Наурыз-маусым аралығында мектеп және колледж оқушылары арасында Өскемен қаласында облыстық ІХ жазғы Спартакиада өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларынан он тоғыз команда қатысқан. ІХ таңдаулы облыстық спартакиадасының қорытындысы бойынша 19 ауданның ішінде біздің аудан екінші орынды иеленді. Осымен тоғызыншы рет жалауын көтерген спартакиадада футбол, волейбол, президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, жағажай волейболы, баскетбол және спорттық бағдарлау түрлерінен өтті.
Облыс орталығында тоғызыншы мәрте өтіп отырған спорт бәсекесі келешек ұрпақты салауаттылыққа, жасөспірімдер мен жастарды спортқа баулуға тәрбиелейтін және бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы маңызды шара. Осы спартакиадада Көкпекті ауданының құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Тоғыз жыл бойы өткен осы жарыстардан біздің команда алғаш рет осындай жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Ауданның спорттық құрамасына кірген балалар, іріктеуден өтіп, спартакиада бойы табанды жаттығулар жүргізді. Көкпекті ауданының команда мүшелерінің жалпы саны тоқсан адамды құрады. Ал спорт бәсекелеріне келер болсақ, спорттың қай түрі де тартысқа толы өтті. Футбол бойынша жарыста біздің жігіттер төртінші орынды иеленді. Волейбол ойынында командалар арасында ерлер командасы бірінші, қыздар-екінші орын. Президенттік көпсайыста жігіттер төртінші нәтиже көрсетті, ал қыздар 7 орынды алды. Жеңіл атлетика бойынша сайыста біздің команда екінші орынға ие болды. Айта кету керек, спартакиада аясында мұндай нәтиже осы спорт түрі бойынша алғаш рет көрсетілді. Жағажай волейболы матчтарында ерлер командасы керемет шеберлік көрсеттіп, барлық қарсыластарын жеңіп бірінші орын тұғырынан көрінді. Ал қыздар командасы спорттың бұл түрінен үшінші орынға қанағаттанды. Баскетболда біздің жігіттердің сәл жолы болмады, ойналған матч қорытындысы бойынша олар тоғызыншы орынға орналасты.
Осы спорттық жетістіктерге жетуде спортшыларды баптап, дайындық жұмыстарын жүргізетін тәлімгерлердің еңбегі орасан зор. Ал келесі жаттықтырушылардың жұмысы өз жемісін берді: Б.Смағұлов (№1 Самар орта мектебі), Б.Растрига, Д.Оспанов және Л.Дегтеренко (Үлкенбөкен мектеп -балабақша кешені), М. Сайлауханұлы (Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі), Н.Смағұлов (М.Әуезов атындағы орта мектеп), Е.Байжұманов (Абай атындағы мектеп-балабақша кешені), Е. Әміров (Болғанбаев атындағы мектеп-лицей), Б.Рахимов және С.Серікпаев (Көкпекті орта мектебі), Г. Раздықова (Абай атындағы орта мектебі Бастаушы ауылы), М. Токов және Қ.Барбосынов (Амангелді орта мектебі) , С.Жадықпаев (Казнаковка орта мектебі), А.Қайырбеков (Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі), Е.Нұхаев (№ 2 балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебі Самар ауылы), А. Мұралбек (Көкжота орта мектебі), Т. Сейлханов (Преображенка орта мектебі), Ж.Әмірғалиев (Көкжайық орта мектебі).
Спорт әлемінде тәлімгерлер рөлін жете бағаламауға болмайды. Жаттықтырушы спорт-шыға оның әлеуетін толық жүзеге асыруға, өмірлік дағдыларын жақсартуға, сенім табуға, барлық қабілетін толық ашуға, ерік күшін және мінез-құлқын қалыптастыруға көмектеседі.
Енді әр түрлі спорт бағыттары бойынша аудан намысын қорғаған команда құрамына егжей-тегжейлі тоқталайық.
Сәуір айының 20-25 аралығында спартакиада аясында ала допты алақан-дарында иірген волейболшылар арасында жарыстар өтті. Қыздар командасына С. Сембинова, А.Жусанбаева, А.Полякова, К.Дюсюпова, Я. Кирьянова, А.Жамсанова, А. Әділхат, А.Таурбекова, А. Қанапьянова, Е.Мұқанова, А. Исеновалар кірді. Ұлдар командасына Т.Дәуленов, М. Хоу-Цзон-Лин, Е.Камалиев, А.Жақсылық, Н.Құсайынов, Д.Жадышев, Ж.Сатыбалдин, А.Сахариев, Д.Кенесов, Е.Мұхтаржанов, И. Абылайханов, Е.Елтаев, К.Қалымбеков.
Ал 10 маусымнан 16 маусымға дейін футбол жарысы ұйымдастырылды. Біздің ерлер құрама командасын Т. Маулышәріпов, Е. Батыров, Т.Серіков, А. Таныспаев, Д. Мырзахметов, Т.Мағауянов, Е. Байсеитов, Т. Алтынбеков, Е. Төкенов, А. Рамазанов, Д. Оралбеков, С. Әмірханұлы, Д. Солтанбеков, Е. Чедеринов таныстырды.
Сәуірдің 24 мен 27 аралығында президенттік көпсайыс бойынша жарыс өтті. Спорттың бұл түрі бойынша Д. Ахмадиева, К. Куаныш, Н. Кұсаинов, С. Смағұлов, Н. Болатханов, М. Ибраев, Д. Дүкімбекова, А.Қасымбековалар қатысты.
17 және 21 мамыр аралығында жағажай волейболы бойынша өткен жарыста біздің келесі спортшыларымыз: Д. Кенесов, Т. Дәуленов, М. Хоу-Цзон-Лин, С. Сембинова, А. Исенова, К. Дюсюпова қатысты
Ерлер мен әйелдер бақ сынаған тағы да бір командалық спорт түрі баскетбол. Қызықты да тартысты өткен баскетболшылар бәсекесінде А. Оралбеков, Д. Кайырханов, О. Жұмабеков, Е. Слямбеков, Е. Апсалямов, К. Домбаев, А. Ибраимов, Ж. Сатыбалдин, Д. Жұмағазин, А. Бурыгин, Е. Кайса, А. Шайзатовтар бақ сынады.
Спорт падишасы саналатын жеңіл атлетика сайысында С. Бірлік, А. Қайрат, Ж. Жексенбаева, Е. Жұмабаев, Н. Оспанова, Е. Көбенов, Д. Дүкімбекова, Б. Құдайбергенов, А. Асылханов, А. Сүлейменов, Н. Кузьминых, А. Жұмағазин, Н. Болатқанов, М. Кұмарбеков, Р. Рахметов, Я. Омарова, А. Кизайбаев, Т. Пазылов, А. Сүлейжанов, С. Шарбанов, С. Яцкевич, П. Төлеуғазы, Ж. Ертаева, Е. Бекишева, К. Қалымбеков, С. Тұрсынгалиевалар қатысты.
Осы спорт түрлерінен нәтижелердің ұпай саны бойынша Көкпекті ауданының құрамасы жалпы командалық есепте тек өскемендіктерге есе жіберіп, екінші орынды иеленді. Жүлделі екінші орын үшін командаға кубок берілді. Осы спорттық іс-шараға жауапты аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Біржан Асқарұлы Сарманов қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Жарысқа қатысу үшін іс-сапар шығындары аудандық білім беру бөлімі бюджетінен бөлінген. Спорт саласына көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін жас спортшылардың және Біржан Сармановтың атынан аудандық білім беру бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиноваға алғыс айтамыз.
Байқап отырғанымыздай, спорттың қай түрі болмасын, аудан спортшыларының белсенділігі ерекше. Спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, келешекте одан да үлкен спорттық жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.