осы сұрағымызбен Көкпекті ауданы әкімінің қабылдауында болған едік.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Қыркүйек 2018 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |