Барлық мектептерде күміс қоңырау күмбір қағып, ақ қанат армандарын әлдилеп, ұядан қияға ұшқалы отырған түлектеріне ақжол тіледі. Сан жылдар бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымен қош айтысқан шәкірттер өмірдің сан тарау жолдарымен жарқын болашақ белестеріне ұмтылды. 25 мамыр - ата-аналар үшін қуанышты күн болса, оқушылар үшін қимас балалық шақпен қоштасу, сағыныш сезімін ұялатып, өткенге қайта оралтатын, ертеңгі күнге сенімді серік етіп, үкілеген үмітті арқау ететін күн. Бұл күні аудан бойынша барлық мектептерде соңғы қоңырау үнi сыңғырлап, мектеп түлектері жаңа да жауапты өмiрге аяқ басты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері үлпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған Көкпектінің ұл-қыздары бүгінгі күні ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты. Он бір жыл бойы сыңғырлаған қоңырау үні түлекер үшін ақырғы рет өзінің әсем үнін естіртті.
Толығырақ...21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы мамандарының күні. Олар өздерінің шығар-машылығмен және шебер-ліктерімен адамдардың жүректеріне жол тауып, мереке ұйымдастырады, әсемдік әлеміне жол ашып, Отанымыздың рухани қазынасын молайтады, сақтайды. Мәдениет – қоғамның рухани және ождандық санасының қоз-ғаушы күші, адамдардың қоғамдық және күнделікті өмірінде басшылыққа алатын құндылықтары болып табылады.
Толығырақ...Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағындықовтың аудан әкімі лауазымына тағайындалуының алғашқы аптасында-ақ азаматтарды қабылдауды бастады, ол кесте бойынша Самар ауылында өтті.
Сондықтан да аудан әкімінің қабылдауына кіргендер ең алдымен Рамиль Нығметжанұлын әкім болып тағайындалуымен құттықтап, лауазымды жұмысына табыс тіледі. Қабылдауға келген байырғы ұстаз Әскерхан Қизатов аудан әкіміне Уба санаториіне баруға жолдама алу бойынша мәселесін шешуді өтінді. Бұл мәселе бойынша сауалды аудан әкімі осы қабылдауға қатысып отырған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Оразғалиева жолдады. «Жалпы ауданға «Уба» санаториіне 40 жолдама ғана бөлінеді. Ол жолдаманы аудандағы 18 ауылдық округкетегі зейнеткерлерге бөлуіміз керек. Өтініш берушілер кезекке тұрығызылып, бір жылда барғандарды келесі жылы жібере алмаймыз», - деп жауап берді Бақыт Есімханқызы.
Толығырақ...
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің үкімімен Сағандыков Рамиль Нығметжанұлы 2015 жылдың 12 мамырынан бастап Көкпекті ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Сағандыков Рамиль Нығметжанұлы 1967 жылы 6 наурыз Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1991 жылы Семей зоотехникалық ветеринарлық институтының мал дәрігері, 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетітінің құқықытану мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолы:
06.1984-08.1984 жж – «Шегелек» совхозының №3 фермасының жұмысшысы, 05.1985-05.1987 жж – Кеңес әскері қатарындағы азаматтық борышын өтеу, Владивосток қаласы. 08.1987-06.1991 жж - Семей зоотехникалық – ветеринарлық институтының студенті, 08.1991-07.1994 жж – «Шегелек» совхозының №3 фермасының мал дәрігері, 07.1994-06.1995 жж – «Шегелек» совхозының №3 фермасының меңгерушісі, 06.1995-12. 1997 жж - «Шегелек» АҚ бас мал дәрігері, 12.1997 - 03.1998 жж - «Шегелек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас маман дәрігері, 03.1988-01.2000 жж - «Шегелек LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, 01.200-03.2000 жж - «Шегелек LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының міндетін атқарушысы, 03.2000-06.2010 жж - «Шегелек LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 06.2010-08.2011 - Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі. 2011 жылғы 23 тамыздағы № 174 үкімімен Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың 27 желтоқсанынан бастап облыс әкімі Д.Ахметовтың үкімімен Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы.
2015 жылдың 12 мамырынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің үкімімен, аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан келісімімен Көкпекті ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын көкпектіліктер айрықша атап өтті. Отан қорғаушылар күнінде Подгорное ауылындағы ғаламат шарадан бастау алған мереке бір толастап көрген емес. 8 мамыр күні барлық ауылдық округтерде мерейтойлық жиындар мен жаңартылған ескерткіш, монументтердің ашылу салтанаттары өткізілді. Майданда қаза тапқан жауынгерлер еске алынып, құран оқылып, дұға бағышталды. Мерейтойда мерейі үстем соғыс ардагерлеріне жан-жақты сый-құрмет, қошемет көрсетілді. Соғыс ардагері Нұрмұхамбет Ақшалов Астанадағы республикалық Жеңіс шеруіне қатысу мәртебесіне ие болса, тағы бір жеңімпаз ардагер Елеусіз Қиынбаев облыс басшысының қолынан «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Мерейтойлық шараларды аудан орталығындағы Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты шара түйіндеді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.