Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кез келген мемлекеттің өркениетті тұрғыда дамуы үшін басты алғы шарт – жариялылық, ашықтық. Осы орайда «Көкпекті – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлмира Ордаханова білім беру мекемелерінде болып, әлеуметтік санаттағы оқушылардың қамсыздандыру барысымен танысты.

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қазан айына арналған жобалық тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Көкпекті - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г.Ордаханова әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамсыздандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Көкпекті ауданы бойынша білім беретін 37 мектеп бар. Білім беру ошақтары бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан 434 бала білім алады. Көпбалалы отбасынан 505 бала.
«Мектепке жол – 2021» республикалық қайырымдылық акциясы аясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кеңсе тауарларымен 342, аяқ-киіммен 1161, киіммен 160, оқу формасымен 1141, азық-түлікпен 120 оқушы қамтылған.
Көкпекті ауданы бойынша инклюзивті оқытудағы балалардың жалпы саны 119. Инклюзивті оқытуда 25 бала компьютермен қамтамасыз етілсе, 25 бала интернет желісіне қосылған.
Мониторинг жүргізу барысында «Көкпекті – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г. Ордаханова Үлкенбөкен ауылындағы мектеп-балабақша кешенінде және Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде болды.
Әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамтамасыз ету жұмыстары толығымен жүргізілді.

«Көкпекті – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі

Су – тіршіліктің қайнар көзі. Онсыз адам баласының да, ешқандай тіршілік иелерінің де өмір сүруі мүмкін емес. Күнделікті қолданып жүрген суымыз қарапайым әрі аса қажетсіз болып көрінуі мүмкін, дегенмен оның да сұрауы бар. Қазіргі заман талабына сай, ешбір адам өз үйін таза ауыз сусыз елестете алмайды.
Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ жылдар бойы шешілмей келді. Сондықтан, бұл бірінші кезектегі міндеттер пен сұраныстардың біріне айналды. Қазіргі уақытта осы мәселе аясында жұмыстар атқарылып, біртіндеп шешілуде.
2019 жылдың көктемінен бастап таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген ауданның елді мекендерінде, сондай - ақ Көкпекті мен Самар ауылдарында жаңа магистральдық желілерді тарту бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды басталды. Бұл міндет толық шешілгенше аудан әкімшілігінің бақылауында болады.

Толығырақ...

Көкпекті ауданында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Маңызды мәселе аудан әкімі Раджан Сейтқановтың жіті бақылауында. Аудандық әкімдікте 9 тамыз күні өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте дайындық жұмыстары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, аппараттық кеңестің күн тәртібінде «Бақытты отбасы» жеңілдікті ипотекалық несие беру бағдарламасы аясында ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру, «ASHYQ» қосымшасын қолданатын және орнатуға дайын кәсіпкерлік нысандары туралы ақпарат қаралды.
Қысқы жылыту маусымына дайындық еш уақытта өзектілігін жоғалтпайтын мәселенің бірі екендігі даусыз. Оған дайындық жұмыстары көктем, жаз айларынан басталып кететіні де сондықтан. Аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов әлеуметтік нысандардың 2021 - 2022 жылдарға жылу беру маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берді.
- Білім беру саласы бойынша алдағы жылу беру маусымана 41 нысанды дайындау қажет. Олардың қатарында қатты отын пайдаланатын 18 мектеп пен 2 балабақша, дизель отынымен 2 мектеп және электр жылуымен қамтылатын 17 мектеп пен 2 балабақша бар. Облыстық бюджеттен Көкпекті ауданындағы білім беру мекемелерінің қазандықтарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 99579,0 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 12 мектеп пен 1 балабақшада конкурс өткізіліп, мердігерлер анықталды. Тек қана Көкпекті орта мектебі бойынша конкурстық өтінімдерді қарау жүргізілу үстінде. Қазандықтарды жөндеу барысы қатаң бақылауда, - дейді аудан әкімінің орынбасары.

Толығырақ...

Көкпекті ауданында тұратын көзі тірі жалғыс соғыс ардагері Елеусіз Қинбаев қоғамдық өмірден шет қалмауда. Бүгінде 96 жастағы жеңімпаз жауынгер 25 шілде күні өткен ауыл әкімдерін сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы мәліметті Көкпекті аудандық әкімдігіне қарасты «Tolagainews» ақпараттық порталы сайлау күні жария етті.ф Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Көкпекті ауданының 3 ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өткізілді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ауыл әкімдерінің тікелей халық сайлауы бірінші рет өткізіліп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы бастаманы өткен жылғы ел халқына Жолдауында жария еткен болатын. Бір жыл ішінде бұл бастама жүзеге асырылды. "Әкімдер - әрбір елді мекендегі биліктің тікелей өкілдері. Жұртшылық әкімдердің қызметін негізге ала отырып, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан тиімді мемлекет пен Әділ қоғамның талаптарына жауап беретін алдағы сайлауды дұрыс ұйымдастыру өте маңызды", - деді Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөніндегі кеңесте.

Толығырақ...

Ауыл халқы үшін аса маңызды болып отырған таза ауыз су мәселесі соңғы жылдары Көкпекті ауданында оңтайлы шешімін тауып келеді. «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарлама аясында бүгінгі күні Көкпекті ауданының 11 елді мекенінде су құбыры желілерінің құрылысы жүзеге асырылуда.
Аудан әкімі Раджан Сейтқанов әрбір жобаның жүзеге асырылу барысын үнемі жіті бақылауда ұстауда. Тағы бір ерекшелігі аудан басшысының тапсырмасы бойынша су құбыры тартылып жатқан әрбір ауылда жергілікті тұрғындар жұмыс сапасын қадағалап отыруы үшін халықтық бақылау топтары құрылған.
Халық көп шоғырланған Үлкенбөкен ауылында тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Көкпекті ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Ордахановпен бірге жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, жұмыс қарқынын көзімізбен көріп қайттық.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз