Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Көкпекті ауданының жастар ресурстық орталығы «Біртұтас отбасында» атты тақырыпта сурет байқауын өткізді. Аталмыш байқауға ауданның барлық ауылдық округтерінің жастары қатысты.
Көкпекті ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Әлижан Артықбаевтың айтуынша, бұл іс-шараның негізгі мақсаты балаларды ел мен қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға баулу, өскелең ұрпақ арасында адамгершілікке, руханиятқа, төзімділікке, патриотизмге тәрбиелеу болып табылады. Бұл іс-шараға ауданның белсенді жастары өздерінің төл туындыларын қылқалам арқылы бейнелеп, өз өнерлерін көрсетті.


Жеңімпазды таңдау оңай болған жоқ. Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар жеңіске лайық болды. Арнайы құрылған әділқазылар алқасының мүшелері кеңесіп, сурет байқауының қорытындысын шығарды.
Нәтижесінде бас жүлдені Елназ Бақытбекова (Құлынжон ауылы), І орынды Жанерке Орал (Көкпекті ауылы), ІІ орынды Құралай Бақыт (Құлынжон ауылы), ІІІ орынды Шырын Оразалина (Үлгілімалшы ауылы) жеңіп алды.
Байқау ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға үлкен алғыстарын білдіріп, алдағы барлық бастамаларына сәттілік тілейді!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз